Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


Масанчи ауылындағы Молодежная көшесі тұрғындары және жергілікті қоғамдастық мүшелері жиналысының №3 ХАТТАМАСЫ

Қордай ауданына қарасты Масанчи ауылдық округі Масанчи ауылындағы Молодежная көшесі тұрғындары және жергілікті қоғамдастық мүшелері жиналысының

№3 ХАТТАМАСЫ

  

Масанчи ауылы                                                                            08.12.2017 жыл

сағат 11.00

Жиналыс төрағасы: И.Юбуров

Жиналыс хатшысы: З.Гудожанов

 Жиналысқа қатысқандар:

1) жергілікті қоғамдастық мүшелері – 37 адам

2) Молодежная көшелерінің тұрғындары – 26 адам.

Күн тәртібінде:

 Қордай ауданы Масанчи ауылдық округі Масанчи ауылындағы Молодежная көшесін – Екітас көшесі деп қайта атау туралы.

Тыңдалды: Күн тәртібіндегі мәселе бойынша И.Юбуров, Д.Двумаров, С.Уджур, А.Смаровтар сөз сөйледі.

 И.Юбуров, Масанчи ауылдық округінің әкімі: Молодежная көшесінен               26 тұрғын және 37 жергілікті қоғамдастық мүшелері қатысып отыр. Ауылдық округ әкімдігіне көше тұрғындарынан түскен ұсыныста Молодежная көшесін – Екітас көшесі деп қайта атау қажеттігі айтылған. Жыл басында облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы тарапынан Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің өңірдегі мағынасы ескірген көшелерді, қайталанатын атауларды тарихи жер-су атауларымен өзгерту туралы тапсырма да түскен болатын.

Өздеріңізге белгілі «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы 14-1 бабының 1-тармағы және «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысын басшылыққа ала отырып және Сіздердің пікірлеріңіз ескеріле келе көше атауы өзгертіледі. Өңірдегі ұлттық ономастика бағытын дамыту мақсатында жаңа атаулар ұлттық тілдік ерекшеліктер, сондай-ақ географиялық, тарихи әлеуметтік жағдайлар ескеріліп барып берілуі тиіс. Осыған орай, көше тұрғындары табиғат ерекшеліктеріне сай сұрап отырған атауларға байланысты әрқайсыңыз өз ойларыңызды ортаға салыңыздар.

Д.Двумаров: Біздің тұрып жатқан көшеміздің Молодежная деген атауының қазіргі кезде ешқандай мағынасы жоқ деп түсінемін. Көше тұрғындарының ұсынысын қолдай отырып, Екітас атауын беруді дұрыс деп санаймын.

С.Уджур: Осы уақытқа дейін ауылымыздағы кейбір көше атауларының мағынасы қазіргі заманға сай емес. Ауылымыздың көшелерін жер-су және тарихи атаулармен байланыстырып атаған жөн. Бұл өзгеріс біздің ауылдың тұрғындары үшін зор қуаныш болды. Елбасының салиқалы саясатын қолдау мақсатында жаңа атаулардың беріліп отырғандығын өз басым дұрыс деп есептеймін.

А.Смаров: Менің айтарым көше атауын өзгертуге байланысты ашып отырған жиналысыңыз орынды. Бұл өте дұрыс ұсыныс, бүгінгі күннің талабына сай үлкен мәселе деп санаймын.

И.Юбуров: «Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы  Заңы 14-1 бабының 1 тармағына және «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысына сәйкес тиісті аумақ халқының пікірін ескеру мақсатында ашық дауысқа салды.

Қарсы – жоқ.

Қалыс – жоқ.

Қолдағандар саны – 63 адам.

Жиналыс төрағасы ашық дауыс беру қорытындысы бойынша Молодежная көшесін – Екітас көшесі деп қайта атау ұсынысын көше тұрғындары көпшілік дауыспен қолдағандығы туралы жария етті.

 Жиынның шешімі:

 Қордай ауданы Масанчи ауылдық округі Масанчи ауылындағы Молодежная көшесі Екітас көшесі деп қайта аталсын.

  1. Тиісті аумақ халқының пікірін ескерудің қорытындысы бойынша облыс әкімдігі жанындағы онамастика комиссиясы отырысында қарау үшін аудан әкіміне ұсыныс енгізілсін.

 Жиын төрағасы                                                                                     И.Юбуров

 Жиын хатшысы                                                                                З.Гудожанов 

 

 


Egov