Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


Жамбыл ауылының көше атауын өзгерту туралы

Хабарландыру

 

2017 жылғы 17 қараша күні сағат 10:00-де Жамбыл ауылдық округінің әкімшілік ғимаратында Жамбыл ауылдық округі Жамбыл ауылындағы Ленин көшесін –Жетісу, 40 лет Победы көшесін – Сарыарқа деп қайта атау бойынша аталған көшелердің тұрғындары жергілікті қоғамдастық жиналысына шақырылады.

 

Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты.

 

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің 2017  жылғы 2 наурыздағы тапсырмасы және 2016 жылғы 21 қарашадағы көше тұрғындарының ұсынысы негізінде Жамбыл ауылдық округі Жамбыл ауылындағы мағынасы ескірген Ленин көшесін -Жетісу, 40 лет Победы көшесін – Сарыарқа деп қайта атау ұсынысы жергілікті жердегі тұрғындар арасында бастама көтерілуде. 2017 жылы 31 наурызда өткен Қордай ауданы әкімдігі жанындағы ономастика жөніндегі жұмысшы тобының отырысында Жамбыл ауылындағы мағынасы ескірген Ленин және 40 лет Победы көшелерін қайта атау туралы мәселе қаралып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысына сәйкес тиісті жұмыстар жүргізу үшін ауылдық округі әкімдеріне хаттамалық тапсырма берілді.

Жамбыл ауылындағы Ленин көшесінде  88 үй, 546 тұрғын тұрады. Көшенің ұзындығы –1300 метр. Көше қазіргі заманға сай абаттандырылған. Ленин көшесінің бойында 1 (бір) стационарлық аурухана, 2 (екі)дүкен, 1 (бір) аптека орналасқан. Ал 40 лет Победы көшесінде 22 үй, 164 тұрғын тұрады. Көшенің ұзындығы 350 метр. Көше қазіргі заманға сай абаттандырылған.

Көшелердің атауы қай жылдары өзгергендігі туралы аудандық,Шу ауданының және Тараз қаласының мемлекеттік архивтеріне хат жолданған. Архивтерден ешқандай мәліметтер табылған жоқ.

Жамбыл ауылындағы мағынасы ескірген Ленин көшесін -Жетісу, 40 лет Победы көшесін – Сарыарқа деп қайта атауға (көше атауы жазылған (аншлаг) орнатуға) байланысты жұмсалатын қаржылық шығын 152 900 мың теңге жергілікті бюджет есебінен жұмсалатын болады.

Жетісу көшесі деп – ауыл тұрғындары қазақ еліміздің оңтүстүгін алып жатқан алып даламыз Жетісу өңірінің сұлу табиғатын, алуан түрлі аңдарға бай даласын мақтан тұтып, көлдері мен өзендерінің ылғалды да нәр беріп тұрған суларына байланысты көше тұрғындары Ленин көшесін  Жетісу деп өзгертуді сұрайды.

Сарыарқа көшесі деп –Қазақ еліміздің сарыарқа даласындай кең пейілді, ақ жарқын, кісімшіл, қонақжай мінезіне байланыстырып ауылдағы өскелең ұрпаққа үлгі болсын деген мақсатпен көше тұрғындары 40 лет Победы көшесін Сарыарқа деп өзгертуді сұрайды.

 

 

Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты.


Egov