Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


Қордай ауылының көшелер атауын өзгерту туралы

Қордай ауданына қарасты Қордай ауылдық округі  Қордай ауылындағы Украинская, Заводская, Спортивная және 8 мартакөшелері тұрғындары және жергілікті қоғамдастық мүшелері жиналысының

№1 ХАТТАМАСЫ

 

Қордай ауылы                                                  17.11.2017 жыл

сағат 11.00

 

Жиналыс төрағасы: Б.Сахатов

Жиналыс хатшысы: Л.Тукменбетова

Жиналысқа қатысқандар:

1)жергілікті қоғамдастық мүшелері -10 адам,

2)Украинская, Заводская, Спортивная және 8 мартакөшелерінің тұрғындары -146 адам.

 

Күн тәртібінде:

 

Қордай ауданы Қордай ауылдық округі Қордай ауылындағы Украинская көшесін – Тараз, Заводская көшесін – Ақалатас, Спортивная көшесін – Шымбұлақ және 8 марта көшесін  – Балдәурен көшесі деп қайта атау туралы.

Тыңдалды: Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Б.Сахатов, Т.Калыгулов, М.Оспаниянова, С.Морозовалар сөз сөйледі.

Б.Сахатов: Қордай ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Украинская, Заводская, Спортивная және 8 марта көшелерінен 146 тұрғын және 10 жергілікті қоғамдастық мүшелері қатысып отыр. Ауылдық округ әкімдігіне көше тұрғындарынан түскен ұсыныста Украинская көшесін – Тараз, Заводская көшесін – Ақалатас, Спортивная көшесін – Шымбұлақ және 8 марта көшесін  – Балдәурен көшесі деп қайта атау қажеттігін сұрап жазылған. Жыл басында облыс әкімдігінің Тілдерді дамыту басқармасы тарапынан Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің өңірдегі мағынасы ескірген көшелерді, қайталанатын атауларды тарихи жер-су атауларымен өзгерту туралы тапсырма да түскен болатын.

Өздеріңізге белгілі «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы 14-1 бабының 1-тармағы және «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысын басшылыққа ала отырып, Сіздердің пікірлеріңіз ескеріле отырып көше атауы өзгертіледі. Өңірдегі ұлттық ономастика бағытын дамыту мақсатында жаңа атаулар ұлттық тілдік ерекшеліктер, сондай-ақ географиялық, тарихи әлеуметтік жағдайлар ескеріліп барып берілуі тиіс. Осыған орай, көше тұрғындары табиғат ерекшеліктері ескеріле отырып сұрап отырған атауларға байланысты әрқайсыңыз өз ойларыңызды ортаға салыңыздар.

Т.Калығұлов:Қордай ауылындағыУкраинская, Заводская, Спортивная және 8 марта деген атауының қазіргі кезде ешқандай мағынасы жоқ деп түсінемін. Көше тұрғындарының ұсынысын қолдай отырып, Тараз, Ақалатас, Шымбұлақ және Балдәурен атауын беруді дұрыс деп санаймын.

С.Морозова:Осы уақытқа дейін ауылымыздағы кейбір көше атаулары мағынасы қазіргі заманға сай емес. Ауылымыздың көше атаулары жер-су және тарихи атауларымен байланыстырып атаған жөн. Бұл өзгеріс біздің ауылдың тұрғындары үшін зор қуаныш болды. Елбасының салиқалы саясатын қолдау мақсатында жаңа атаулардың беріліп отырғандығын өз басым дұрыс деп есептеймін.

М.Оспаниянова:Менің айтарым көше атауын өзгертуге байланысты ашып отырған жиналысыңыз орынды. Бұл өте дұрыс ұсыныс, бүгінгі күннің талабына сай үлкен мәселе деп санаймын.

Б.Сахатов: Қордай ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы  «Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы  Заңы 14-1 бабының 1 тармағына және «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысына сәйкес тиісті аумақ халқының пікірін ескеру мақсатында ашық дауысқа салды.

Қарсы- жоқ.

Қалыс –жоқ.

Қолдағандар саны -146 адам.

Жиналыс төрағасы ашық дауыс беру қорытындысы бойынша Украинская көшесін – Тараз, Заводская көшесін – Ақалатас, Спортивная көшесін – Шымбұлақ және 8 марта көшесін  – Балдәурен көшесі деп қайта атау ұсынысын көше тұрғындары көпшілік дауыспен қолдағандығы туралы жария етті.

Жиынның шешімі:

 

  1. Қордай ауданы Қордай ауылдық округі Қордай ауылындағы Украинская көшесін – Тараз, Заводская көшесін – Ақалатас, Спортивная көшесін – Шымбұлақ және 8 марта көшесін – Балдәурен көшесі деп қайта аталсын.
  2. Тиісті аумақ халқының пікірін ескерудің қорытындысы бойынша облыс әкімдігі жанындағы онамастика комиссиясы отырысында қарау үшін аудан әкіміне ұсыныс енгізілсін.

 

Жиын төрағасы                                                         Б.Сахатов

 

Жиын хатшы                                                                             Л.Тукменбетова


Egov