Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


БЕТҚАЙНАР АУЫЛЫНДА КӨШЕ АТАУЫН ӨЗГЕРТУ ТУРАЛЫ

Хабарландыру

 

2017 жылғы 17 қараша күні сағат 10:00-де Бетқайнар ауылдық округінің әкімшілік ғимаратында Бетқайнар ауылдық округі Бетқайнар ауылындағы Юбилейная көшесін – Алтыайғыр деп қайта атау бойынша аталған көшенің тұрғындары жергілікті қоғамдастық жиналысына шақырылады.

 

 

Бетқайнар ауылдық округі әкімінің аппараты.

 

 

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің 2017 жылғы 2 наурыздағы тапсырмасы және Бетқайнар ауылдық округі Бетқайнар ауылындағы мағынасы ескірген Юбилейная көшесін – Алтыайғыр деп қайта атау ұсынысы жергілікті жердегі тұрғындар арасында бастама көтерілуде.                 2017 жылы 31 наурызда өткен Қордай ауданы әкімдігі жанындағы ономастика жөніндегі жұмысшы тобының отырысында Бетқайнар ауылындағы мағынасы ескірген Юбилейная көшесін қайта атау туралы мәселе қаралып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысына сәйкес тиісті жұмыстар жүргізу үшін ауылдық округі әкімдеріне хаттамалық тапсырма берілді.

Бетқайнар ауылындағы Юбилейная көшесінде  13 үй, 58 тұрғын тұрады. Көшенің ұзындығы – 700 метр. Көше қазіргі заманға сай абаттандырылған.  Көшенің атауы қай жылдары өзгергендігі туралы аудандық және Шу ауданының мемлекеттік архивтеріне хат жолданған. Архивтерден ешқандай мәліметтер табылған жоқ.

Бетқайнар ауылындағы мағынасы ескірген Юбилейная көшесін – Алтыайғыр деп қайта атауға (көше атауы жазылған (аншлаг) орнатуға) байланысты жұмсалатын қаржылық шығын 32 500 теңге жергілікті бюджет есебінен жұмсалатын болады.

Алтыайғыр көшесі деп – ауылдағы тау бөктерінде көне заманнан аталып келе жатқан төбе бар. Сол төбеде ауыл тұрғындары ақша тігіп, жүлделер қойып ат шаптыратын. Табиғаттың сұлулығымен үйлескен осы таудың келбетіне байланысты көше тұрғындары Юбилейная көшесін Алтыайғыр деп өзгертуді сұрайды.

 

 

Бетқайнар ауылдық округі әкімінің аппараты.


Egov