Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


Сарыбұлақ ауылдық округінің әкімі Р.Варшакидзенің халық алдында есебінен ТЕЗИСТЕР

Сарыбұлақ ауылдық округінің әкімі Р.Варшакидзенің

халық алдында есебінен

ТЕЗИСТЕР

Сарыбұлақ ауылдық округі бойынша халық саны 7548 адамды құрайды, оның ішінде 4266 адам Сарыбұлақ ауылында, 3292 адам Қайнар  ауылында тұрады. Түтін саны – Сарыбұлақ ауылында – 640, Қайнар ауылында -638, барлығы 1278 құрайды. Экономикалық белсенді тұрғындар саны – 4874.Зейнеткерлер саны – 523.  Мүгедектер саны –  79 адам құрайды.

Екі ауылда 2 АТС, 2 мәдениет үйі жұмыс істейді. Округ бойынша барлық қызмет көрсету абоненті  – 510, 2 пошта бөлімі қызмет көрсетеді. Сарыбұлақ ауылында 1 мешіт, ал Қайнар ауылындағы мешіттің құжаттарын рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде, округ бойынша 69 жеке кәсіпкер тіркелген, 27 дүкен,  21 дәмхана, 2 наубайхана, 3 дәріхана, 1 малдәрігерлік аптекасы,   1-  көлік жуу орталығы  2 жанар – жағар май станциясы және 2 жанар – жағар май станциясының құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Ауылдық округтың аумағы 2871 га құрайды, оның ішінде егістік жердіңкөлемі 607 га, жайылым жердің көлемі 2264 га.

2017 жылы  ауылдық  округінде  салықтардың  орындалуы  бойынша:

– жеке тұлғалардың көлік салығың  жоспары (КБК104402) -5503,0 мың.теңгеге, орындалғаны – 7043,0 мың.теңгеге немесе  128%,

– жер салығының жоспары(КБК – 104302) -26,0 мың.теңге, орындалғаны -40,0 мың теңгеге  немесе 154%;

– мүлік салығының жоспары (КБК -104102 )- 21,0 мың.теңге, орындалғаны – 48,3 мың теңгеге  яғни 230%;

– жеке табыс салығының жоспары (КБК – 101202)- 2278,0 мың.теңге, орындалуы – 1769,0 мың.теңгеге  немесе  77,7%;

– елді мекендердің жерлеріне жеке тұлғалардан алынатын жер салығын қоспағанда, жер салығының жоспары(КБК -104309 )- 159,0 мың.теңге, орындалғаны -287,4 мың теңгеге  немесе  181%;

– заңды тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салығының жоспары – 157,0 мың.теңге, орындалғаны (КБК – 104401)- 170,2 мың.теңгеге  немесе  108%;

Барлығы 8144,0 мың теңге болса 9357,0 мың теңгеге яғни 115% орындалған.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы бойынша:

Елбасының  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының аясында ауылдық округте ауыл тұрғындары және ауыл жастарымен кездесу, спорттық іс шаралар және түсіндіру жұмыстары жүргізілді және мемлекеттік қызметкерлер арасында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. №31 және №32 орта мектептерде  және мәдениет үйлерінде бұрыш рәсімделіп, жинақ папкалары ашылып, ашық сабақтар ұйымдастырылды. Аталған мекемелерде стендтер ілінген. Ауылдық округте  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты тақырыпта билбордттар ілінген.

Елбасының  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты тақырыпта мектептерде ашық сабақ өткізіліп тұрады.

Ауылшаруашылығы бойынша:

Ауыл тұрғындарының негізгі табыс көзі мал шаруашылығы. Бүгінгі күнде жеке меншіктегі,мал басы келесідегідей: ІҚМ – 2486 бас, оның ішінде сауынды сиырлары -571 бас, қой-ешкі – 7537 бас, жылқы – 170 бас, шошқа – 286 бас, құстар саны – 21768 бас құрайды.

Округте  «Сарыбұлақ» ЖШС, «Благовещенко» ЖШС және 148 ШҚ бар, егістікпен және мал шаруашылығымен айналысады. Барлық жер көлемі 14612 га, егістігі 9937 га, суармалы 4168 га, богара 116 га. ШҚ-ның 2017 жылы егілген егістері: 552 га күздік бидай, 1586,5 га жерге арпа,   көкініс – 197 га, жүгері – 693,9 га, жоңышқа – 3578 га, бақша – 341 га, сафлор – 610 га.  350 га қант қызылшасы.

Ветеринария саласы бойынша:

Жоспар бойынша вакцина егу, қан алу іс-шаралары жүргізілді. 250 бас ірі қара мал сырғаланып, 2000 бас ұсақ мал бірдейлендірілді,   96 иесіз иттер жойылды.

Білім саласы бойынша:

Сарыбұлақ ауылындағы №31 ОМ-те оқушылар саны 913 бала мұғалімдер саны -75 адам, ыстық тамақпен 215  бала қамтылған. ҰБТ-ға 36 оқушы қатысты.  №32 ОМ–те оқушылар саны – 615, мұғалімдер саны – 56  ыстық тамақпен қамтылғандар саны -123 оқушы,ҰБТ-ға  4 оқушы қатысты.  «Темірлан» бала – бақшасында 4 топта 100 бала тәрбиеленеді. «Ақ бұлақ» бала – бақшасында 4 топта – 140 бала тәрбиеленеді.

Жасөспірімдер бойынша: Ауылдық округ бойынша кәмелетке толмаған жастар арасында тәртіпке шақыру және қылмыстың алдын алу, алкагольдік ішімдікке құмартпау мақсатында учаскелік полиция инспекторы жоғары сынып жетекшілерімен бірлесе отырып, тұрақты қылмысқа қарсы күрес туралы лекциялар өткізіп тұрады. Округте тәртіп сақтау бойынша  2 учаскелік полиция инспекторлары қызмет атқаруда. Тоқсан сайын ауыл тұрғындар алдында есебін беруде.

 «Мектепке жол» акциясы бойынша:Сарыбұлақ ауылдық округі бойынша аз қамтылған және көп балалы отбасыларға 30 оқушыға мектеп формасын және мектеп құралдарын сатып алуға 450 000 теңгеге және «ЖанСезім» ЖШС-і 5 оқушыға 35000 теңге көлемінде көмек көрсетті. «Мектепке жол» акциясы бойынша «ВІО VЕТ КZ» ЖШС-і 20 оқушыға  қаржылай көмек көрсетті.

Осы акцияға  шаруа қожалық басшылары, ЖШС-ің басшылары, ауыл азаматтары сонымен қатар мектеп ұжымы, ауылдық округі әкімі аппаратының  қызметкерлері ат салысты.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік көмектер:

Округтегі 2 елді мекенде 2017 жылы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту бөлімі арқылы ақылы қоғамдық жұмыстарда 10 эколог, 1 әлеуметтік қызметкер жұмыс істеді.

Ауылдық округте  арнайы құрылған комиссия арқылы әл-ауқаты төмен отбасыларының тұрмыс жағдайларын зерттеп, анықтап олардың атаулы әлеуметтік көмек және 18 жасқа дейінгі балаларына жәрдемақы тағайындау  үшін қажетті құжаттар дайындалып өткізілді. 112 отбасы  оның ішінде 411 азамат 7628,9 мың теңге 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы алды, бір жолғы әлеуметтік  көмек 1 азаматқа 34035 теңге және туберкулез ауыруымен ауыратын 2 азаматқа 267809 теңге материалдық көмек көрсетілді. Одан басқа «құрбан айт» мейрамына 60 отбасыға барлығы 350 кг сиыр еті үлестіріліп, қайырымдылық көмек көрсетілді.

«Өрлеу» пилоттық бағдарламасы бойынша 16 отбасына оның ішінде 89 азаматқа 3 741 200 теңге жәрдемақы тағайындалды.

Жергілікті өзін-өзі басқару шотындағы қаражатын мақсатты пайдалану бағытында қоғамдастық кеңеспен бірлесе жұмыс атқарылуда. ҚБШ шоты бойынша – 2017 жылға 10030,8  мың теңге түсті, жұмсалғаны 9103,5 мың теңге.

Қолма қол бақылау шотынан келесі шығындарға жұмсалды:

  • 1382,7 мың теңге көшелерін жарықтандыру қызметіне;
  • 85,0 мың теңге елді мекеннің қоқыс төгетін орнын дератизациялауға;
  • 69,0 мың теңге раушан гүл көшетін ғимараттың алдына отырғызуға;
  • 300,0 мың теңге жобалау – сметалық құжат дайындауға;
  • 80,9 мың теңге шаруашылық тауарлар алу;

–      202 мың теңге елді мекенді суармалы сумен қамту;

  • 156 мың теңге аз қамтылған оқушыларды мектеп формасымен жабдықтауға;
  • 210 мың теңге желілік байланысты рәсімдеу және мемлекеттік акт дайындауға;
  • 5753,8 мың теңге Қайнар ауылының Парковая көшесін электрмен жарықтандыруды ағымды жөндеу мен энергоүнемдеуші шамдар орнату жұмыстардына;
  • 220,0 мың теңге трансформатор жөндеуге;
  • 226,0  мың.теңге электрлық сым сатып алуға;
  • 225,0 мың теңге электрлық шамдарды ауыстыруға;
  • 193,3мерекелік іс шараларға;

Көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары:

Көктемгі және күзгі екі айлықтарындағы сенбіліктерге 4000 адам қатысты. Барлығы 4000 ағаш бұтақтары кесіліп, 1200 ағаш  әктелді. Ауыл көшелері, аулалар, саябақтар тазаланып, жалпы ұзындығы 47 мың шаршы метр жол бойы тазаланды. 141 тоннаға жуық қоқыстар шығарылды. «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша 3,0 га жерге теректер отырғызылған.

12 орынсыз жерге төгілген қоқыс орындары тазаланды Сарыбұлақ және Қайнар ауылындағы үлкен футбол алаңдары және 2 саябақ алаңдары  қоқыстан тазаланып, қалпына келтірілді.

Инвестиция тарту:

Сарыбұлақ ауылдық округі бойынша  жеке кәсіпкер О.П.Варшакидзе – 40,0 млн. теңгеге «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» авто жолының бойына сервистік кешен құрылысы, «ВІО VЕТ КZ» ЖШС-і 80 млн. теңге, «Ромашка» ШҚ –МТЗ-80 тракторын – 7,5 млн. теңгеге, «Енисей» комбайнын -1,5 млн.теңгеге, «Санжар» ШҚ – «Беларус-95.2» – 8,130 мың теңгеге сатып алынды.

«Алтын асық» бағдарламасы бойынша:«Санжар» ШҚ – 6,0 млн. теңгеге – 220 бас саулық қой, 18 бас – қошқар сатып алды.

Кооператив құру  бойынша:Ауылдық округте «Қайнар-Қордай -2017» сүт өдіру бағыты бойынша және «Қайнар -2050» сүт және ет бағытында кооперативтер ашылды. Екі кооперативте Әділет басқармасында тіркеуге алынған.

Жол картасы – 2020 бағдарламасы бойынша:«ВІО VЕТ КZ» ЖШС-і 14 азаматты жұмыспен қамтыды. «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша ауылдық әкімі аппаратында 3 азамат  жұмыспен қамтылды.

«Өңірлерді дамыту»бағдарламасы бойынша: жылдық қорытындысында  2017 жылға –4620,0 мың тенге қаржыға   Қайнар   ауылына кіші футбол алаңың салуға және Сарыбұлақ ауылындағы Атамекен және Жаңа Күш көшесінің ағымдағы жөндеу жұмыстарына 2 232,1 мың теңге қаражат жұмсалды.

                    Денсаулық сақтау саласы бойынша:Сарыбұлақ және Қайнар ауылдарын дәрігерлік амбулатория, орналасқан. Бұл мекемелерде штат бойынша 41 медицина қызметкерлері еңбек етеді. 2017 жылы 147 бала дүниеге келген.

14-29 жас аралығында жастар саны 2123 құрайды. Округте жастар мен жасөспірімдерді спортқа баулу және бос уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру мақсатында өткізілген барлық мерекелік іс-шараларда спорттық ойындардың түрлерінен жарыстар өткізілді. Мектепте аптасына 3 рет ауыл тұрғындарымен  волейбол, баскетбол кіші футбол ойындары өткізіледі. Қол күресі, бокс, қазақша күрестер т.б. секциялармен 105 жасөспірім қамтылған.

Округ бойынша  әскери міндеттілер саны – 623, әскери шақырушылар саны 190 бала,  әскерге шақыру жұмыстарын атқару барысында 120 бала, тексеру комиисиясына шақырылып, оның ішінен 17 бала әскер қатарына жіберілді.2016 жылы 9 бала әскер қатарына жіберілді.Азаматтардан  жазбаша түскен арыз-өтініштері:

2017 жылға жеке тұлғалардан барлығы -108 оның ішінде, ауызша өтініштер -10, жазбаша өтініштер -98, (жер мәселесі -84 қанағаттандырылды, 9 жазбаша түсініктеме берілді, тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу – 2 жазбаша түсініктеме, нақты көлемін бекіту туралы – 3 арыз қарастырылуда.

Заңды тұлғалардан 6 өтініш, оның ішінде:  4 жазбаша түсініктеме беріліп, – 2 арыз қанағаттандырылды.

Жыл бойы ауыл тұрғындарымен 36жиындар және іс-шаралар өткізілді.


Egov