Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


Аудан әкімі Болатбек Байтөленің аудан тұрғындарын Рождество мерекесімен құттықтауы

 

Құрметті қордайлықтар!

Баршаңызды православ христиандарының жарқын мерекесі – Рождествомен шын жүректен құттықтаймын!

Рождество мерекесі өзіне тән құнды қасиеттерімен әр шаңыраққа сәулелі шаттық сыйлап, көптеген жандардың жүрегіне сүйіспеншілік пен мейірімділік ұялатады. Мемлекетіміздегі дінаралық келісімнің негізгі тіректерінің біріне айналған Рождествоның аталып өтуі еліміздегі әрбір азаматтың рухани ізгілікке деген ұмтылысының айқын айғағы.

Елбасы Н.Назарбаевтың ұлтаралық бейбітшілік пен келісімді көздеген салиқалы саясатының арқасында еліміздегі түрлі конфессиялардың дамуына мол мүмкіндік жасалып отыр.

Қазіргі таңда православиелік дін еліміздегі қоғамдық өмірдің ажырамас   бөлігіне айналды. Сол себепті бұл дін өкілдері еліміздің әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуына, ұлтаралық келісім мен конфессияаралық қатынастардың үндістігіне үлкен үлес қосуда. Мемлекет пен діни бірлестіктер арасындағы игілікті диалогты дамытуда көпұлтты Қордай ауданы жұртшылығының қосқан үлесі зор. Мұнымен қатар, қордайлықтар әлеуметтік-экономикалық салада да толағай табыстарға қол жеткізді.

Құрметті жерлестер!

Рождество қарсаңында туған жерімізде бейбітшілік пен тыныштықтың салтанат құруы, ең алдымен өзімізге байланысты екенін жете түсінген жөн. Жарқын мереке қарсаңында баршаңызға шын жүректен бақыт, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін!

Қадірменді қордайлықтар!

Сіздерді Рождество мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Тарихқа үңілсек, бірнеше ғасырдан бері бұл мереке бейбітшілік пен татулықтың, ізгі ниет пен игі істердің бастамасы болып келеді.

Рождество – адамдарды бейбітшілік пен келісімде өмір сүруге үйретеді. Еліміздегі бірлік пен ынтымақтың арқасында Қазақстан халықаралық қауымдастықтағы өзінің беделін нығайтып, үнемі дамып келеді.

Елбасы Н.Назарбаев Қазақстанның басты байлығы, берік тұғыры, ол – көпұлтты халқымыздың ауызбіршілігі мен татулығы екенін ылғи да айтып жүреді. Яғни, этносаралық татулық пен келісім, толеранттылық – мемлекеттілігіміздің негізін қалыптастырған  тұрақтылықтың кепілі.

Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап, төзімділік пен конфессияаралық диалог біздегі даму жолының негізгі басымдықтары бола алды. Сондықтан, елімізге тыныштық пен мейірімділікті тілейтін Рождество мерекесінде барлықтарыңызға зор денсаулық, бейбітшілік пен сәттілік, әр отбасыға бақыт тілейміз.