Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


Қордай ауданы Жамбыл ауылдық округі Жамбыл ауылындағы Ленин көшесін – Жетісу көшесі, 40-лет победы көшесін – Сарыарқа көшесі деп қайта атау туралы.

Қордай ауданына қарасты Жамбыл ауылдық округі  Жамбыл ауылындағы Ленин, 40-лет Победы көшелері тұрғындары және жергілікті қоғамдастық мүшелері жиналысының

№1 ХАТТАМАСЫ

 

Жамбыл ауылы                                                                     08.01.2018 жыл

сағат 10.00

 

Жиналыс төрағасы: Жамбыл а/о әкімі Д.Темир

 

Жиналыс хатшысы: К.Кичкенбаев

 

Жиналысқа қатысқандар:

1)жергілікті қоғамдастық мүшелері -7 адам,

2)Ленин, 40-лет победы көшелерінің тұрғындары -57 адам.

 

 

Күн тәртібінде:

 

Қордай ауданы Жамбыл ауылдық округі Жамбыл ауылындағы Ленин көшесін – Жетісу көшесі, 40-лет победы көшесін – Сарыарқа көшесі деп қайта атау туралы.

        

Тыңдалды: Күн тәртібіндегі мәселе бойынша  Д.Темир, Ш.Амангельдиев, Б.Туякбаев сөз сөйледі.

 

Д.Темир: Жамбыл ауылдық округі әкімі Ленин және 40-лет Победы көшелерінен 57 тұрғын және 7 жергілікті қоғамдастық мүшелері қатысып отыр. Ауылдық округ әкімдігіне көше тұрғындарынан түскен ұсыныста Ленин көшесін – Жетісу көшесі, 40-лет Победы көшесін – Сарыарқа көшесі деп қайта атау қажеттігін сұрап жазылған. Жыл басында облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы тарапынан Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің өңірдегі мағынасы ескірген көшелерді, қайталанатын атауларды тарихи жер-су атауларымен өзгерту туралы тапсырма келіп түскен болатын.

Өздеріңізге белгілі «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы 14-1 бабының 1-тармағы және «Әкімшілік-аумақты

бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысын басшылыққа ала отырып, Сіздердің пікірлеріңіз ескере отырып көше атауы өзгертіледі. Өңірдегі ұлттық ономастика бағытын дамыту мақсатында жаңа атаулар ұлттық тілдік ерекшеліктер, сондай-ақ географиялық, тарихи әлеуметтік жағдайлар ескеріліп барып берілуі тиіс. Осыған орай, көше тұрғындары табиғат ерекшеліктері ескеріле отырып сұрап отырған атауларға байланысты әрқайсыңыз өз ойларыңызды ортаға салыңыздар.

Б.Туяқбаев: Біздің тұрып жатқан көшеміздің Ленин деген атауының қазіргі кезде ешқандай мағынасы жоқ. Көше тұрғындарының ұсынысын қолдай отырып, Жетісу атауын беруді дұрыс деп санаймын. Қазақстан Республикасы егемендігін алғалы бері өзіміздің тарихи байлығымызды көтеру қажет деп санаймын.

Ш.Амангельдиев: Ескірген мағынасы жоқ көше атауларын қазіргі заманға сай етіп атауымыз дұрыс. Ауылымыздың көше атаулары жер-су және тарихи атауларымен байланыстырып атаудың жөні бар және маңызды деп білүіміз қажет. Бұл өзгеріс біздің ауылдың тұрғындары үшін зор қуаныш болды. Елбасының саясатын қолдау мақсатында жаңа атаулардың беріліп отырғандығын  дұрыс деп есептеймін және өз басым қолдаймын.

Д.Темир: Жамбыл ауылдық округі әкімі «Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы  Заңы 14-1 бабының 1 тармағына және «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысына сәйкес тиісті аумақ халқының пікірін ескеру мақсатында ашық дауысқа салды.

Қарсы- жоқ.

Қалыс –жоқ.

Қолдағандар саны -57 адам.

Жиналыс төрағасы ашық дауыс беру қорытындысы бойынша Ленин көшесін – Жетісу көшесі, 40-лет победы көшесін – Сарыарқа көшесі деп қайта атау ұсынысын көше тұрғындары көпшілік дауыспен қолдағандығы туралы жария етті.

Жиынның шешімі:

 

  1. Қордай ауданы Жамбыл ауылдық округі Жамбыл ауылындағы Ленин көшесін – Жетісу көшесі, 40-лет победы көшесін – Сарыарқа көшесі деп қайта аталсын.
  2. Тиісті аумақ халқының пікірін ескерудің қорытындысы бойынша облыс әкімдігі жанындағы онамастика комиссиясы отырысында қарау үшін аудан әкіміне ұсыныс енгізілсін.

 

 

Жиын төрағасы                                                          Д.Темир

Жиын хатшысы                                                 К.Кичкенбаев 


Egov