Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


«Қордай шамшырағына» жазылыңыздар!

Құрметті оқырман!

«Қордай шамшырағына» жазылыңыздар!

 

2018 жылға «Қордай шамшырағы» газетіне жазылым науқаны басталғанын хабарлаймыз. Әзірге «Қордай шамшырағына» редакциядан жазыла аласыздар. 2018 жылы да «Қазпошта» АҚ аудандық бөлімшесі аудандық газетке жазылым қабылдап, тарату қызметін ұсынатын болады. Бағасы өзгеріссіз: 6 айға  – 1500, 12 айға – 3000 теңге (редакцияда).

Жалпы, таралымның өсуі – туған жерге деген елдік сананың биіктегенін, халқының сауаттанғанын, көзі ашық, көкірегі ояу азаматтардың артқанын, аудан жаңалығынан өзін бөлектемейтін елжанды жерлестеріміздің көбейгенін білдіреді. Ауданның бас басылымының таралымын елдіктің бір өлшемі десек, он мыңдық белестің биігіне  шығу соншалықты қиын да болмас. Сондықтан, 85 жылдан бері аудан жұртының сөзін сөйлеп, мұңын мұңдап, жоғын жоқтап келе жатқан төл газетіміздің өз биігінен биіктей түсуіне үлес қосатын азаматтар қатары көбейе түсеріне, газет бағасы – басылым жанашырларының азаюына себеп болмайтынына сенім білдіреміз.

Ендеше, ешқандай телеарнадан көрсетілмейтін, радиодан хабарланбайтын, өзге басылымдарға шықпайтын, тек төл газетіне жарияланатын аудан жаңалығынан хабарсыз қалмас үшін «Қордай шамшырағына» жазылуды ұмытпаңыздар, құрметті ағайын!

 


Egov