Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


Қордай ауылының көше атауын өзгерту туралы

Хабарландыру

 

2017 жылғы 17 қараша күні сағат 10:00-де Қордай ауылдық округінің әкімшілік ғимаратында Қордай ауылдық округі Қордай ауылындағы Украинская көшесін –Тараз, Спортивная көшесін – Шымбұлақ, 8 марта көшесін – Балдәурен, Заводская көшесін – Ақалатас деп қайта атау бойынша аталған көшелердің тұрғындары жергілікті қоғамдастық жиналысына шақырылады.

 

 

Қордай ауылдық округі әкімінің аппараты.

 

 

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің 2017  жылғы                          2 наурыздағы тапсырмасы және көше тұрғындарының ұсынысы негізінде Қордай ауылдық округі Қордай ауылындағы мағынасы ескірген Украинская көшесін –Тараз, Спортивная көшесін – Шымбұлақ, 8 марта көшесін – Балдәурен, Заводская көшесін – Ақалатас деп қайта атау ұсынысы жергілікті жердегі тұрғындар арасында бастама көтерілуде. 2017 жылы 31 наурызда өткен Қордай ауданы әкімдігі жанындағы ономастика жөніндегі жұмысшы тобының отырысында Степной ауылындағы мағынасы ескірген Украинская, Спортивная, 8 марта, Заводская көшелерін қайта атау туралы мәселе қаралып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысына сәйкес тиісті жұмыстар жүргізу үшін ауылдық округі әкімдеріне хаттамалық тапсырма берілді.

Қордай ауылындағы 8 марта  көшесінде 49 үй бар, тұрғындар саны – 89 адам, көше ұзындығы – 800 метр. Көше қазіргі заманға сай абаттандырылған.

Қордай ауылындағы Заводская  көшесінде 46 үй бар, тұрғындар саны – 50 адам, көше ұзындығы – 800 метр. Көше қазіргі заманға сай абаттандырылған.

Қордай ауылындағы Украинская  көшесінде 74 үй бар, тұрғындар саны – 95 адам, көше ұзындығы – 2100 метр. Көше қазіргі заманға сай абаттандырылған.

Қордай ауылындағы Спортивная  көшесінде 15 үй бар, тұрғындар саны – 22 адам, көше ұзындығы – 400 метр. Көше қазіргі заманға сай абаттандырылған.

Көшелердің атауы қай жылдары өзгергендігі туралы аудандық және Шу ауданының мемлекеттік архивтеріне хат жолданған. Архивтерден ешқандай мәліметтер табылған жоқ.

Қордай ауылындағы мағынасы ескірген 8 марта көшесін – Балдәурен, Украинская көшесін – Тараз, Спортивная көшесін – Шымбұлақ, Заводская көшесін – Ақалатас деп қайта атауға  (көше атауы жазылған (аншлаг) орнатуға) байланысты жұмсалатын қаржылық шығын 368 000 мың теңге жергілікті бюджет есебінен жұмсалатын болады.

Балдәурен көшесі деп – ауыл тұрғандарының өмірі балдай болып, жақсы дәуренде өмір сүрсін деген мақсатпен көше тұрғындары 8 марта көшесін  Балдәурен деп өзгертуді сұрайды.

Ақалатас көшесі деп – жер-су атауларына байланысты, бұрынғы кезде осы жерде ақтас шығаратын үлкен зауыт жұмыс атқарған, сол себепті көше тұрғындары Заводская көшесін Ақалатас деп өзгертуді сұрайды.

Шымбұлақ көшесі деп – Алматы маңындағы Іле Алатауы шатқалының 2510 метр биіктігінде орын тепкен тау-шаңғылық курорты. Халқымыздың дені сау болып, әрдайым мықты болып жүрсін деген мақсатпен көше тұрғындары Спортивная көшесін Шымбұлақ деп өзгертуді сұрайды.

Тараз көшесі деп – Қазақстан Республикасының әсем және де ежелден келе жатқан тарихы мол, көне қалаларының бірі деген мақсатпен көше тұрғындары Украинская көшесін Тараз деп өзгертуді сұрайды.

 

 

Қордайауылдық округі әкімінің аппараты.

 

 


Egov