Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


04.10.2017 жыл. Қордай ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

Қордай ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

 Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

            -E-2 санаты бойынша: жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе “А” корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе “А” корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе “А” корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдарының орта басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші офицерлер құрамынан төмен емес немесе әскери атағында кіші офицерлер құрамынан төмен емес Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейдегі, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

Мемлекеттік  әкімшілік  қызметшілердің  лауазымдық  жалақылары

 

Санаты Лауазымдық  жалақысы  қызмет  өткерген  жылдарын  есептегенде
 Тенгеден бастап  Тенгеге дейін
E-2 134917 182388

 

Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің аппараты бос тұрған мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды

 

080400,Қордай ауданы,Қордай ауылы, Төле би көшесі №106 (1 қабат, 4,5 кабинет),

анықтама үшін телефон/факс:8 (72636)2-11-68, 4-30-12 (akimat_k@mail.ru)

 

  1. Қордай ауданы әкімінің аппарат басшысы 1 бірлік Е-2 санаты, (№01-05)

            Функционалдық міндеттері: Аудан әкімі аппаратының, аудандық әкімдіктің жұмысын ұйымдастыруды және кадр саясатының жүргізілуін қамтамасыз ету. Әкімдіктің және әкімнің қарауына енгізілетін жобалар мен актілердің әкімдік Регламентімен белгіленген тәртіппен өтуін және бекітілуін қамтамасыз ету. ҚР Заңдарын, Үкімет Қаулыларын, облыс, аудан әкімідерінің және әкімдіктерінің нормативтік-құқықтық актілерін орындалуын бақылау. Аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің, аудан әкімідігі бөлімдері мен ауылдық округ әкімдерінің  жұмысын үйлестіру. Заңды және жеке тұлғаларды өтініш тілектері мен арыз-шағымдары бойынша қабылдау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі – Білім саласындағы немесе гуманитарлық ғылымдар саласындағы немесе құқық саласындағы немесе өнер саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе жаратылыстану ғылымдары саласындағы немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе ауыл шаруашылық ғылымдары саласындағы немесе қызмет көрсету саласындағы немесе әскери іс және қауіпсіздік саласындағы немесе денсаулық сақтау саласындағы және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) саласындағы немесе ветеринария саласындағы жоғары. Мамандығы – Білім саласындағы (жалпы) немесе гуманитарлық ғылымдар саласындағы (жалпы) немесе құқық саласындағы (жалпы) немесе өнер саласындағы (жалпы) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы (жалпы) немесе жаратылыстану ғылымдары саласындағы (жалпы) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы (жалпы) немесе ауылшаруашылық ғылымдары саласындағы (жалпы) немесе қызмет көрсету саласындағы (жалпы) немесе әскери іс және қауіпсіздік саласындағы (жалпы) немесе денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) саласындағы (жалпы) немесе ветеринария саласындағы (жалпы) немесе әскери іс және қауіпсіздік cаласындағы (жалпы).

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

            Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) “Б” корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінің келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде, жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша орналасқан Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің аппаратына тапсырылуы тиіс.

Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтардың  өздері  қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе “е-қызмет” интегралды ақпараттық жүйесі арқылы тапсырған құжаттары қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе “е-қызмет” интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесуге жіберілгені туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Қордай ауданы, Қордай ауылы, Төле би 106 мекен-жайда орналасқан Қордай ауданы әкімінің аппаратында әңгімелесуден өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
 

Нысан

 

__________________________
(мемлекеттік орган)

 

 

Өтініш

 

 

Мені___________________________________________________________
____________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________
____________________________________________________________________

 

________                                               ____________________________________
(қолы)                                                            (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

 

«___»_______________ 20 __ ж.