Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


Ауылдық округтерде зейнетақы жүйесіндегі жаңғырту бойынша өткізілген түсініктеме жұмыстары туралы

 

«Ақпараттық Қазақстан-2020» Мемлекеттік бағдарламасы аясында БЖЗҚ мен жергілікті атқарушы орган арасында әріптестік қарым-қатынас орнатып, ұзақ мерзімді, нәтижелі және өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту ұйғарылған-ды. Осыған орай яғни, меморандумға сәйкес ауданда арнайы топ құрылып, олар аудан тұрғындары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қолға алып, бірқатар елдімекендерді аралап шықты. Осы мақсатта өткізілген кездесүлердің бірі Үлкен-Сұлутөр,Алға,Аухаты ауылдық округтарында өтті. Жиын барысында Бірыңғай жинақтық зейнетақы қорының аудандық қызмет көрсету орталығы басшысы Карпишева Эльмира көпшілік білгісі келетіндей, БЖЗҚ қызметі, зейнетақы жинақтары және жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат алу тәсілдері жайына кеңінен тоқталды.

 


Egov