Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


«Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру. Екінші фаза»  Жамбыл облысы Қордай ауданы «Георгиевский магистральный  канал» ирригациялық – дренаждық жүйесі»  жұмыс жобасының  Қоршаған ортаға әсердi бағалау бөліміне қатысты ашық отырыс нысанында  қоғамдық тыңдалымдар хаттамасы

 «Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру. Екінші фаза»  Жамбыл облысы Қордай ауданы «Георгиевский магистральный  канал» ирригациялық – дренаждық жүйесі»  жұмыс жобасының  Қоршаған ортаға әсердi бағалау бөліміне қатысты ашық отырыс нысанында  қоғамдық тыңдалымдар хаттамасы

      Өткізу күні: 3 қазан  2017 жыл

Өткізу орны: Жамбыл облысы  Қордай ауданы  Сарыбұлақ ауылы  Сарыбұлақ ауыл округі мәдениет үйі.

Қоғамдық тыңдалымдар Қордай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімімен  ұйымдастырылды.

Қоғамдық тыңдалымдар өткізу туралы ақпарат жұртшылыққа   www.kordai.zhambyl.kz  ресми сайт арқылы жеткізілді

 Қатысқандар:

  1. – Сарыбұлақ а/о әкіміні аппаратының бас маманы – Садырбаев Б., ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі Су ресурстар комитетінің  Жоба басқару тобынан – қоршаған орта және әлеуметтік сұрақтар бойынша консультант – Байғұлов С.,  техникалық консультант  Бектенов Ғ., SMEC International Pty Ltd компаниясының өкілдері-  Саёд Латиф, Сыдыкова Н.,  жұмыс жобасын әзірлеуші  «Казюжгипроводстройпроект» ЖШС-нің өкілі – Арыстанали Д., Сарыбұлақ а/о  шаруа қожалықтар иелері және ауыл тұрғындары, жалпы саны  -22 адам.

Тыңдалымның күн тәртібі: «Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру. Екінші фаза»  Жамбыл облысы Қордай ауданы «Георгиевcкий магистральный канал» ирригациялық – дренаждық жүйесі»  жұмыс жобасының Қоршаған ортаны қорғау бөлімі және  Қоршаған орта, Әлеуметтік ортаны басқару жоспары.

Сөз сөйлеушілер:

         Садырбаев Б.- Сарыбұлақ а/о әкіміні аппаратының бас маманы:  өткізіп жатқан қоғамдық тыңдаудың маңыздылығын, жасалған   жобаның табиғатты қорғау заңнамаларына сәйкес болуы және де әлеуметтік – экономикалык жағдайды арттыру мақсатында зор үлесін қосады.

Байғұлов С.  –  Су ресурстар комитетінің  Жоба басқару тобының қоршаған орта және әлеуметтік сұрақтар бойынша  консультанты:  Қоршаған ортаны қорғау бөліміне қатысты ашық отырыс нысанындағы қоғамдық тыңдау 2016 жылғы 21 маусымдағы №260 ҚР ҚОҚМ бұйрығына қосымша 2007 жылдың 7 мамырындағы «Қоғамдық тыңдауларды өткізу Ережесін бекіту туралы» №135-ө бұйрығына сәйкес өткізіліп отыр.

ҚР бойынша жалпы аумағы 113 мың га суармалы жерлерде суару жүйелерін  қалпына келтіру жұмыстары қарастырылған, оның ішінде:  ОҚО бойынша -70 мың га, Қызылорда облысы бойынша-15 мың га, Жамбыл облысы бойынша-15 мың га, Алматы облысы бойынша-12 мың га. Бұл жоба Дүниежүзілік банк және ҚР Ауыл шаруашылығы Министірлігі тарапынан қаржыландырылатын болады. Жұмыс жобасы және ҚОҚБ-мен «Казюжгипроводстройпроект» ЖШС-нің,  SMEC International Pty Ltd   өкілдері таныстыратын болады.

Сыдыкова Н. – SMEC International Pty Ltd   өкілі–  жобаның мақсатын және қоршаған ортаны қорғау бөлімімен таныстырып  өтті.

Жамбыл облысында орналасқан Шу трансшекаралық өзен бассейндеріндегі тұратын аграрлық секторы ауыл тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық және экологиялық жағдайын жақсарту, қолданыстағы ирригациялық және дренаждық жүйелерді қалпына келтіру және жетілдіру арқылы аулшаруашылық өнімілігін арттыруға жағдай жасау. Суармалы жерлерді сумен қамтамасыз ету, тұздануы дәрежесін  болдырмау.

Каналдарды қайта құру және қалпына келтіру суармалы массивтерге су беруді арттырады және қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға септігін тигізеді.

Георгиевский  магистарльды каналы  Қордай ауданы Сарыбұлақ а/о қарасты суармалы жерлердің суару көзі  болып табылады.

Георгиевский  магистральды каналы негізгі екі тармақтан тұрады: оң және сол жағалаудағы тармақ.

«Георгиевский магистральды каналы ИДЖ аумағы  -5000га құрайды, ол Қордай ауданы мен  ауылшаруашылық қожалықтарының жерін қамтиды. Георгиевский магистральды каналының негізігі суармалы көзі Шу өзені болып табылады.

Жобалық аймаққа Сарыбұлақ а/о округіне қарасты Сарыбұлақ және Қайнар ауылындағы жүйелер кіреді. Сарыбұлақ -2035 га, Қайнар-2965 га.

Негізгі атқарылатын жұмыстар: жоба бойынша жалпы санағы 50 дана бақылау ұңғымаларын орнату  қарастырылған: оның ішінд -21-і «Сарыбұлақ» жүйесіне,  29-ы Қайнар жүйесіне, каналдардың су арналарын қайта құру және салу; канал жүйелерін қайта құру және қалпына келтіру; суармалы каналдарына және уақытша суару жүйелеріне  су өлшеуіш станцияларын орнату; шаруашылықтағы арналардағы өткелдерді (құбырлы; көпір) қалпына келтіру қайта құру; арналар бойындағы жедел жолды құру.

Жобаның ҚОҚБ-інде  құрылыс және пайдалану кезеңінде атмосфералық ауаға, жер үсті және жер асты су қорларына, жер қорлары және топыраққа тигізетін әсерлері сипатталған.

Құрылыс жұмыстары кезінде құрылыс материалдарын арту-түсіру, жер қазу, канал жүйелерін, арналарын  тазалау, дәнекерлеу, бұрғылау жұмыстары және т.б. жұмыстар жүргізіледі. Құрылыс кезеңінде атмосфералық ауаға жіберілетін шығарындылар ұйымдастырылмаған және қысқа мерзімді сипатта болады.

Жөндеу жұмыстары кезінде түзілетін қалдықтар арнайы алаңшаға жиналып, қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына шығарылады.

Қорытындылай келе, жоспарланып отырған Ирригациялық және дренаждық жүйелерді қайта құру жұмыстары биологиялық  әртүрліліктің төмендеуіне, биосфераның табиғи компоненттерінің өмірлік қасиеттерінің нашарлауына әкеп соқпайды, жергілікті халықтың өмір сүру сапасын нашарлатпайды және шаруашылық қызметтің, ауыл шаруашылығының, жануарлар мен өсімдіктердің басқа түрлеріне зиянын тигізбейді.

 

Саёд Латиф – SMEC International Pty Ltd   өкілі–  жобаның Әлеуметтік ортаны басқару жоспарымен таныстырып  өтті.

 

Қоғамдық өкілдерінің ұсыныстары мен ескерту мәселелері – сұрақтың және жауаптың мазмұндамасы:

 

«Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру. Екінші фаза»  Жамбыл облысы Қордай ауданы «Георгиевский магистральный  канал» ирригациялық – дренаждық жүйесі»  жұмыс жобасының  Қоршаған ортаны қорғау бөліміне ашық қолжетімділік қамтамасыз етілді. Осы жоба құжаттары Қордай  ауданы Сарыбұлақ ауыл округі әкімдігінің ресми сайтына  2017ж. 13 қыркүйекте  қондырылды.  Өткен күнтізбелік жиырма күн  мерзімде жоба бойынша  ұсыныстар мен ескертулер келіп түскен жоқ.

 

Коновалов Д. –  Қордай  аудандық  су шаруашылығы бөлімінің басшысы: Құрылыс кезеңі қанша уақытты алады және құрылыс кезеңінде вегетациялың кезең  ескерілгенба?

Арыстанали Д.–  «Казюжгипроводстройпроект» ЖШС-нің өкілі: Құрылыс кезеңі вегетациялық кезеңмен қоса қамтылған қәзіргі таңда жобалау құжаттары дайындалуда, құрылыс кезеңінің мерзімі анықталуда.

 

Коновалов Д. – Қордай  аудандық  су шаруашылығы бөлімінің басшысы: Жобада Р-30 каналы қамтылғанба, егер де қосылмаған жағдайда  оны жобаға қосу мүмкіндіктер  барма?

Бектенов Ғ.–  Су ресурстар комитетінің  Жоба басқару тобы техникалық консультанты: Р-30 каналы жобаға кірмейді және қарастырылмайды.

 

Ткачук  В. –  «Флокс» ш/қ:  Ирригациялық жүйелерін автоматтандыру қарастырылғанба және болашақта сапасы қандай болмақ?

Бектенов Ғ.– Су ресурстар комитетінің  Жоба басқару тобы техникалық консультанты: Жобада жүйелерду автоматтандыру қарастырылған, автоматтандыру құралдары сертификатталған және тауар сапасы белгелі мердігер компаниялардан алынатын болады.

 

Коновалов Д.  – Қордай  аудандық  су шаруашылығы бөлімінің басшысы: Жұмыс барсының қадағалау сапасы қалай болмақ?

Бектенов Ғ.– Су ресурстар комитетінің  Жоба басқару тобы техникалық консультанты: Құрылыс кезеңі аяқталғанға дейін жұмыс барысы бақылауда болады.

 

Кравцов В. – «Луч»   ш/қ,  Қалпына келтіру жұмыстары кезеңіндегі тауарларың сапасы мен жеткізілуі қалай болмақ?

Бектенов Ғ.– Су ресурстар комитетінің  Жоба басқару тобы техникалық консультанты: Тауарлар сапасы жеке қадағалауда болады, тауарлар мен құрылыс материалдары сертификатталған мердігер компаниялардан жеткізілетін болады.

Байғұлов С.  –  Су ресурстар комитетінің  Жоба басқару тобының қоршаған орта және әлеуметтік сұрақтар бойынша  консультанты:  Дүниежүзілік банк тарапынан да тауар сапасына қадағалау жүргізілетін болады.

 

Талқылау қорытындысы бойынша негізгі тұжырымдар:     

       ««Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру. Екінші фаза»  Жамбыл облысы Қордай ауданы «Георгиевский  магистральный  канал» ирригациялық – дренаждық жүйесі»  жобасының  Қоршаған ортаны қорғау бөлімін және  Қоршаған орта, Әлеуметтік ортаны басқару жоспарын  жалпы түрде мақұлдау.

 

Тыңдалым төрағасы:___________________ Б.Садырбаев

 

Тыңдалым хатшысы:___________________Н.Сыдыкова


Egov