Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


Жамбыл облысында мемлекеттік қызмет көрсетудің проактивті әдісі іске асырыла бастады

Жамбыл облысында мемлекеттік қызмет көрсетудің проактивті әдісі іске асырыла бастады

            Жамбыл облысында мемлекеттік қызмет көрсетуді проактивті тәсілмен ұсыну пилоттық жобасы аясында жаңа туған нәрестелерге туу туралы куәлік табыс етілді.

2017 жылғы 29 желтоқсанда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірге бала туған ата-аналарға көрсетілетін қызметтердің проактивті әдісі бойынша пилоттық жобаны іске қосты.

Азаматтар мен мемлекет қарым-қатынасының жаңа нұсқасы болып табылатын бұл жобаға сәйкес мемлекет халықты олардың қажеттіліктерін алдын-ала болжап, тиісті қызметтер және сервистермен дер кезінде қамтамасыз етеді.

Алғашқы кезеңде проактивті принцип адамның өміріне келуіне қатысты қызметтер бойынша жүзеге асырылады. Жаңа босанған анаға автоматты түрде оның сәбиіне беретін аты-жөні сұратылған хабарлама келеді.

Басқа мәліметтерді тіркеуші орган тиісті ақпараттық жүйелерден жинап, ал өзге деректерді SMS хабарлама арқылы ата-анадан сұрайды. Сондай-ақ, телефон арқылы шот нөмірін жіберіп, жәрдемақыларды рәсімдеуге және балабақшаға кезекке қоюға болады. Ал халыққа қызмет көрсету орталығына баланың куәлігін алып кету үшін ғана келу керек немесе үйге жеткізу қызметін пайдалануға болады.

Проактивті қызметке қол жеткізу үшін мобильді азаматтар базасына тіркелу қажет. Ол үшін азаматтар порталдағы жеке кабинетінде телефон нөмірін және сәйкестендіру нөміріне байланыстырып қоюлары тиіс. Оны азаматтар халыққа қызмет көрсету орталығындағы «Connection рoint» өзіне-өзі қызмет көрсету секторын пайдаланып, қажет болған жағдайда оператордың кеңесіне жүгіну арқылы жасай алады.

Бүгінгі таңда аталған қызмет түрі облысымыздың 14 перинаталдық орталықтарында қолданылуда.

 

          

 


 


Egov