Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


PIAAC зерттеуі туралы ақпарат

PIAAC зерттеуі туралы ақпарат

 

Құрметті облыс тұрғындары!

2018 жылдың ақпан – сәуір айлары аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстанның Ересектер дағдылары бойынша Жамбыл облысында РІАССхалықаралық зерттеу жұмыстарынжүргізетіндігін хабарлаймыз.

Бұл халықтың оқу, математикалық және ақпараттық-коммуникациялық сауаттылығын айқындайтын кең ауқымды халықаралық зерттеу.

Зерттеу кездейсоқ тәсілмен іріктелген үй шаруашылықтарында сұхбаткерлерге сауалнама жүргізу және тестілеу арқылы жүргізіледі.Сауалнамаға және тестілеуге 16-65 жастағы 6000 қазақстандық қатысады.

Зерттеудің нәтижелері құпия ақпарат болып табылады және жалпылама түрде берілетін болады. Барлық сұрақтар бойынша 8 800 080 88 89 тегін телефон желісіне хабарласуға немесе www.piaac.kz веб-сайтынан ақпаратты нақтылауға болады.

PIAAC-тың Қазақстандағы Ұлттық үйлестірушісі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ болып табылады.

Осыған орай, зерттеу жұмыстарының сапалы жүргізілуіне қолдау көрсетіп, жауапкершілікпен қарауға назарларыңызды аударамыз.

 

 

 


Egov