Жамбылская областьКордайский районОфициальный интернет-ресурс акимата района


Сортөбе ауылдық округі Сортөбе ауылындағы Мир көшесінің тұрғындары және жергілікті қоғамдастық мүшелерінің қатысуымен өткен жиынның №11 ХАТТАМАСЫ

Сортөбе ауылдық округі Сортөбе ауылындағы Мир көшесінің тұрғындары және жергілікті қоғамдастық мүшелерінің қатысуымен өткен жиынның

№11 ХАТТАМАСЫ

 Сортөбе ауылы                                                                            17.11.2017 жыл

 Басталуы: сағат 10-00

Өткізілген орны: Сортөбе ауылы, №48-ОМ

Жиын төрағасы:  М.Гаров

Хатшысы: М.Ману

Қатысқандар: көше тұрғындары, жергілікті қоғамдастық мүшелері, мекеме басшылары, мұғалімдер. Барлығы 107 адам.

 Күн тәртібі:

  1. Сортөбе ауылының Мира көшесін Алмалы деп өзгерту туралы.

Тыңдалды: М.Гаров, Сортөбе ауылдық округі әкімінің орынбасары:

Сортөбе ауылындағы Мир көшесінің атауын ауыстыру туралы Қордай ауданы әкімінің ресми сайтында және аудандық «Қордай шамшырағы» газетінің 18.10.2017 жылғы хабарландыру жарияланғандығы жөнінде, Сортөбе ауылы бойынша мағынасы ескірген көше атын өзгерту мақсатында жыл бойы өткізілген жиналыстарда бұл мәселе талай талқыланып, тұрғындардың ұсыныстары жинақталғандығы, сол ұсыныстар бойынша келісім Қордай ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінен алынды және Мир  көшесін – Алмалы көшесі деп аталуын жергілікті тұрғындар ұсынып отырғанын баяндады.

Сөйлеген: А.Банлоу, №48 ОМ  директоры, жергілікті қоғамдастық  мүшесі:

Алмалы көшесі деп көше тұрғындарының бір біріне деген сыйластығы мен қарым-қатынасы мейірімге толы болып, бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүрсін, еліміз аман болсын деген ниетпен ауыл тұрғындары бірауыздан шешім қабылдады. Алмалы көшесінің мағынасы «Алмалы мекен» дегенді білдіреді.

Сөйлегендер: К.Хиймамов, Д.Хигу көше тұрғындары:

Біз айтылған атауларды қолдаймыз. Бұл көшенің ескі атауы уақыт талабына сай қайта аталуы керек. «Алмалы» жақсы койылған атау.

Жиынның шешімі:

  1. Сортөбе ауылдық округі, Сортөбе ауылындағы Мир көшесін Алмалы деп қайта атауды қатысушылар қолдап, бірауыздан мақұлдады.

         Жиналыс төрағасы:                                             М.Гаров

          Жиналыс хатшысы:                                             М.Ману