Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


Сортөбе ауылының көше атауын өзгерту туралы

Хабарландыру

 

2017 жылғы 17 қараша күні сағат 10:00-де Сортөбе ауылындағы №48 орта мектептің ғимаратында Сортөбе ауылдық округі Сортөбе ауылындағы Мира көшесін – Алмалы деп қайта атау бойынша аталған көшенің тұрғындары жергілікті қоғамдастық жиналысына шақырылады.

 

Сортөбе ауылдық округі әкімінің аппараты.

 

 

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің 2017  жылғы                        2 наурыздағы тапсырмасы және 2016 жылғы 10 қазандағы көше тұрғындарының ұсынысы негізінде Сортөбе ауылдық округі Сортөбе ауылындағы мағынасы ескірген Мира көшесін – Алмалы деп қайта атау ұсынысы жергілікті жердегі тұрғындар арасында бастама көтерілуде. 2017 жылы 31 наурызда өткен Қордай ауданы әкімдігі жанындағы ономастика жөніндегі жұмысшы тобының отырысында Сортөбе ауылындағы мағынасы ескірген Мира көшесін – Алмалы деп қайта атау туралы мәселе қаралып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысына сәйкес тиісті жұмыстар жүргізу үшін ауылдық округі әкімдеріне хаттамалық тапсырма берілді.

Сортөбе ауылындағы Мира көшесінде  64 үй, 357 тұрғын тұрады. Көшенің ұзындығы – 850 метр. Көше қазіргі заманға сай абаттандырылған.

Көшенің атауы қай жылдары өзгергендігі туралы аудандық және Шу ауданының мемлекеттік архивтеріне хат жолданған. Архивтерден ешқандай мәліметтер табылған жоқ.

Сортөбе ауылындағы мағынасы ескірген Мира көшесін – Алмалы деп қайта атауға  (көше атауы жазылған (аншлаг) орнатуға) байланысты жұмсалатын қаржылық шығын 102 400 мың теңге жергілікті бюджет есебінен жұмсалатын болады.

Алмалы көшесі деп – көше тұрғындарының бір-біріне сыйластығы мен қарым – қатынастары мейірімге толып, бір шаңырақтың астында тату – тәтті өмір сүрейік, еліміз аман болсын деген ниетпен ауыл тұрғындары бірауыздан шешім қабылдады. «Алмалы» көшесінің мағынасы «Алмалы мекен»  дегенді білдіреді.

 

Сортөбе ауылдық округі әкімінің аппараты.

 


Egov