Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


Жер учаскелерін қысқа мерзімдік уақытша өтеулі пайдалану құқығына беру жұмыстары басталады

Хабарландыру

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің  2015 жылғы 27 наурыздағы «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқықтар беру қағидаларын бекіту туралы» №255 бұйрығына сәйкес, Қордай ауылындағы «Солтүстік» және «Шығыс» тұрғын үй массивінде жеке тұрғын-үй құрылысын жүргізуге жер учаскелерін қысқа мерзімдік уақытша өтеулі пайдалану құқығына беру жұмыстары басталады.

Осыған байланысты 2006-2007 жылдары жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін кезекке тұруға өтініш тапсырған азаматтарды Қордай ауылдық округі әкімі аппаратына тікелей жолығуларыңызды сұраймыз. Өздеріңізбен бірге жеке басты куәландыратын құжат болуы тиіс. Мекенжай: Қордай ауылы, Жібек жолы көшесі, №278, №7,9 бөлме. Байланыс телефондары: 8(726)36 2-15-05, 4-33-15.