Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


 Масанчи ауылының көшесіне атау беру туралы ауыл тұрғындарының қатысуымен өткен жиынының ХАТТАМАСЫ 

 Масанчи ауылының көшесіне атау беру туралы ауыл тұрғындарының қатысуымен өткен жиынының

ХАТТАМАСЫ 

 Масанчи ауылы                                                                          17.11.2017ж.        

            Ауыл округі әкімі аппаратында               

Жиын төрағасы:И.М.Юбуров -Масанчи ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы.

Хатшысы: З.А.Гудожанов– Масанчи ауылдық округі әкімінің бас маманы.

Қатынасқандар: ауыл ақсақалдары, жергілікті қоғамдастықтың мүшелері, ауыл тұрғындары, әйелдер қоғамы және мешіт имамдары. Барлығы 62 адам.

Күн тәртібінде:

 Масанчи ауылының Советский көшесін Ақниет болып өзгерту туралы.

Тыңдалды: – Ауыл округ әкімінің міндетін атқарушы И.Юбуров жаңа көшенің атауын атап түсіндіріп хабарлама жасады.

Ауыл тұрғындары кеңесінің төрағасы – Д.Х.Двумаров – «Ақниет» – деген атау өте жақсы, көңілі таза, пейілі ақ адал адамның мінезіндегі құнды қасиет деп білдірді.

Ауыл ақсақалдары – С.Чиуров, Б.Джамбудуров, И.Юбуров –  барлығы бірауыздан қолдайтындарын білдірді.

Ауыл ақсақалдары және түрғындар бұл айтылған жаңа көшенің атауын бірауыздан қолдайтындарын білдірді.

        Қабылданған қаулы:

  1. Күн тәртібіндегі мәселе ауыл тұрғындарымен талқыланып, ауылдағы Советский көшесіне Ақниет атауын беруді қолдады және бірауыздан ұйғарылды.

Жиналыс төрағасы:                                         И.Юбуров

Жиналыс хатшысы:                                            З.Гудожанов


Egov