Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


Азаматтық бюджет – Қордай ауданы Степной ауылдық округі 2018 жыл

Азаматтық бюджет – Қордай ауданы Степной ауылдық округі

2018 жыл

 

Облыс орталығы мен Степной ауылы аралығы –300 км

Аймағы –94870,0 мың км2.

Құрылған мерзімі – 1932 жыл

2018 жылдың 1 қаңтарына халық саны – 6193 адам, оның ішінде:ұлттық құрам  бойынша: қазақ – 71,%, орыстар –5,7%,

азербайджандар – 20,9%,

басқа ұлттар –2,4%.

Елді мекен саны –  Степной ауылы, Арал ауылы және Қалғұты ауылы.

Ауылдық округ саны-1.

Қазақстан Республикасының «Бюджет кодексі»

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-ІV Кодексі

Бюджеттің түсімдері мен шығыстарына әсер ететін нормативтік құқықтық актілер

2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»  Заңы

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» №434 Заңы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен жүргізудің ережесі» №648 бұйрықтары Қордай аудандық мәслихатымен бекітіледі.

  2017 2018
Айлықесептіккөрсеткіш (теңге) 2269 2405
Жалақының ең төменгі мөлшері (теңге) 24459 28284
Күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы (теңге) 24459 28284
Зейнетақының ең төменгі мөлшері (теңге) 28148 33745
Халықтың саны (адам) 6192 6193
Бала туудың саны 104 5
Зейнетақыалушылардың саны (адам) 526 526
еңбеккеқабілеттіжастағыхалық саны (адам) 3352 3352

 

Білім саласы

  Көрсеткіші 2017 ж 2018 жжоспар
1 Мектептердің саны, барлығы  оның ішінде: 2 2
2 орта мектеп 1 1
3 негізгі мектеп 1 1
4 бастауыш мектеп
5 оқитын балалар саны, барлығы  оның ішінде; 881 886
6 Сынып саны 46 46
  Мектептентысмекемелер саны
1 Мектептентысмекемелердеқамтылғанбалалар саны
2 Жаратылыстану-математика пәндерібойыншамектепбітірушілердіңарасындабілім беру бағдарламаларынтабысты (өтежақсы/жақсы) меңгергеноқушыларүлесі, % 62 63
3 Мүмкіндіктерішектеулібалалардыңжалпысаныныңішіндебалалардыңинклюзивтібілімменқамтылуы,% 1 1
4 Мектепкедейінгібалалармекемесініңбарлығы, оныңішінде: 3 3
5 балабақшада    
  жекеменшікбалабақша 1 1
1 шағынорталықтарда 2 2
2 Мектепкедейінгібалалармекемесіндегіжалпыоқытылатынбалалар саны, оныңішінде 75 75
3 балабақшаларда
4 жекеменшікбалабақшаларда 95 95
5 шағынорталықтарда 96 96
6 Кезектетұрғанбалалар саны, адам 90 65
7 Балаларды (3-6 жас) мектепкедейінгітәрбиеменжәнеоқытуменқамту, %(2017ж. жоспар 75,2) 23 25
 8 оныңішіндежекеменшікмектепкедейінгіұйымдаржелілеріндамытуесебінен, %(2017ж. жоспар 10) 10,2 10,2
 9 Ыстықтамақпенқамтылғанмектептер саны 2 2
 10 Ыстықтамақпенқамтылғанбалалар саны 196 196

 

 

Мектепке дейінгі білім мекемелерінің желісін кеңейтуге ерекше назар аударылды. Бүгінгі күні 1 жеке меншік балабақша мен 2 шағын орталықта 191 бала тәрбиеленіп, мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандар үлесі1-6 жас аралығында – 10,8 %-ды (облыстық көрсеткіш 58,9%), 3-6 жасқа дейін 10,8% (облыстық көрсеткіш – 83,0 пайыз), 5-6 жасқа дейін 100%-ды құрап отыр.

2017 жылы «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыру» бағдарламасы аясында   жаңадан 1 жекеменшік   «Қордай  Рауан»   балабақшасы(100 орын) ашылды.

Ауылдық округінің оқушылары пән олимпиадасының қорытындысы бойынша 7 оқушы 1-2-3 орынды иеленді. Білім саласындағы маңызды және өзекті мәселенің бірі – оқыту сапасының деңгейін арттыру. «Ақбота» интелектуалды конкурсынң 105 оқушылар қатысып 30 бастауыш сынып оқушылары мен 48 жоғары сынып оқушылары 2-3 орындарға ие болды. Сонымен қатар «Адам және табиғат» конкурсында 6 оқушы 2-3 орындарға ие болды.

2017-2018 оқу жылынан бастап барлық сынып оқушылары жаңартылған білім беру мазмұнына және 5 күндік оқу аптасына көшті.

Ауылдық округі бойынша барлығы 75 мұғалімдер жұмыс істейді. Оның ішінде жоғары білімді 62, арнаулы орта білімді 13 мұғалімдер білім береді. Оның ішінде жоғарғы категориялы 8 мұғалім, бірінші категориялы-23 мұғалім, екінші категориялы-25 мұғалім және категориясыз-22 мұғалім бар.

 

Әлеуметтік сала

Көрсеткіші 2017ж

 

2018 ж
Еңбек ресурстары, адам 3175 3279
Ресми тіркелген жұмыссыздар 10 14
Ресми емес жұмыссыздар 131 73
Жұмыссыздық  деңгейі % 0,05 2,6
Аз қамтылған отбасылар саны, 1 46
Аз қамтылған адам саны 5 386

 

 

 

 

 

 

 

2017 жылы 107 отбасыға немесе 514  балаға  6621,8 мың теңге  18  жасқа  дейінгі  балаларға  жәрдемақы тағайындалды, өмірдің қиын жағдайында қалған азаматтарға 5 азаматтарға 338779 теңге материалдық көмегі, әлеуметтік көмегі көрсетілді.

«Өрлеу»  пилоттық бағдарламасы аясында 2017 жылы 2 отбасыға немесе 14 адамға 2416,3 мың теңге көлемінде шартты ақшалай көмек төленді.

Жәрдемақы тағайындалған отбасылардың еңбекке қабілетті 65 адамы жұмыспен қамтылды, 10 азамат әлеуметтік жұмыс орындарына, 12  азамат ақылы қоғамдық жұмыстарға және 22 азамат кәсіби оқу курстарымен қамтылды.

Халықтың мұқтаж санаттарына әлеуметтік төлемдермен қамту және жұмыспен қамтудағы әлеуметтік қолдаудың белсенді түрлерін тиімді қолданудың нәтижесінде табысы кедейлік шегінен төмен тұратын азаматтардың жалпы халық ішіндегі үлесі 0,1 пайызға дейін төмендеді (2016 жылы – 0,1%).

Атаулы көмек алушылар ішіндегі жұмысқа жарамды азаматтардың үлесі 25,0%-ға  дейін төмендеді.

 

Жолдар

 

2017 жылы ауылдық округінің ішіндегі жолдарды қыс мезгілінде күтіп

ұстау жұмыстарына 226,0 мың. теңге бөлініп, игерілді.

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы «Бюджет кодексінің» 75 бабының 2 тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының  6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қордай аудандық мәслихат 2018 – 2020 жылдарға арналған ауылдық округ бюджеттері  4 қосымшасына сәйкес, оның ішінде 2018 жылға мынадай көлемде бекітті

1)кірістер –  30875,0 мың теңге,

2) шығындар –  30875,0  мың теңге;

және 2018 жылы аудандық бюджеттен аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратының бюджеттеріне берілетін бюджеттік субвенция 24174,0 мың теңге сомасында.

Степной ауылдық округінің  2018 жылға бекітілген бюджет: кіріс бөлігі – 30875,0 мың. теңге шығыс бөлігі – 30875,0 мың. теңге құрады

2018 жылға арналған ауылдық бюджеттің кіріс бөлігі5861,0 мың теңгеге жоспарланған, 2017 жылмен салыстырғанда 1387,0  мың теңгеге азайды

Ауылдық бюджеттің кірістері келесі көлемдерде бекітілді (мың. теңге):

Салықтықтүсімдер 5861,0
Салықтықеместүсімдер 0
Негізгікапиталдысатудантүсетінтүсімдер 0
Трансферттертүсімдері 25014,0

2018 жылға арналған ауылдық бюджеттің кіріс бөлігі5861,0 мың теңгеге жоспарланған, 2017 жылмен салыстырғанда 1387,0  мың теңгеге азайды. Салық түсімдері жергілікті бюджет есебінен Қордай ауданы Степной ауылдық округі есебінен қалыптасады жеке табыс салығының сомасы 844,0  мың теңге,жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық сомасында 126,0  мың теңге,жер салығы бойынша – 283,0 мыңтеңге, жеке тұлғалардан көлік құралдары салығы бойынша-4331,0 мың теңге, елді мекендер жерлеріне жеке тұлғалардан алынатын жер салығы 32,0 мың теңгеге, заңды тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық -245,0 мың теңге.

2018 жылға Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттік инвестициялық әлеуметтік-маңызды жобалар:
Объектініңатауы Сомасы (млн. теңге)
Қордай ауданы  Степной ауылындағы Мәдениет үйінің қазандығының құрылысын салуға 45 814

 

2018 жылға аудандық бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттік инвестициялық әлеуметтік-маңызды жобалар:
Объектініңатауы Сомасы (млн. теңге)
Қалғұты ауылында 180 орынға арналған орта  мектептің құрылысын салу нысанының  ЖСҚ-ы мен мемлекеттік сараптама жүргізуге 1 949

 

Жалдамалы жұмыс істейтін халықтың саны 2016 жылмен  салыстырғанда 104 адамға артып, 3279 мың адамды құрады. Жұмыссыздардың саны 54 адамға қысқарып, 87 адамды құрады, жұмыссыздық деңгейі  3,3 %-ды құрады.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасының шеңберінде бағдарламаның бірінші бағыты аясында 22 адам қысқа мерзімді кәсіби  курстарын оқыды.

Сонымен қатар, 4 адам техникалық және кәсіптік білім алу мақсатында «тігінші» мамандығы бойынша 2017 жылы 1 қыркүйегінен бастап оқуға жолданды.

Бағдарламаның 3-ші бағыты аясында ауылдық округіндегі жұмыссыздарды бос жұмыс орындарына орналастыру, әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар практикасы және ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 10 адам жолданды.

Ал жастар практикасына 1 жас маман жұмысқа қабылданды.

Ақылы қоғамдық жұмыста ақылы қоғамдық жұмысқа 12 адам қабылданды.

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының І – бағыты бойынша кәсіптік оқуға 22 азамат жіберілді. Олар аспазшы, маникюр, электромонтер, тігінші, сылақшы және компьютер оқуларына жіберілді.

Екінші  бағыты кәсіпкерлікті  дамыту бойынша  ағымдағы жылы  мал шаруашылығымен айналысу үшін 2 азамат  7 млн. теңге несие алды.