Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


“Латын әліпбиіне көшу – маңызды қадам” атты дөңгелек үстел

Қордай аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде өткізілген “Латын әліпбиіне көшу – маңызды қадам” атты
дөңгелек үстелінің ақпараты.

9 ақпан күні Қордай аудандық орталықтандырылған  кітапханалар жүйесінің кітапханашыларының ұйымдастыруымен «Латын әліпбиіне көшу – маңызды қадам»  атты дөңгелек үстел отырысы кітапхана қызметкерлерінің қатысуымен орталық кітапхананың оқу залында өтті.

Жиын АОК кітапханашысы Ембердиева Арайдың  кіріспе сөзімен ашылып, теледидардан бұрын қазақ жазуында қолданылып келген әліпбилер тарихы туралы бейнежазба көрсетілді.

Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін және болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиістігін айтқан болатын.

Ғалымдар, әдебиетшілер, жалпы қауым арасында бұл мәселеге қатысты пікір екі жақты. Бірі қажет дейді, бірі қажет емес дейді. Пайдасы мен зияны жөнінде де бейнежазбадан  көрсетілді. Кітапханашылар арасында өз атын, тегін, әкесінің атын жазып, латын әліпбиіне көшудің тиімді де пайдалы тұстары жайлы, тиімсіз тұстары жайлы, латын әліпбиін үйренудің жолдары жайлы сұрақтарға жауап беру арқылы ой бөлісе отырды.

Латын әліпбиін қабылдау бізге ұлттық құндылықтарды, рухани байлығымызды, рухани мәдениетімізді, салт-дәстүрімізді сақтап ары қарай дамытуға себепші болады.

 

 

 

 

 

 


Egov