Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


Масанчи ауылында Молодежная көшесінің атауын өзгерту туралы

Хабарландыру

Масанчи ауылдық округі Масанчи ауылындағы Молодежная көшесін – Екітас деп қайта атау бойынша аталған көше тұрғындары 2017 жылғы 8 желтоқсан күні сағат 10.00-де Масанчи ауылдық округінің әкімшілік ғимаратында өтетін жергілікті қоғамдастық жиналысына шақырылады.

 

Масанчи ауылдық округі әкімінің аппараты.

 

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің 2017 жылғы 2 наурыздағы тапсырмасы және 2016 жылғы 13 желтоқсандағы көше тұрғындарының ұсынысы негізінде Масанчи ауылдық округі Масанчи ауылындағы мағынасы ескірген Молодежная көшесін – Екітас деп қайта атау ұсынысы жергілікті жердегі тұрғындар арасында бастама ретінде көтерілді. 2017 жылғы 31 наурызда өткен Қордай ауданы әкімдігі жанындағы ономастика жөніндегі жұмысшы тобының отырысында Масанчи ауылындағы мағынасы ескірген Молодежная көшесін – Екітас деп қайта атау туралы мәселе қаралып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысына сәйкес тиісті жұмыстар жүргізу үшін ауылдық округ әкімдеріне хаттамалық тапсырма берілді.

Масанчи ауылындағы Молодежная көшесінде 26 үй, 182 адам тұрады. Көшенің ұзындығы – 1000 метр. Көше қазіргі заман талаптарына сай абаттандырылған. Көшенің атауы қай жылдары өзгергендігі жайында аудандық және Шу аудандық мемлекеттік архивтеріне хат жолданған. Архивтерден ешқандай мәлімет табылған жоқ.

Масанчи ауылындағы мағынасы ескірген Молодежная көшесін – Екітас деп қайта атауға  (көше атауы жазылған (аншлаг) орнатуға) байланысты жұмсалатын қаржылық шығын 50 000 теңге жергілікті бюджет есебінен жұмсалатын болады.

Екітас. Қарақоңыз жармасында орналасқан Масанчи ауылына жақын жерде үлкен екі тас бар, сол жерден су тоқтамай ағып жатады, ол су Қарақоңыз су қоймасына құйылады. Осыған орай ауыл тұрғындары Молодежная көшесінің атауын Екітас деп өзгертуді сұрайды.

 

Масанчи ауылдық округі әкімінің аппараты.

 


Egov