Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


Үлкен-Сұлутөр ауылдық округі әкімінің  м.а.  Е.Бердиевтің  халық алдында есебінен ТЕЗИС

Үлкен-Сұлутөр ауылдық округі әкімінің  м.а.  Е.Бердиевтің  халық алдында есебінен

ТЕЗИС

Үлкен-Сұлутөр ауылдық округінің аумағы 66804,4 га территорияны құрайды. Округ бойынша халық саны 1481 адам. 47 шаруа қожалық тіркелген. Экономикалық белсенді тұрғындар саны- 740 адам, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар- 520, жұмыспен қамтылғандар-214, жұмыссыздар-6, зейнеткерлер саны-196 адам.

Жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштер: 2017  жылы жазбаша 35  өтініштер түскен. Оның ішінде: жеке тұлғалардан – 29  өтініш, 6 заңды тұлғадан түсті. 31 -і қанағаттандырылды, 4-не түсініктеме берілді.

2017   жылы бюджетке түсетін салықтар мен түсімдер бойынша:

2017  жылы ауылдық округі бойынша жеке тұлғалардан алынатын жер салығы жоспар бойынша 14 000 теңге, орындалғаны   14 400  теңгеге немесе 103%, жеке тұлғалардан алынатын мүлік салығы жоспар бойынша 3 000 теңге, орындалғаны  3 900  теңгеге немесе 130%, жеке тұлғалардан алынатын көлік салығы жоспар бойынша  1 832  000 теңге,  орындалғаны  2 739 500  теңгеге немесе  150%, жеке табыс салығы жоспар бойынша 467 000 теңге, орындалғаны 345  700 теңгеге немесе 75%, заңды тұлғалардан алынатын көлік салығы бойынша жоспар 0 теңге, орындалғаны 0  теңге , заңды тұлғалардан алынатын жер салығы бойынша жоспар 17 000 теңге, орындалғаны 23 900 теңге немесе 141%  құрап отыр.

2017 жылға «Өңірлерді дамыту – 2020» бағдарламасы бойынша Үлкен Сұлутөр ауылындағы Құттықадамбаев көшесін орташа жөндеу жұмыстары жоспарланып, 3358,0 мың теңге көлемінде қаражат бөлінген. Аталған жұмыстар бойынша 2017 жылдың наурыз айында ашық конкурс сатып алу тәсілімен 3357,1 мың теңге көлемінде «Ақ Жол Сервис – 2030» жауапкершілігі шектеулі серіктестісі жеңіп алып, жұмыстарын ағымдағы жылдың маусым айында аяқталды.

Жергілікті өзін-өзі басқару шотындағы қаражаттарды мақсатты пайдалану бағытында қоғамдастық кеңеспен бірлесе жұмыс атқарылуда. Қоғамдық кеңестің 12 отырысы өтіп, Жергілікті өзін-өзі басқару шоты бойынша 01.01.2017  жылға 232 169 тенге қалдық, 2017 жылы барлығы  3 127 400 теңге түсті. Барлығы  3 359 569 тенге түрлі мақсаттарға жұмсалған. Оның ішінде:

– Көктемгі көгалдандыру жұмыстарына – 729  мың тенге;

– көшелерді жарықтандыруға – 428,6   мың теңге;

– мерекелік іс-шараларға – 200,0 мың тенге;

– ауылдағы жарықтандыруға техникалық қызмет көрсетуге – 150,0 мың тенге;

– сметалық құжат дайындауға – 200,0 мың теңге жұмсалды;

– Құттықадамбаев   көшесін  ағымды  жөндеу  – 343,0  мың  теңге;

– Жасанды  жол  кедергісін  орнатуға  және  жөндеуге  -223,0 мың  теңге;

Абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша. «Сұлутөр» ШҚ –ы басшысы С.Ермеков, Елбасының «Жасыл белдеу» бағдарламасы бойынша 2 га. жерге 5000 түп терек, 3000 түп қарағаш көшеттері отырғызылды. Ауыл тұрғындар да бұл жұмыстан шет қалмай өз аулаларын тазартып, ауыл тазалығына үлес қосуда. Көктемгі және күзгі екі айлытарында 9 тонна күл-қоқыс шығарылды, 200 түп ағаш әктелінді, 20 түп қураған ағаш кесіліп тұрмысы төмен отбасыларға таратылды. 340 аула күл-қоқыстан тазартылды.

Жолдар: Үлкен Сұлутөр ауылындағы Құттықадамбаев көшесінің                 400  м. жеріне   3357,1 мың теңгеге орташа жөндеу жұмыстары жасалынды.  Ауылдың ішіндегі көшелерді қыста қардан тазалауды «Өркен» ШҚ-басшысы  Ж.Достарбаевпен  келісім шарт негізінде жүргізілуде.

Ауыл шаруашылығы бойынша:

Округте 47 шаруа қожалықтары тіркелген. Олар негізінен егін егумен, мал шаруашылығымен айналысуда. Ауыл тұрғындарының негізгі табыс көзі егістікпен мал шаруашылығы. Ауылдық округтің жалпы жер ауданы 66804,4 га, соның ішінде егістік жерлер 7795,5 га, шабындық 1022,2 га, жайылымдар 55034 га құрайды. 2017   жылы 1120 га жерге бидай, 1145 га жерге арпа егілді. Алынған өнім бидай 20 ц/га, арпа 18 ц/га айналды.

Бүгінгі күнде мал басының саны: ірі қара 1600 бас, қой-ешкі 14800 бас, жылқы 558 бас, құстар 2500 бас, шошқа 60 бас. Ауылшаруашылық малдардың жұқпалы індеттерге қарсы жұмыстарын 3 малдәрігер мамандары атқарады. Олар керекті жабдықтармен және автокөлігімен қамтамасыз етілген.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік «Атаулы әлеуметтік көмек және көп балалы отбасыларына берілген мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңын басшылыққа алып аз қамтылған отбасыларын анықтап, «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек», «18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларына көмек» тағайындау, жұмыссыздарды ақылы қоғамдық жұмысқа тарту жұмыстары атқарылды. 2017 жылы 10 отбасына 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы тағайындалды. 10 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды.

Жыл басынан 15 адам жұмыссыз ретінде тіркеліп, 1 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

«Өрлеу» пилоттық жобасы бойынша 3 отбасы 10 адам қамтылып, 270,000мың тенге төленді.

«Мектепке жол» акциясы аясында жалпы аз қамтылған және көпбалалы отбасыларының 23 балаларына 230 000 теңгеге шаруа қожалық, мекемелер және кәсіпкерлері қолдауымен қайырымдылық көмек көрсетілді.

Елбасының  «Болашаққа  бағдар:  Рухани  жаңғыру» бағдарламалық   мақаласын  ауыл  көлемінде  жүзеге  асыру  мақсатында, туған  жер  бағдарламасының  үшінші  бағыты  бойынша: Жергілікті  биліктің бірлескен  жұмысы, демеушілік  көмекті  қолдау  мен тетіктерінің  онтайлы  түрін іздеу  мақсатында  Сұлутөр   Шаруа  қожалығының  басшысы   С.Ермековпен  «Еңбегіне  қарап  Ерді  мақтайды»   атты  кездесу  өтті.  Кездесу   барысында   ауыл  әкімі   «Сұлутөр»   ШҚ-ның  басшысы   С.Ермековтың  қысқаша  өмірбаянымен   таныстыра  келе,  1996   жылы  Калинин   колхозына   басшы   болып  келгеннен, бір ұжымды  басқарып,   нарықтық   экономикаға  төзіп ,  сол  ұжымды  (колхоздың   бөлінгеннен  қалған   техникасы  мен  жерін  пайдаланып, тасын  өрге  домалатып,  ауыл  тұрғындарын  тұрақты  жұмыспен  қамтып,  малын  жем  шөппен  қамтамасыз  етіп, жаңа   техникалар   сатып  алып)  ыдыратпай  осы  күнге  алып  келген  басшы  ретінде   таныстырып  өтті.

Бүгінгі   күні «Сұлутөр»  ШҚ-да  55  адам  тұрақты  жұмыспен  қамтылған.  Уақытысында   жалақыларын   алып  тұрады.  Барлық  жұмысшылары   қысқы  мерзімге   жем-шөппен  қамтылған.

«Сұлутөр»   ШҚ-ның  басшысы  С.Ермеков  ауылдық   әлеуметтік-экономикалық   дамуына   елеулі  үлесін   қосып  келеді.  Ауылдағы   мәдени іс-шараларға  да   демеушілік  көмегін  көрсетіп  отырады.

Денсаулық сақтау саласы.

Ауылда 7 орындық бір дәрігерлік амбулатория жұмыс істейді, 2017   жылы  3270  адам ем қабылдады. Дәрігер мамандармен толық қамтамасыз етілген. Шұғыл медициналық көмек көрсетуге бір көлікпен қамтылған. 2017 жылы ауылдық округі бойынша  20  бала дүниеге келді.

Білім  саласы  бойынша:

Округте  №39  орта  мектеп шағын  орталығымен  бар: 28  мұғалім  212 оқушыға  дәріс береді. Мектепке  дейін  2 сыныпта  34  оқушы   бар. Жастарды салауатты өмір салтына насихаттау:

14-29 жас аралығындағы жастар саны- 175. Округте спорттық және өнер үйірмелерінде спортқа баулу және бос уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру мақсатында 105-ке жуық баламен жасөспірімдер қамтылған. Облыстық және аудандық жарыстарда мектеп оқушылары жүлделі орындарға ие болды. Ауылдық округінде өткізілген барлық мерекелік іс-шараларда спорттық ойындардың түрлерінен жарыстар өткізілді.         Жеңімпаздарға жүлделер табысталды.

Ауылда әскери міндеттілер барлығы – 189 адам. Ауған соғысының ардагері – 1 адам, соғыс ардагерінің жесірі – 1 адам.

2017 жылы көктемде 5 азамат   Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарына әскери борышын атқаруға шақырылды.

 

 


Egov