Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


«100 ЖАҢА ЕСІМ» ЖОБАСЫ БОЙЫНША ОНЛАЙН ДАУЫС БЕРУ БАСТАЛДЫ

Рухани жаңғыру: 100 жаңа есім

«100 ЖАҢА ЕСІМ» ЖОБАСЫ БОЙЫНША ОНЛАЙН ДАУЫС БЕРУ БАСТАЛДЫ

Үмiткерлердің қатарында қордайлық Қайрат Молдасейітов бар

Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру бағытындағы бағдарламалардың бірі – «100 жаңа есім» жобасы. Осы жобаны жүзеге асыру мақсатында еліміздің ақпарат және коммуникациялар министрлігі, Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесе отырып, қатысушыларды іріктеу бойынша ауқымды жұмыс жүргізді. 7 маусым мен 15-қыркүйек  аралығында  өтінімдер елдің түкпір-түкпірінен келіп түсті. Қорытындысында, el.kz порталында 2112 үміткердің тарихы жарияланды. Жұмыс тобы мен сарапшылар ғаламторда дауыс беру үшін 302 адамды таңдап алды. Ендігі кезекте халық өз таңдауын жасап, үш үміткерге дауыс бере алады.

Дауыс беруге ұсынылған 302 үмiткердің қатарында қордайлық Қайрат Молдасейітов бар, ағайын. Сондықтан қордайлықтар белсенділік танытып, өз жерлесіне дауыс беруде аянып қалмайды деп ойлаймыз. Онлайн дауыс беру 10 қараша күнi аяқталады. Дауыс беру барынша жеңiлдетiлген, таңдаған қатысушыны қолдау үшiн 100esim.el.kz сайтында перненi бiр рет басу жеткiлiктi. Дауыс берудiң мобильдi нұсқасы да бар.