Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


100 нақты қадам Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 20 мамырдағы бағдарламасы

100 нақты қадам

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 20 мамырдағы бағдарламасы

32-қадам. «Қылмыстық құқық бұзу картасы» ұлттық ақпараттық жүйесі негізінде «ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУ КАРТАСЫ» интернет-порталын құру. Бұл картада елімізде 1 аптадан әрі кетпейтін мерзімде жасалған барлық қылмыстық құқық бұзушылық тіркелетін болады. Бұл ҚОҒАМҒА ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІН БАҚЫЛАУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ.

Қордай ауданы бойынша «Қылмыстың электронды картасы» 2016 жылы әзірленді. Барлық тіркелген қылмыстық құқық бұзушылық туралы мәліметті «pravstat.kz» сайтында алуға мүмкіндігіңіз бар.

Жаднамада көрсетілген тақырыптарының талаптарының сақталуы келесі заңдарды басшылыққа алуы қамтамасыз етілсін:

  

  1. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңы;
  2. «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» ҚР 2010 жылғы 29 сәуірдегі № 271-IV Заңы;
  3. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңы;
  4. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңы.

  

 

 

Жамбыл облысы

Қордай ауданының әкімдігі

 

  1. Сыбайлас жемқорлық

дегеңіміз не?

  1. Құқықбұзушылықтың алдын

алу туралы.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету

дегеңіміз не?

 

 

 

 

 

 Қордай ауданы

2018 жыл

 Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттік басқару құрылымдарындағы лауазымды қызметкерлердің өздеріне тапсырылған қызмет мүмкіндіктерін жеке бастарының пайдасы мен мүддесі үшін пайдалану мақсатында жасаған қоғамға қауіпті қылмыстық іс-әрекеттері.

Сыбайлас жемқорлықтың жалпылама белгілері: лауазымды адамның өзінің немесе делдал арқылы пара берушінің немесе оның өкілі болған адамның пайдасына жасаған іс-әрекеті (әрекетсіздігі) үшін ақша, бағалы қағаздар, өзге де мүлік, мүлік құқығы немесе мүлік сипатындағы пайда түрінде пара алу, туыстық, жерлестік, т.б. жақындықтарына байланысты қызметке ретсіз қабылдау және көтермелеу, сондай-ақ, мемлекеттік және қоғамдық мүліктерді талан-таражға салу.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес реформалары жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында сыбайлас жемқорлық деңгейін түбегейлі қысқартуға, мемлекет пен қоғам өмірінің түрлі салаларында оны тудыратын себептер мен жағдайларды жоюға қабілетті превентивтік сипаттағы кешенді шараларға жетекші рөл берілген. Яғни, басты назар сыбайлас жемқорлықтың салдарларымен күреске емес, оның алғышарттарын жоюға аударылған.

Жемқорлық қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылық үшін қылмыстық жауапкершілік пен жазалау, әкімшілік жауапқа тарту және шара қолдану Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі және Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес қарастырылады.

Құқық бұзушылық – қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекет.

Құқық бұзушылықтар үшін заңмең тиісінше әкімшілік, азаматтық құқықтық, тәртіптік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Құқық бұзушылықтың алдын алу дегеніміз – мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, барлық меншік нысанындағы ұйымдар және Қазақстан Республикасының азаматтары жүзеге асыратын, құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, зерделеу, жою арқылы құқықтық тәртіпті сақтауға және күшейтуге бағытталған құқықтық, әлеуметтік, экономикалық ұйымдастырушылық іс-шаралар және өзге де шаралар кешені.

Құқық бұзушылықтың алдын алу жалпы, арнайы және жеке шаралар арқылы жүзеге асырылады. Оның ішінде, халықтың өзі қауіпсіздік шараларын қолданып, өз өзің сақтанып жүргені жөн. Сонымен бірге мал ұрлығына қарсы жұмыстар белсенді жүргізу қажет.

Мал ұрлығы мен әкімшілік құқық бұзушылық үшін қылмыстық жауапкершілік пен жазалау, әкімшілік жауапқа тарту және шара қолдану Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі және Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес қарастырылады.

 

 

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет дегеніміз – Сіз мемлекеттік органдарға кез-келген өтініш бойынша қайырылдыңыз. Нәтижесінде, өтінішіңіз қарастырылып, Сіздің қайырылған өтінішіңіз бойынша тиісті материалдар арқылы жауап беріледі.

Кез-келген мемлекеттік қызмет көрсету үшін регламенттері мен стандарттары бекітілген. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттері мен стандарттары дегеңіміз – Сіздердің қайырылған өтініштеріңіз бойынша қызмет көрсету барысында, заң талаптарын сақтай отырып, қызмет көрсету және нәтижесінің сапасын бақылау.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі – мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сыныпталған тізбесі.

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратты 1414 байланыс телефоны арқылы Бірыңғай байланыс орталығына хабарласып қызметтерді көрсету орындарындағы стендтерден, сайттардан, электронды үкімет веб-порталынан алуға болады. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына арттыру мақсатында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылауларға қатысу.

Қазіргі таңда көптеген мемлекеттiк қызметтер кез келген Қазақстандыққа «e-gov» порталы арқылы қол жетімді.

Яғни, Сіз «электрондық үкiмет» порталы арқылы өзіңізге қажетті қызметті ала аласыз. Кез келген электрондық қызметті алу үшін — оған электрондық цифрлық қолтаңбаңыз болу керек. Электрондық цифрлық қолтаңбаның артықшылығы «e-gov» порталы арқылы алдағы уақытта электрондық цифрлық қолтаңбаңызды қолданып, үйде отырып, дербес компьютерлері арқылы мемлекеттік қызметтерді ала аласыз.

 


Egov