Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


«Латын әліпбиі тілімізге серпін береді» атты семинар мемлекеттік атқарушы органдардың қызметкерлері арасында өтті

«Латын әліпбиі тілімізге серпін береді» атты семинар

мемлекеттік атқарушы органдардың қызметкерлері

арасында өтті

Қордай ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тілдің латын әліпбиіне көшу мәселесі» бойынша әзірленген іс-шаралар жоспарына сәйкес 06.02.2018 жылы сағат 17:00-де аудандық ардагерлер кеңесі ғимаратының акт залында аудан әкімдігінің бөлім қызметкерлері арасында  «Латын әліпбиі тілімізге серпін береді» атты семинар өткізілді. Семинарда ауданның мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Айгерим Қылышбекова сөз алып, Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылы 26 қазандағы қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы №569 Жарлығымен бекітілген латын алфавитімен таныстыру мақсатында жалпы латын әліпбиінің тарихын айтып, әлемнің 70% елдері латын қарпін қолданатынын тілге тиек етті. Мемлекетімізде халықаралық бизнес пен туризмді дамытуға, инновациялық технологиялар құралдарын еркін меңгеруге өз септігін тигізетіндігін атап өтті. Сондай-ақ, латын әліпбиіне көшу – қазақ тілін дамытуға жаңа серпін береді деген пікір білдірді. Семинарға бөлімдердің барлығы 35 қызметкерлері қатысты. Семинар қорытыныдысы бойынша аудан әкімдігінің бөлім қызметкерлері тарапынан пікір алмасуына жалғасты.

 

 

 

 

 

 


Egov