Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


Масанчи ауылының көше атауын өзгерту туралы

Хабарландыру

 

2017 жылғы 17 қараша күні сағат 10:00-де Масанчи ауылдық округінің әкімшілік ғимаратында Масанчи ауылдық округі Масанчи ауылындағы Советская көшесін – Ақниет деп қайта атау бойынша аталған көше тұрғындары жергілікті қоғамдастық жиналысына шақырылады.

 

Масанчи ауылдық округі әкімінің аппараты.

 

 

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің 2017  жылғы 2 наурыздағы тапсырмасы және 2016 жылғы 13 желтоқсандағы көше тұрғындарының ұсынысы негізінде Масанчи ауылдық округі Масанчи ауылындағы мағынасы ескірген Советская көшесін – Ақниет деп қайта атау ұсынысы жергілікті жердегі тұрғындар арасында бастама көтерілуде. 2017 жылы 31 наурызда өткен Қордай ауданы әкімдігі жанындағы ономастика жөніндегі жұмысшы тобының отырысында Масанчи ауылындағы мағынасы ескірген Советская көшесін қайта атау туралы мәселе қаралып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысына сәйкес тиісті жұмыстар жүргізу үшін ауылдық округі әкімдеріне хаттамалық тапсырма берілді.

Масанчи ауылындағы Советская көшесінде 50 үй, 350 тұрғын тұрады. Көшенің ұзындығы 2500 метр. Көше қазіргі заманға сай абаттандырылған.

Көше атауы қай жылдары өзгергендігі туралы аудандық және Шу ауданының мемлекеттік архивтеріне хат жолданған. Архивтерден ешқандай мәліметтер табылған жоқ.

Масанчи ауылындағы мағынасы ескірген Советская көшесін – Ақниет деп қайта атауға  (көше атауы жазылған (аншлаг) орнатуға) байланысты жұмсалатын қаржылық шығын 100 000 теңге жергілікті бюджет есебінен жұмсалатын болады.

Ақниет көшесі деп – көңілі таза, пейілі ақ, адал адамның мінезіндегі құнды қасиет. Ниет адамның ықылас ынтасын білдіретін психологиялық сипат. Ол адамның мінезімен, ерік-жігер, мақсат-мүддесімен сабақтас. Сондықтан да, көше тұрғындарының мінезі мен ниеттері ақ болсын және оларға деген халықтың құрметі артсын деген мақсатта көшенің атауын «Ақниет» деп қайта атауды сұрайды.

 

 

Масанчи ауылдық округі әкімінің аппараты.

 

 

 


Egov