Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


Аудан тарихын түгендеуге атсалысайық

Аудан тарихын түгендеуге атсалысайық

Құрметті қордайлықтар!

1928 жылы 17-ші қаңтарда Алматы округінің құрамында шаңырақ көтерген туған жеріміз – Қордай ауданының  құрылғанына 2018 жылы – 90 жыл. Осыған орай, кітап шығару мақсатында Қордай ауданының тарихы туралы мәліметтер мен материалдарды жинақтау жұмыстары басталғанын хабарлаймыз. Егер Сізде аудан тарихына қатысты қандай да бір құжат, фотосурет, видеоматериал, деректер мен мәліметтер болса, «Қордай шамшырағы» газетінің редакциясына тапсыруларыңызды сұраймыз. Түпнұсқасы иесіне қайтарылатын болады. Туған жердің тарихын түгендеуге бір кісідей атсалысыңыз, ағайын!

Қосымша мәліметтер бойынша 2-13-98 телефонына хабарласуыңызға болады.


Egov