Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


Құрметті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер!

Хабарландыру

 

Құрметті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер!

Аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі себілген жаздық дақылдардың сақтандыру мерзімінің басталғанын хабарлайды.

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы №533-11 «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Заңының 17 бабы 1 тармағына сәйкес,  мiндеттi сақтандыру шартын жасасу өсiмдiк шаруашылығының өнiмiн өндiрушiлер мен сақтандырушылар үшiн мiндеттi болып табылады. Осы заң талаптарын орындау үшін барлық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер егілген күздік дақылдарды сақтандыру туралы келісім шарт жасау керек.

Жаздық дақылдарды міндетті сақтандыру келісім шартын жасау үшін Жібек Жолы көшесі №251 және «Халық банкі» мекемесінің №10 кабинетіне жолығу керек. Байланыс телефондары: 87717777756,  8(72636) 4-24-73, 8 (72636) 4-23-15, 87012564774.


Egov