Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында айтылған Қазақстанның «100 жаңа есім» жобасына ұсынылып отырған жерлесіміз Қайрат Молдасейітовтың өзінің туған жеріне жасаған жақсылығы ұшан теңіз.

Үлкен жүректі азамат

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында айтылған Қазақстанның «100 жаңа есім» жобасына ұсынылып отырған жерлесіміз Қайрат Молдасейітовтың өзінің туған жеріне жасаған жақсылығы ұшан теңіз.

Қайрат Молдасейітов аз қамтылған және зейнеткер жандарға көмек қолын созуды өзіне парыз деп ұққан жандардың бірі. Мысалы, ауылдағы аз қамтылған 5 отбасына бұзаулы сиыр алып берсе, жалғызбасты зейнеткерлер мен мүгедектерге 50 мың теңгеден жәрдем берген. Ауылдық амбулаторияны жөндеуден өткізуге қомақты қаржы бөліп, сонымен қатар ауылдық әкімшілік ғимаратында мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы бөлме ашып, оны қажетті құрал-жабдықтарымен қамтып, тіпті компьютер мен ойыншықтарына дейін алып бергені өзінше бір әңгіме. 2007 жылдан бастап 2015 жылға дейін Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне ақшалай сыйлықтан өзге теледидар, азық-түлік себеттерін алып беріп отырған. Ол шапағаттан ауған соғысы ардагерлері де құр қалмаған. Жаңа жыл мерекесінен бастап, 8 наурыз, балаларды қорғау күні және мүгедектер күні ауылдастары Қ.Молдасейітовтың сыйлықтарымен қуаныштарын еселеп отырады. Бойында ізгілік қасиеттері мол Қайрат Құсайынұлы 2003 жылдан бастап Ораза айт пен Құрбан айт кездерінде жағдайы төмен 50 отбасына 15 кг ет таратып беріп отырады. Ал 2016 жылы 80 отбасына 5 литр сұйық май, 50 кг ұн, 50 кг қант, 25 кг күріш алып берген. Бүгінгі таңда 5 баланың әкесі өзі оқыған мектебін ешқашан назардан тыс қалдырмаған. Мектептің акт залы қайырымды жерлестерінің арқасында қайта жөндеуден өтіп, шырайы ашыла түскені де бар.«100 жаңа есім» жобасында жерлесіміздің ойып орын алатынына кәміл сенеміз. Себебі мұндай қайырымдылықты үлкен жүректі азаматтар ғана жасайды.

Құрметтті оқырман, «100 жаңа есім» жобасына онлайн түрде 100esim.el.kz сайтында дауыс беру 18 қазанда басталды. Дауыс беру тура бiр ай жалғасады. Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшiн жоба қатысушылары iстеген қызметтерiне қарай 7 санатқа бөлінген. Атап айтсақ, мәдениет, өнер, бiлiм, қоғам, бизнес, медицина, ғылым мен спорт. Әр бөлiмде 30-40 қатысушы жарияланады. Жерлесіміз осылардың ішінде бизнес санатында орналасқан. Жоғарыда көрсетілген сілтеме арқылы дауыс беріп, жерлесіміздің даралануына өз септігімізді тигізейік.


Egov