Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


Қарасу ауылындағы көше атауын өзгерту туралы

Хабарландыру

 

2017 жылғы 30 қазан күні сағат 15:00-де Қарасу ауылдық округінің әкімшілік ғимаратында Қарасу ауылдық округі Қарасу ауылындағы Чуйская көшесін – Кескентас, Школьная көшесін – Бастау деп қайта атау бойынша аталған көшенің тұрғындары жергілікті қоғамдастық жиналысына шақырылады.

 

Қарасу ауылдық округі әкімінің аппараты.

 

 

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің 2017  жылғы 2 наурыздағы тапсырмасы және 2016 жылғы 01 қарашадағы көше тұрғындарының ұсынысы негізінде Қарасу ауылдық округі Қарасу ауылындағы мағынасы ескірген Чуйская көшесін – Кескентас, Школьная көшесін – Бастау деп қайта атау ұсынысы жергілікті жердегі тұрғындар арасында бастама көтерілуде. 2017 жылы 31 наурызда өткен Қордай ауданы әкімдігі жанындағы ономастика жөніндегі жұмысшы тобының отырысында Қарасу ауылындағы мағынасы ескірген Чуйская көшесін – Кескентас, Школьная көшесін – Бастау деп қайта атау туралы мәселе қаралып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысына сәйкес тиісті жұмыстар жүргізу үшін ауылдық округі әкімдеріне хаттамалық тапсырма берілді.

Қарасу ауылындағы Чуйская көшесінде  174 үй, 610 тұрғын тұрады. Көшенің ұзындығы – 6000 метр. Көше қазіргі заманға сай абаттандырылған. Ал Школьная көшесінде 45 үй, 180 тұрғын тұрады. Көшенің ұзындығы 1000 метр. Көше бойында А.Пушкин атындағы №7 орта мектеп, 1 дәріхана, 2 дүкен орналасқан. Көше қазіргі заманға сай абаттандырылған.

Көшелердің атауы өзгергені туралы Шу ауданының мемлекеттік мұрағатынан 1957 жылғы 25 қыркүйектегі халық депутаттар кеңесінің кезекті сессиясының №4 хаттамасы негізінде бұрынғы атауы Чу – Чуйская көшесі, Кант тұйығы – Школьная көшесі болып ауыстырылған.


Egov