Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


Қордай ауданы әкімі Б.Байтөленің 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтауы

Қордай ауданы әкімі Б.Байтөленің 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті

күнімен құттықтауы

Құрметті жерлестер!

Қадірменді ағайын!

 Баршаңызды келе жатқан 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күн – ширек ғасырлық тарихы бар тәуелсіз еліміздің халқының тағы бір тарихи таңдау жасап, ел болып Ұлт Көшбасшысы, егемен елдің негізін қалаушы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты таңдаған күн. Қазақ елінің Тұңғыш Президентінің құрметіне белгіленген бұл мерекені жыл сайын атап өту дәстүрге айналып келеді.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев   –                                              ата-бабаларымыздың  ғасырлар бойы аңсаған елдің тәуелсіздігі мен халықтың  бейбітшілік өмірін ақиқатқа айналдырған ұлы тұлға.

Тәуелсіздік жылдарындағы қиын кезеңдерді бағындырып, халықтың көңіліне сенім ұялатқан Елбасының еңбегі қандай құрметке болса лайықты.

Бүгінде Қазақстан  іргесі қаланған  ірі мемлекетке айналды. Қай сала да қарқынды дамып, толағай  табыстарға қол жеткізіп келеді. Бұл әрине мемлекет басшысының  көрегенді саясатының арқасы, сондықтанда еліміздің жеткен әрбір жетістігі – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен байланысты!

Республикамыздың басқа аймақтарымен қатар киелі Қордай өңірі де айтарлықтай табыстарға жетіп келеді. Бүгінде қордайлықтардың өмір сүру деңгейі жыл өткен сайын жақсарып келеді деп сенммен айта аламыз. Оған аудандағы экономика мен әлеуметтік саланың тұрақты дамуы,  жаңа өндіріс орындарының ашылуы, тұрғын үйлер мен  мектептер және балабақшалардың бой көтеруі бірден-бір дәлел.

Биылғы жылдың өзінде Соғанды және Көктөбе ауылдарында 50 орындық 2 мектептің, Қордай ауылында спорт кешеннің құрылысы жүріп жатыр, сондай-ақ, Шарбақты ауылындағы мектепке қосымша спорт зал қосылады деп күтілуде, Цемзауыт  ауылындағы мәдениет үйінің спорт залына ағымды жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қолданысқа берілді.

Сонымен қатар балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту мақсатында мемлекеттік – жекеменшік серіктестік жүйесі бойынша ауданымызда бүгінгі күнге дейін 19 жекеменшік балабақша және                          1 жекеменшік шағын орталық ашылса, Тұңғыш Президент күні мерекесі қарсаңында Қордай, Кенен, Қарасу, Степной ауылдарында 5 жекеменшік балабақша ашылды.

 Дорогие земляки!

Уважаемые собравшиеся!

1 декабря 1991 года мы – казахстанцы сделали свой первый исторический выбор на всенародном голосовании, который стал переломным и судьбоносным, определившим путь развития Независимой Республики решением. С этого дня вместе со своим Первым Президентом народ Казахстана вступил но славный путь становления государственности, укрепления единства нации, создания рыночной экономики.

Казахстан, отличающийся своей многовековой историей, духовными ценностями и традициями занял свое достойное место на мировой арене и поставил перед собой цель вхождения в 30-ку развитых стран мира.

За годы Независимости Казахстан возглавлял ОБСЕ, несколько раз организовывал в Астане съезды лидеров мировых и традиционных религий. Вместе с тем, в текущем году в Астане организована международная специализированная выставка «ЭКСПО-2017», а в Алматы прошла всемирная зимняя универсиада. Считаю, что все эти масштабные события, прошедшие на казахской земле, являются признанием выдающихся заслуг нашего Главы государства.

В настоящее время Казахстан признан международным сообществом как современное демократическое государство инемалая заслуга принадлежит Первому Президенту.

Самые яркие успехи нашей страны, безусловно, связаны как с личностными данными, так и с умением Нурсултана Абишевича Назарбаева принимать объективные и мудрые решения, а также его политикой. Поэтому народ Казахстана, связанный единой судьбой и Родиной, все свои достижения связывает с именем Президента страны.

Нурсултан Абишевич – неповторимая личность нашей нации, который получил благословение старшего поколения, завоевал доверие среднего поколения и стал идеалом молодого поколения!

 Уважаемые кордайцы!

В канун общенародного праздника желаю вам и вашим семьям благополучия, здоровья и мира. Пусть наша Родина – Республика Казахстан развивается, крепнет и процветает  на радость всем нам! Пусть все наши начинания будут результативными, а будущее светлым!

 Құрметті қордайлықтар!

Маңызы зор мереке қарсаңында баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін! Туған жеріміз гүлденіп, бейбітшілік пен татулықта тіршілік кешейік!