Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


Қасық ауылдық округінің әкімі А. Абдибаевтың халық алдында есебінен ТЕЗИСТЕР

Қасық ауылдық округінің әкімі А. Абдибаевтың

халық алдында есебінен

ТЕЗИСТЕР

        Қасық ауылдық округінің аумағы 10 615 га құрайды.

Қасық ауылдық округі бойынша халық саны 4362 адам. Тіркелген кәсіпкерлер саны – 64, шаруа қожалықтар – 110. Экономикалық белсенді тұрғындар саны – 2350, оның ішінде жұмыспен қамтылғаны – 2310, жұмыссыздар – 40. Зейнеткерлер саны – 491.

Жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштер.

2017 жылы – 46 өтініш келіп түсті, оның ішінде заңды тұлғадан – 1, жеке тұлғалардан жазбаша өтініштер – 45, қанағаттандырылғаны – 26, 8 – жартылай қанағаттандырылды,  8 – жазбаша түсініктеме беріліп, 4–қаралуда.

Жыл бойы ауыл тұрғындарымен 29 жалпы жиын өткізілді.

2017 жылы бюджетке түскен салықтар мен түсімдер бойынша:

2017 жылы 6 салықтардың түрі бойынша жер салығының жоспары 23867 теңге, орындалғаны 23867 теңге немесе 100%, мүлік салығының жоспары 17838 теңге, түскені 17838 теңге немесе 100%, көлік салығының жоспары 5 000 000 теңге, орындалғаны 5 827007 теңге немесе 117%, жеке кәсіпкер салығының жоспары 4 758 000 теңге,  орындалғаны 3 892 638  теңге немесе 82%, заңды тұлғалардан жер салығының жоспары 116 000 теңге,  орындалғаны 127 247 теңге немесе 110%, заңды тұлғалардан көлік салығының жоспары 20 000 тенге, түскені 20421 теңге немесе 102%.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасы бойынша:

Елбасының  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының аясында ауылдық округте ауыл тұрғындары және ауыл жастарымен кездесу, спорттық іс шаралар және түсіндіру жұмыстары жүргізілді және мемлекеттік қызметкерлер арасында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. №23орта мектебінде бұрыш рәсімделіп, жинақ папкалары ашылып, ашық сабақтар ұйымдастырылып, стенд ілінген. Ауылдық округте  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты тақырыпта билбордттар ілінген.

Ағымды жылдың 18 желтоқсан күні №23 орта мектепте «Мектепке тағзым» атты ашық есік күні өтті.

  • Ауыл тұрғындарының бір ауыздан қолдауымен қараша айында Қасық ауылының атауы Әлжан ана ауылы болып қайта аталынды;
  • Апатты күйде тұрған Мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қайта жаңартылды;
  • «Туған жерге туыңды тік» кіші бағдарламасы бойынша ауылымыздың тумасы Бектұрғанов Б.Б. 2018 жылы спорт кешен салуға мемарандум жасалынды.
  • «Бір ағаш – бір сәби» кіші бағдарламасы бойынша 223 ағаш көшеттері отырғызылды.

 «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы  бойынша:

2017 жылы Қасық ауылдық округі «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша – 4000,0 мың тенге қаржыландырылды, нәтижесінде ЖШС «КазСтройПрогресс» жеңімпаз  аталып,  25.05.2017 жылы 3484,5 мың теңгеге №49 келісім-шарт жасалып, Қасық ауылы №23 орта мектептің кіре берісін, шағын орталығын және мектеп ауласына орташа жөндеу жұмысын жүргізіп, уақтысымен аяқтады.

Жергілікті өзін-өзі басқару

2017 жылы ауылдық округ әкімінің аппараты 22196,0 мың теңгеге жоспар бойынша бюджеттен қаржыландырылды,  игерілгені – 22194,0 мың теңге немесе 99,9 пайызға орындалды.

Есепті жылы қолма-қол бақылау шоты бойынша жоспар 10,456 мың теңге. Түскені 9623,0 мың теңге, игерілгені 9623,0 мың теңге немесе 100%  құрайды.

Қасық ауылында 4 көше жарықтандырылып, 105 көше фонарьлары орнатылды. Фонарьлардың бәрінің лампалары энергия қуатын үнемдейтін лампаларға ауыстырылды.

         Абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық бойынша:

2017 жылы 200 тоннаға жуық қоқыстар шығарылып, арнайы қоқыс жинайтын орындар ретке келтірілді.

Көктемгі екі айлық ауылдың санитарлық тазалығы мен көгалдандыру кезінде 17 көшенің жалпы ұзындығы 8 шақырымды құрайтын 8 көшесіне ауыл тұрғындарымен кәсіпкерлердің қолдауымен құм төселіп тегістелді.

Барлық Мемлекеттік мекемелердің аулалары, орталық саябақ, ауыл көшелері қоқыстан тазартылып, ауыл маңынан өтетін Алматы – Бішкек, Қордай – Шу автожолдарының бойындағы 3000 – нан аса ағаш түптері ақталып, жабайы құрайлардан тазартылды.

Елбасының жасыл белдеу тапсырмасын орындау мақсатында Қордай – Шу автожолының бойында 1,5 га жерге 2000 терек шыбықтарымен 400 түп әр түрлі ағаш көшеттері отырғызылып, күтілуде. Алматы – Бишкек автожолының бойында «Күнгей» шаруа қожалығы 3,5 га жерге 1500 түп жеміс – жидек ағаштарын отырғызды.

Күзгі 2 айлық ауылдың санитарлық тазалығы мен көгалдандыру кезінде И.Мичурин, Б.Бөлтірікова көшелеріне 2,5 шақырым асфальт төселінді. Н.Тілеубай көшесіне ұзындығы 1114 метр және Домалақ ана көшесіне ұзындығы 420 метр жаяу жүргіншілерге арналған жол жасалды. Ауылдық мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 103 шырша ағаштары отырғызылды. Ауылдың кіреберісіне стэлла орнатылып, 120 шырша ағаштары отырғызылып, жарықтандырылды.

Ауылда әр үйде жеке су құбырлары бар.

Ауыл шаруашылығы:

2017 жылғы шаруашылық кітабымен елді мекендердегі үй аулалары араланып, округ бойынша 776 аула тіркелген.

Қасық ауылдық округінің 10022,3 га шаруашылық жерлер, 6850,4 га егістік жерлер, оның ішінде суғарылмайтын – 4786,4 га, суармалы – 2064,0 га, қант қызылшасы – 500ц/га,  арпа – 24ц/га, бидай – 27ц/га, жүгері – 70ц/га өнім алынды.

Ауылдық округ бойынша 1112 бас ірі қара малдар тіркелінген, олардың                     310 сиырлар, 7201 бас қой ешкілер, 277 бас жылқы, 2400 үй құстары.

Есепті жылы ауылда 33 адамнан тұратын «QASYQ» мал бордақылау бағытындағы ауыл шаруашылығы кооперативі ашылып, заңдастырылды.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік көмектер.

Қасық ауылдық округінде 2017 жылы «жұмыспен қамту – 2020» жол картасының екінші бағыты бойынша жұмыспен қамту орталығы арқылы 3 кәсіпкер мал шаруашылығымен айналысуға 9,0 млн. теңге несие алып, өз кәсібін және қосымша жұмыс орындарын ашқан.Үшінші бағыты бойынша 6 айдан 8 айға дейін 13 адам ақылы қоғам жұмысқа, 4 азамат жастар тәжірбиесі бойынша жұмысқа тартылып, 4 азамат қайта даярлау курстарын бітірді. Қайта даярлау курстарын бітіргендердің үшеуі тұрақты жұмыспен қамтылды.

Кедейшілікті  төмендету  бағдарламасы бойынша 338 адамға 1 – 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы,  24 адамға атаулы әлеуметтік көмек, 10 адамға «Өрлеу бағдарламасы» бойынша жәрдемақы тағайындалды,                  туберкулез аурулардың есебінде тұрған 3 азаматқа бір жолғы әлеуметтік көмек көрсетілді.

«Мектепке жол» акциясы.

«Мектепке жол» акциясы аясында мемлекеттік мекемелердің және жеке кәсіпкерлердің көмегімен 40 оқушы мектеп формасымен, оқу құралдарымен қамтамасыз етілді.

Денсаулық сақтау саласы бойынша:

Қасық ауылдық округінде дәрігерлік амбулаторияда 12 қызметкерлер жұмыс атқарады. Амбулаторияда 2017 жылы 340 азамат кәсіптік тексеруден өтті. Ауылдық округінде жыл бойы 97 нәресте дүниеге келді.

Жастарды салауатты өмір салтына насихаттау:

Жастар саясаты бағдарламасын іске асыру мақсатында ауылда жастар кеңесі құрылып, нақты іс – шаралар белгіленді. Ауылда жасы 14 – 29 жас аралығында 1200 жастар тұрады. Ауылдық жастар кеңесінің ұйымдастыруымен 51 әр түрлі іс-шаралар өткізілді.

Қарулы күштер қатарына 2017 жылы көктемгі шақырылу кезінде кеткен ер азаматтар саны 8, күзгі шақырылу кезінде әскер қатарына 8 азамат жіберілді.

Ауылға инвестиция тарту:

5 инвестициялық жобалар жоспарланып, 201,6 мың теңгеге инвестиция жүзеге асырылды:

  1. «Алихан» балабақшасы – 70 млн. теңге;
  2. «Нұр» ШҚ тамшылатып суару – 26 млн. теңге;
  3. «Ұмтыл» ШҚ МТЗ 82 – 6 млн. 782 мың теңге;
  4. «Раимбаев» ШҚ МТЗ 82 – 6 млн. 782 мың теңге;
  5. «Айсана» балабақшасы – 92 млн. теңге.