Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


Жамбыл ауылдық округінің әкімі Д. Темірдің халық алдында есебінен ТЕЗИСТЕР

Жамбыл ауылдық округінің әкімі Д. Темірдің

халық алдында есебінен

ТЕЗИСТЕР

 

Жамбыл ауылдық округінің аумағы 3201,7 га аумағын құрайды.

Жамбыл ауылдық округі бойынша халық саны 6693 адамды құрайды, оның ішінде 5007  адам Жамбыл ауылында, 1686 адам Жаңатұрмыс ауылында тұрады.Тіркелген кәсіпкерлер саны–34, жұмыс атқарып жатқан шаруа қожалықтар–87. Экономикалық белсенді тұрғындар саны–3320, оның ішінде жұмыспен қамтылғаны –3301, жұмыссыздар – 19, Зейнеткерлер саны – 700.

Жеке және заңды тұлғалардантүскен өтініштер.

Жеке және заңды тұлғалардан түскен ауызша және жазбаша өтініштер барлығы -146, жеке тұлғалардың- 131, заңды тұлғалардан түскен өтініштер- 15, оның ішінде ауызша өтініштер–22, жазбаша өтініштер-124. Көтерілген сұрақтардың 90-іқанағаттандырылған, 54-не түсініктеме берілген, 2 өтініш қаралуда.

Жыл бойы ауыл тұрғындарымен 23 жалпы жиын өткізілді.

2017жылы бюджетке түсетін салықтар мен түсімдер бойынша:

Көлік салығының  жоспары-3571,0 мың теңге, орындалғаны-4271,5мың теңге немесе 119,6%, жер салығының жоспары -66,0 мың теңге, орындалғаны -66,4 мың теңгеге  немесе 100,7%, мүлік салығының жоспары-23,0 мың теңге, орындалғаны-24,1 мың теңгеге яғни 105,0%,жеке кәсіпкер салығының жоспары-2000,0 мың теңге, орындалуы-2295,4 мың теңгеге немесе 114,8%, елді мекендердің жерлеріне жеке тұлғалардан алынатын жер салығын қоспағанда, жер салығының жоспары-18,0 мың теңге, орындалғаны-24,0 мың теңге немесе 133,5%, заңды тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салығының жоспары-420,0 мың теңге, орындалғаны-420,8 мың теңге  немесе  100,2%,

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында Республикалық бюджеттен 6 млн. 428,0 мың теңге қаржы бөлініп, Абай көшесінеорта жөндеу жұмысы жүргізілді, қаржы толық игерілді.

Жергілікті өзін-өзі басқару шотындағы қаражатты мақсатында пайдалану бағытында қоғамдастық кеңеспен бірлесе жұмыс атқарылуда. Жергілікті өзін-өзі басқару шоты бойынша   2017 жылы 8586,8 мың теңге қаражат түрлі мақсаттарға жұмсалған. Оның ішінде:

  • Аншлагтар дайындауға-648,9 мың теңге;
  • 2018 жылға жобалау сметалық құжат дайындауға-220,0 мың теңге;
  • Көшелерді грейдерлеуге және құм-шағал төсеуге – 2599,0 мың теңге;
  • Мерекелік іс шаралар өткізуге, безендіружәне музыкалық аппарат сатып алуға- 1021,0 мың теңге;
  • Ақпараттық стендорнатуғажәне билборд сатып алуға-169,3 мың теңге;
  • Көшелерді жарықтандыруға техникалық қызмет көрсетуге және елді мекендердің көшелерін жарықтандыруға-1238,7 мың теңге;
  • Елді мекеннің қоқыс төгетін орнын дератизациялау -80,0 мың теңге;
  • Ауыл ішіндегі жолдарды ұстауға- 220,0 мың теңге;
  • Жаңатұрмыс ауылының кіреберісіне аялдама орнатуға-200,0 мың теңге;
  • Жамбыл ауылында ҰОС қаза болған жауынгерлердің ескерткішін және Жаңатұрмыс ауылының стадионын ағымды жөндеуге -598,8 мың теңге;
  • Жамбыл ауылында жол белгілерін орнату және жасанды жол кедергісін орнату-440,0 мың теңге;
  • Жамбыл ауылына Ленин көшесіне,Жаңатұрмыс ауылының Абай көшесіне сараптамалық құжаттама даярлауға -105,0 мың теңге;
  • Жамбыл және Жаңатұрмыс ауылдарына ағаш көшеттерін сатып алу және «Жасыл белдеу» бағдарламасы бойынша алаңды тегістеуге-422,8 мың теңге;
  • Ноутбук сатып алуға-200,0 мың теңге;
  • Моторлы ара және моторлы шалғы сатып алуға-90,0 мың теңге;
  • Апатты ағаштарды кесу үшін-450,1 мың теңге;
  • Әкімшілік ғимаратының алдына бетон жол жасау-179,5 мың теңге;

Абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша:

Қолма-қол бақылау шотынан елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыруға 1 970,0 мың теңге қаражат бөлініп, жұмыстар жүргізілді. Көктемгі және күзгі екі айлықтарындағы сенбіліктерге 1200 адам қатысты. Барлығы 550 ағаш оталып, 1050 ағаш әктелді, 2380 түп ағаш көшеттері отырғызылып, күтімге алынды.Ауыл көшелері, аулалар,  саябақтар, барлығы16 мың шаршы метр жер тазаланып, жалпы ұзындығы 14 км арықтар тазаланды. Орталық алаңдағы ескерткіштері сырланып, төңірегі көгалдандырылды, 4 заңсыз төгілген қоқыс орындары тазаланды, барлығы 25тонна қоқыс шығарылды.«Бір ағаш-бір сәби» акциясы аясында № 26 және №29 ОМ төңірегінде 30 каштан, 20 туя ағаштары отырғызылды.«Тазалық өзіңнен басталады!» атты тақырыбында сенбіліктер ауыл аймақтары тазаланды.Қолма-қол бақылау шотынан 120 0,0 теңге қаражат бөлініп жолдарды грейдерлендіру жұмыстары жүргізілді.

Көшелерді жарықтандыру бойынша қолма-қол бақылау шотынан техникалық қызмет көрсету үшін 218,4 мың теңге және электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін 1 021,0 мыңтеңге қаражат қарастырылып, толық игерілді.

Суқұбыры «Қордай-су» КМК балансында. Бүгінгі күнге екі ауылдың тұрғындары ауыз сумен қамтылып жатыр.

Ауылшаруашылығы:

Ауыл тұрғындарының негізгі табыс көзі мал шаруашылығы.Бүгінгі күнде ауыл округі бойынша жеке меншіктегі мал саны: ірі қара мал-1199 бас, оның ішінде сиыр–585, жылқы–148 бас,оның ішінде бие-89, қой–4314 бас, оның ішінде саулық қой-3015, ешкі–465, үй құстары-2602.Ауыл округінде барлығы 87 шаруашылық қожалығы бар, оның ішінде мал шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалығы бар. Шаруашылық қожалықтарының мал саны: ірі қара мал-800 бас, оның ішінде сиыр-572бас, жылқы-180, оның ішінде бие-150,  қой-13102 бас, оның ішінде саулық қой-7007 бас,ешкі-76 бас, барлығы егін егіп, мал азығын дайындаумен айналысады.

Жамбыл ауылдық округі бойынша барлық жер көлемі 24947 га, егістік – 6302 га, суармалы–960 га, жайылым жерлер–18489 гектар. 2017 жылы 1029 га бидай орылып, 2671 тонна өнім алынды, әр гектарынан  26центнерден, 2336,3 га арпа орылып, 5517 тонна өнім алынды әр гектардан 23,6 центнер айналды.  281,2 га жүгері себіліп әр гектардан 66,1 центнер өнім алынды.  Жоңышқа 330,7 га жерден 650500 тонна алынды.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік көмектер.

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша кәсіптік оқуға 21 азамат аспазшы, электромонтер, тігінші, сылақшы, компьютер оқуларына жіберілді.Екінші бағыты бойынша кәсіпкерлікті  дамыту үшін  ағымдағы жылы  1азамат3 000,0 мың теңге несие алды.Үшінші бағыты бойынша «Жастар тәжірибесі» бағдарламасымен 2 жас маман жұмыспен қамтылды.Округтегі 2 елді мекенде 2017 жылы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы арқылы ақылы қоғамдық жұмыстарға11  жұмыссыз азамат тартылды.

Есепті жылда 18 жасқа дейінгі балалары бар аз қамтылған 182 отбасына 670 балаларға 14 341,3 мың теңге 18 жасқа дейінге балалар жәрдемақысы тағайындалды.

«Өрлеу» пилоттық бағдарламасы бойынша 10отбасы 1 825,6 мың теңге алды. Сонымен қатар денсаулығы нашар 9 азаматқа барлығы 600,8 мың  теңге, түзеу мекемесінен келген 2 азаматқа 113,5 мың теңге көмек көрсетілді.

Ұлыстың Ұлы күніне орай мерекелік концерт ұйымдастырылып, ұлттық және спорттық ойындар ойналды, 370 адамға наурыз көже таратылды.

Ұлы Жеңістің 72 жылдығына орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылып соғыс ардагері мен тыл еңбеккерлеріне сыйлықтар ұйымдастырылды.

16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай ауылдық округінде мерекелік іс-шара жоғары деңгейде атап өткізілді.№26 және №29 орта мектептерде салтанатты түрде және концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Жамбыл ауылында қол күрестен спорттық жарыс өтті. Жарысқа демеуші болған Қордай ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі.

Жоғарыда айтылған ұлттық мерекелерге қолма-қол бақылау шотынан 200,0 мың теңге қарастырылып, толық игерілді.

«Мектепке жол» акциясында  округ бойынша аз қамтылған  және көп балалы отбасылардағы48 оқушыға мектеп формасын және мектеп құралдарын сатып алуға 500 000 теңге көмек көрсетілді. Осы акцияға «Камшат-Асель» ЖШС, «Central Asia Cold Corp»ЖШС және «Central Asia Cold Production» ЖШС, мектеп ұжымы, ауылдық округі әкімінің аппараты.

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын орындау бойынша №26 және №29 орта мектептерде бұрыш рәсімделіп, жинақ папкалары ашылып, стенд ілінді, бағдарламалық мақаласы аясында көрнекі ақпарат құралдары орналастырылған.

№ 26 Жамбыл Жабаев атындағы орта мектепте және №29 Жаңатұрмыс  орта мектебінде оқушылармен аталған тақырыпта сынып сағаттары өткізіліп жатыр. Ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында стенд рәсімделіп орнатылған. 2017 жылдың 24 қарашасында Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласын халыққа насихаттау мақсатында Жамбыл және Жаңатұрмыс ауылдарының жеке кәсіпкерлерімен және шаруашылық қожалықтарының басшыларымен жиын өткізіліп, тұрғындарға осы мақаланың аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндалды.

Денсаулық сақтау саласы бойынша:

Жамбыл ауылдық округінде дәрігерлік амбулатория қызметкерлері жұмыс атқарады. Амбулаторияда 2017 жылы күндізгі стационарда 257 ересек адам, 82 бала емделді. Ауылдық округінде жыл бойы 150 нәресте дүниеге келді.

Жастарды салауатты өмір салтына насихаттау:

Округте жастар мен жасөспірімдерді спортқа баулу үшін биылғы жылы қазақша күрес, тоғыз құмалақ, волейбол, баскетбол, футбол, теннис-шахмат үйірмесі, өнер үйірмелерінде 1035-ға жуық бала қамтылған. Облыстық және аудандық жарыстарда мектеп оқушылары жүлделі орындарға ие болды. Ауылдық округінде өткізілген барлық мерекелік іс-шараларда спорттық ойындардың түрлерінен жарыстар өткізіліп, жеңімпаздарға жүлделер мен ақшалай сыйлықтар табысталды.

Округіміз бойынша барлық әскери міндеттілердің саны-681 адам, оның ішінде офицерлер-6, әйел азаматтар-34, барлық әскер қатарына шақырушылар-285 адам. 16 шақырылушылар әскер қатарына алынды.

 

 


Egov