Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


Қордай ауданына қарасты Степной ауылдық округі  Степной ауылындағы Первомайская көше тұрғындары және жергілікті қоғамдастық мүшелері жиналысының №1 ХАТТАМАСЫ

Қордай ауданына қарасты Степной ауылдық округі  Степной ауылындағы Первомайская көше тұрғындары және жергілікті қоғамдастық мүшелері жиналысының

№1 ХАТТАМАСЫ

 Степной ауылы                                                                               05.01.2018 жыл

сағат 10.00

Жиналыс төрағасы: Ж.Спанов

 Жиналыс хатшысы: Б.Караджанова

 Жиналысқа қатысқандар:

1)жергілікті қоғамдастық мүшелері -13 адам,

2)Первомайская көшесінің тұрғындары -43 адам.

 Күн тәртібінде:

 Қордай ауданы Степной ауылдық округі Степной ауылындағы Первомайская көшесін – Саябақ көшесі деп қайта атау туралы.

Тыңдалды: Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Ж.Спанов, Ж.Уразов және Д.Иманбаев сөз сөйледі.

 Ж.Спанов: Степной ауылдық округінің әкімі  Первомайская көшесінен 43 тұрғын және 13 жергілікті қоғамдастық мүшелері қатысып отыр. Ауылдық округ әкімдігіне көше тұрғындарынан түскен ұсыныста Первомайская көшесін – Саябақ көшесі  деп қайта атау қажеттігін сұрап жазылған. Жыл басында облыс әкімдігінің Тілдерді дамыту басқармасы тарапынан Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің өңірдегі мағынасы ескірген көшелерді, қайталанатын атауларды тарихи жер-су атауларымен өзгерту туралы тапсырма да түскен болатын.

Өздеріңізге белгілі «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы 14-1 бабының 1-тармағы және «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысын басшылыққа ала отырып, Сіздердің пікірлеріңіз ескеріле отырып көше атауы өзгертіледі. Өңірдегі ұлттық ономастика бағытын дамыту мақсатында жаңа атаулар ұлттық тілдік ерекшеліктер, сондай-ақ географиялық, тарихи әлеуметтік жағдайлар ескеріліп барып берілуі тиіс. Осыған орай, көше тұрғындары табиғат ерекшеліктері ескеріле отырып сұрап отырған атауларға байланысты әрқайсыңыз өз ойларыңызды ортаға салыңыздар.

Ж.Уразов:Біздің тұрып жатқан көшеміздің Первомайская деген атауының қазіргі кезде ешқандай мағынасы жоқ деп түсінемін. Көше тұрғындарының ұсынысын қолдай отырып, Саябақ атауын беруді дұрыс деп санаймын.

          Д.Иманбаев:Осы уақытқа дейін ауылымыздағы кейбір көше атаулары мағынасы қазіргі заманға сай емес. Ауылымыздың көше атаулары жер-су және тарихи атауларымен байланыстырып атаған жөн. Бұл өзгеріс біздің ауылдың тұрғындары үшін зор қуаныш болды. Елбасының салиқалы саясатын қолдау мақсатында жаңа атаулардың беріліп отырғандығын өз басым дұрыс деп есептеймін.

Ж.Спанов: Степной ауылдық округінің әкімі  «Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы  Заңы 14-1 бабының 1 тармағына және «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысына сәйкес тиісті аумақ халқының пікірін ескеру мақсатында ашық дауысқа салды.

Қарсы- жоқ.

Қалыс –жоқ.

Қолдағандар саны -56 адам.

Жиналыс төрағасы ашық дауыс беру қорытындысы бойынша Первомайская көшесін – Саябақ көшесі деп қайта атау ұсынысын көше тұрғындары көпшілік дауыспен қолдағандығы туралы жария етті.

Жиынның шешімі:

 Қордай ауданы Степной ауылдық округі Степной ауылындағы Первомайская көшесін – Саябақ көшесі деп қайта аталсын.

  1. Тиісті аумақ халқының пікірін ескерудің қорытындысы бойынша облыс әкімдігі жанындағы онамастика комиссиясы отырысында қарау үшін аудан әкіміне ұсыныс енгізілсін.

 Жиын төрағасы                                                                                     Ж.Спанов

  Жиын хатшы                                                                             Б.Караджанова