Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


Степное ауылының көше атауын өзгерту туралы

Хабарландыру

 

2017 жылғы 17 қараша күні сағат 10:00-де Степной ауылдық округінің Степной ауылы Первомайская көшесінің орталық қиылысында Степной ауылдық округі Степной ауылындағы Первомайская көшесін – Саябақ деп қайта атау бойынша аталған көшенің тұрғындары жергілікті қоғамдастық жиналысына шақырылады.

 

Степной ауылдық округі әкімінің аппараты.

 

 

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің 2017 жылғы 2 наурыздағы тапсырмасы және 2016 жылғы 13 желтоқсан көше тұрғындарының ұсынысы негізінде Степной ауылдық округі Степной ауылындағы мағынасы ескірген Первомайская көшесін – Саябақ деп қайта атау ұсынысы жергілікті жердегі тұрғындар арасында бастама көтерілуде. 2017 жылы 31 наурызда өткен Қордай ауданы әкімдігі жанындағы ономастика жөніндегі жұмысшы тобының отырысында Степной ауылындағы мағынасы ескірген Первомайская көшесін қайта атау туралы мәселе қаралып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысына сәйкес тиісті жұмыстар жүргізу үшін ауылдық округі әкімдеріне хаттамалық тапсырма берілді.

Степной ауылындағы Первомайская көшесінде  43 үй, 296 тұрғын тұрады. Көшенің ұзындығы – 900 метр. Көше қазіргі заманға сай абаттандырылған, асфальт төселген, жарықтандыру орнатылған. Көше бойында сая бақ бар, 3 дүкен орналасқан.

Көшенің атауы қай жылдары өзгергендігі туралы аудандық және Шу ауданының мемлекеттік архивтеріне хат жолданған. Архивтерден ешқандай мәліметтер табылған жоқ.

Степной ауылындағы мағынасы ескірген Первомайская көшесін – Саябақ деп қайта атауға(көше атауы жазылған (аншлаг) орнатуға) байланысты жұмсалатын қаржылық шығын 68800 теңге қолма қол бақылау шоты есебінен жұмсалатын болады.

Саябақ көшесі деп –көше бойында орталық саябақ орналасқандығына байланысты көше тұрғындары Первомайская көшесін  Саябақ деп өзгертуді сұрайды.

 

 

Степной ауылдық округі әкімінің аппараты.


Egov