Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі

 

Қордай  ауданы  әкімдігінің сәулет, қала  құрылысы  және 

құрылыс бөлімінің 2017 жылдың 9 айында атқарылған

жұмыстары туралы Есебі

 

         Құрылыс жұмыстары:

  1. «Соғанды ауылында 50 оқушыға №33 мектебінің құрылысын салу». Нысанның сметалық құны 395898,0 мың теңге. 2017 жылға бөлінген қаражат – 150000,0 мың теңге. Мердігер «Темир-Строй Сервис и Ко» ЖШС. Келісім шарт 27.01.2017ж. №9, сомасы 373410,0 мың теңге. 9 айдың қаржыландыру жоспары – 150000,0 мың теңге, 30.09.2017 ж. игерілгені 150000,0 мың теңге, немесе 100 %.     Қазіргі танда келесі жұмыстар атқарылуда: жер жұмыстары – 100 %, темірбетонды фундаменттардың құралдары – 90 %, темірбетонды колонналардың құралдары және ригелдер – 60 %, ВЛ-10-кВ бойынша темірбетонды тіректерін құрастыру – 90 %, магистральды кабельдерді жүргізу – 70 %, таза судын 2 дана резервуары – 100 %, ұңғыма – 100 %, қоршау – 100 %, кірпіш қалауы – 10 %. Құрылыстың аяқталу мерзімі 25.08.2018 ж.
  2. «Көктөбе ауылында 50 оқушыға №40 мектебінің құрылысын салу». Нысанның сметалық құны 339520,0 мың теңге. 2017 жылға бөлінген қаражат – 150000,0 мың теңге. Мердігер «Центр Снаб Сервис» ЖШС.  Келісім шарт  01.02.2017ж. №15, сомасы 328177,0 мың теңге. 9 айдың қаржыландыру жоспары – 150000,0 мың теңге, 30.09.2017 ж. игерілгені 150000,0 мың теңге, немесе 100 %. Қазіргі танда келесі жұмыстар атқарылуда: жер жұмыстары – 100%, темірбетонды фундаменттардың құралдары – 60%, қазандық – 20%, көмірге бастырма – 60%, ВЛ-10-кВ ТП-мен қоса – 100%, кірпіш қалауы – 100%, жабу плиталары – 100%, темірбетонды құралдары – 100%, жылу жүйелеріне материалдар – 100%. Құрылыстың аяқталу мерзімі 25.08.2018ж.   2017 жылдың 13 шілдедегі бөлімге түскен ТОО «ЦентрСнабСервис» мердігерінің хаты бойынша 2018 жылға қарастырған қаражатының 100 млн. теңгесін Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына бюджетті нақтылау кезеңінде қарастырып беруі бойынша хат жолданды.
  3. «Шарбақты ауылында №36 негізгі мектебіне спорт залының құрылысы». Нысанның сметалық құны 65377,0 мың теңге. 2017 жылға бөлінген қаражат – 62721,0 мың теңге. Мердігер «Алира сервис компани» ЖШС. Келісім шарт 27.01.2017ж. №16, сомасы 61753,0 мың теңге. 9 айдың қаржыландыру жоспары – 58000,0 мың теңге, 30.09.2017 ж. игерілгені – 40835,1 мың теңге, немесе 70,4 %, игерілмегені – 17164,9 мың теңге. Қазіргі танда келесі жұмыстар атқарылуда: жер жұмыстары – 100%, темірбетонды фундаменттардың құралдары – 100%, темірбетонды колонналардың құралдары және ригелдер – 90 %, кірпіш қабырғаларының құралдары – 100%. Құрылыстың аяқталу мерзімі 15.10.2018 ж.
  4. Қордай ауылындағы «Шығыс» және «Солтүстік» тұрғын үй құрылыс ғимаратына инженерлік инфрақұрылымын (қиыршық тас жол) салу». Нысанның сметалық құны 708330,0 мың теңге. 2017 жылға бөлінген қаражат – 60000,0 мың теңге. Мердігер «Тараз Құрылыс Дизайн» ЖШС. Келісім шарт 03.05.2017 ж. №58, сомасы 593600,0 мың теңге. 9 айдың қаржыландыру жоспары – 60000,0 мың теңге, 30.09.2017 ж. игерілгені 60000,0 мың теңге, немесе 100 %. Жылдың аяғына дейін мердігер қосымша 120000,0 мың теңге сұрап отыр. Қазіргі танда қиыршық тас құмды қоспасынан 17 км. жол салынды. Құрылыстың аяқталу мерзімі 20.08.2018 ж.
  5. «Ауқатты ауылының сумен қамтамасыздандыру жүйелерін қайта жаңғырту». Нысанның сметалық құны – 965977,0 мың теңге. 2017 жылға бөлінген қаражат – 324563,0 мың теңге, оның ішінде РБ – 229107,0 мың теңге, ОБ – 95456,0 мың теңге. Бас мердігері «Пырақ Құрылыс» ЖШС. Келісім шарт №30 07.03.2017 ж. жасалған, сомасы 864785,0 мың теңге. 9 айдың қаржыландыру жоспары – 319107,0 мың теңге, оның ішінде РБ – 229107,0 мың теңге, ОБ – 90000,0 мың теңге. 30.09.2017 ж. игерілгені – 319107,0 мың теңге, немесе 100 %. Қазіргі танда келесі жұмыстар атқарылуда: 2 сорғы станциясы – 85%, 1 сорғы станциясы – 90%, таза судын резервуары – 85%, темірбетонды қоршау – 100%, 2 дана ұңғыманы бұрғылау – 90%, ВЛ 10 кВ – 100%, мұңара – 100%, 2 дана қабылдағыш фильтрлер – 40%, су құбырларының құралдары – 12,5 км. Құрылыстың аяқталу мерзімі 25.11.2018 ж.
  6. «Қордай ауылындағы «Шығыс» және «Солтүстік» тұрғын үй құрылыс ғимаратына инженерлік инфрақұрылымын (электрмен жабдықтау) салу». Нысанның сметалық құны 989230,0 мың теңге. 2016 жылы 275000,0 мың теңге бөлініп, 100% игерілді. 2017 жылға бөлінген қаражат – 632612,0 мың теңге, игерілгені 100%. Мердігер «Пырақ Құрылыс» ЖШС. Келісім шарт 17.11.2016ж. №57, сомасы 966501,0 мың теңге. Нысан қабылдау актісімен 25.09.2017 ж. пайдалануға берілді.
  7. «Сортөбе ауылындағы жаңа жеке тұрғын алқабының инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылымдарын салу. Электрмен қамтамасыз ету және көшелері». Нысанның сметалық құны 299110,0 мың теңге. Мердігер – «Атырау ЖБИ» ЖШС. Келісім шарт №45 2016 жылы 26 қыркүйекте жасалынған. Келісім шарт құны – 285800,0 мың теңге. 2016 жылы 220000,0 мың теңге бөлініп, 100% игерілді. 2017 жылға бөлінген қаражат – 68945,0 мың теңге, игерілгені 100%. Нысан қабылдау актісімен 25.08.2017 ж. пайдалануға берілді.

 

Жобалау жұмыстары:

 

  1. «Қалғұты ауылындағы 180 орындық орта мектебінің  құрылысы» нысанына жобалық-сметалық құжаттаманы даярлау.

Жобалау жұмыстары бойынша: Мемлекеттік сатып алу конкурсының ұйымдастырушысы «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» КММ-сі. Хабарлама 30.06.2016 ж. жарияланды. Өтініштерді қабылдау жұмыстары 27.07.2016 ж. аяқталды. Жобалаушы «Күмбез-Тас» ЖШС. Келісім шарт  15.08.2016ж. №40, сомасы 5600,0 мың теңге, 100% игерілді. Қазіргі танда ЖСҚ әзірленді.

Сараптама жұмыстары бойынша: 2017 жылы мемсараптамаға бөлінген сомасы – 2000,0 мың теңге. Ашық конкурс өткізілді. Жеңімпаз «Экспертиза PRO» ЖШС Астана қаласы. Келісім шарт 23.08.2017 ж. жасалған, сомасы 2164,7 мың теңге. Аяқталу мерзімі құжаттамаларды жинақтау өткеннен бастап  30 күн. Алдын ала мерзімі (25.10.2017 ж.)

  1. «Арал ауылында №25 негізгі мектебіне спорт залының құрылысы» нысанына жобалық-сметалық құжаттаманы даярлау. 2017 жылы жобалау және сараптама жұмыстарына бөлінген сомасы – 4000,0 мың теңге.

Жобалау жұмыстары бойынша: Мемлекеттік сатып алу конкурсының ұйымдастырушысы «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» КММ-сі. Хабарлама 12.01.2017 ж. жарияланды. Өтініштерді қабылдау жұмыстары 03.02.2017 ж. аяқталды. Жобалаушы – «Тараз-Технопроект» ЖШС, келісім шарт №54 27.03.2017 жылы жасалынған, сомасы 2550,0 мың теңге, 100% игерілді. Қазіргі танда ЖСҚ әзірленді.

Сараптама жұмыстары бойынша: Ашық конкурс өткізілді. Жеңімпаз «Экспертиза PRO» ЖШС Астана қаласы. Келісім шарт 24.08.2017 ж. жасалған, сомасы 999,9 мың теңге. Аяқталу мерзімі құжаттамаларды жинақтау өткеннен бастап 30 күн. Алдын ала мерзімі (25.10.2017 ж.)

  1. «Жаңатұрмыс ауылындағы №29 орта мектебінің жылу қазандығының құрылысын салу» нысанына жобалық-сметалық құжаттаманы даярлау. 2017 жылы жобалау және сараптама жұмыстарына бөлінген сомасы – 3500,0 мың теңге.

Жобалау жұмыстары бойынша: Мемлекеттік сатып алу конкурсының ұйымдастырушысы «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» КММ-сі. Хабарлама 11.11.2016 ж. жарияланды. Өтініштерді қабылдау жұмыстары 05.12.2016 ж. аяқталды. Жобалаушы «Табыс-Жоба» ЖШС. Келісім шарт №2 17.01.2017 ж. жасалынған, сомасы 2348,0 мың теңге, 100% игерілді. Қазіргі таңда ЖСҚ әзірленді.

Сараптама жұмыстары бойынша: «Госэкспертиза» РМК-ға тапсырылды. Келісім шарт 25.08.2017 ж. жасалған, сомасы   1173,0 мың теңге, қазіргі таңда 351,9 мытеңге игерілді. Аяқталу мерзімі құжаттамаларды жинақтау өткеннен бастап 45 күн.(30.10.2017 ж.)

  1. «Гвардейск кентінің №43 орта мектебінің жылу қазандығының құрылысын салу» нысанына жобалық-сметалық құжаттаманы даярлау. 2017 жылы жобалау және сараптама жұмыстарына бөлінген сомасы – 3500,0 мың теңге.

Жобалау жұмыстары бойынша: Мемлекеттік сатып алу конкурсының ұйымдастырушысы «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» КММ-сі. Хабарлама 11.11.2016 ж. жарияланды. Өтініштерді қабылдау жұмыстары 05.12.2016 ж. аяқталды. Жобалаушы «Табыс-Жоба» ЖШС. Келісім шарт  №3 18.01.2017 ж. жасалынған, сомасы  2348,0 мың теңге, 100% игерілді. Қазіргі танда жобалық-сметалық  құжаттамасы  әзірленді.

Сараптама жұмыстары бойынша: Жамбыл облысы бойынша «Мемсараптама» РМК- ға 30.09.2017 ж. тапсырылды. Аяқталу мерзімі құжаттамаларды жинақтау өткеннен бастап 45 күн.(30.11.2017 ж.)

  1. «Қордай ауданы әкімдігінің білім бөлімінің жаңа ғимаратының құрылысын салу» нысанына жобалық-сметалық құжаттаманы даярлау. 2017 жылы жобалау және сараптама жұмыстарына бөлінген сомасы – 7810,0 мың теңге.

Жобалау жұмыстары бойынша: Мемлекеттік сатып алу конкурсының ұйымдастырушысы «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» КММ-сі. Хабарлама 12.01.2017 ж. жарияланды. Өтініштерді қабылдау жұмыстары 03.02.2017 ж. аяқталды. Ашық конкурс өткізілді. Жобалаушы – ТОО «Тараз-Технопроект», келісім шарт №53 27.03.2017 ж. жасалынған, сомасы 6000,0 мың теңге. Қазіргі танда ЖСҚ әзірленді.

Сараптама жұмыстары бойынша: Ашық конкурс өткізілді. «Экспертиза PRO» ЖШС Астана қаласы. Келісім шарт 24.08.2017 ж. жасалған, сомасы 1785,7 мың теңге. Экспертиза жұмыстары күрделігіне байланысты «Экспертиза PRO» ЖШС нысанды Мемлекеттік сараптамаға тапсыруда.

  1. «Масаншы ауылына 600 орындық орта мектебінің құрылысын салу» нысанына жобалық-сметалық құжаттаманы даярлау. 2017 жылы жобалау және сараптама жұмыстарына бөлінген сомасы – 26500,0 мың теңге.

Жобалау жұмыстары бойынша: Мемлекеттік сатып алу конкурсының ұйымдастырушысы «Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» КММ-сі. Хабарлама 21.12.2016 ж. жарияланды. Өтініштерді қабылдау жұмыстары 13.01.2017 ж. аяқталды. Жобалаушы – ТОО «Тараз-Технопроект», келісім шарт №24 13.02.2017 ж. жасалынған, сомасы  11270,0 мың теңге, 100% игерілді. Қазіргі танда жобалық-сметалық  құжаттамасы  әзірленді.

Сараптама жұмыстары бойынша: Жамбыл облысы бойынша «Мемсараптама» РМК-ға  30.09.2017 ж. тапсырылды. Қазіргі таңда 624,1 мың теңге игерілді. Аяқталу мерзімі құжаттамаларды жинақтау өткеннен бастап 45 күн.(30.11.2017 ж.)

  1. «Қордай ауылына 5 қабатты 50 пәтерлі тұрғын үй құрылын салу» нысанының жобалық-сметалық құжаттамасын түзету және кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізу. 2017 жылы жобалау және сараптама жұмыстарына бөлінген сомасы – 11500,0 мың теңге.

Жобалау жұмыстары бойынша: Мемлекеттік сатып алу конкурсының ұйымдастырушысы «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» КММ-сі. Ашық конкурс өткізілді. Хабарлама 12.01.2017 ж. жарияланды. Өтініштерді қабылдау жұмыстары 03.02.2017 ж. аяқталды. Жобалаушы «Күмбез-Тас» ЖШС. Келісім шарт   №44 10.03.2017ж. жасалынған, сомасы 8400,0 мың теңге, 100% игерілді. Қазіргі танда ЖСҚ әзірленді.

Сараптама жұмыстары бойынша: Ашық конкурс өткізілді. Жеңімпаз «Экспертиза PRO» ЖШС Астана қаласы. Келісім шарт 24.08.2017 ж. жасалған, сомасы 1785,7 мың теңге. Аяқталу мерзімі құжаттамаларды жинақтау өткеннен бастап 30 күн. Алдын ала мерзімі (25.10.2017 ж.)

  1. «Қасық ауылындағы сумен қамтамасыздандыру жүйелерін қайта жаңғырту» нысанына жобалық-сметалық құжаттаманы даярлау. 2017 жылы жобалау және сараптама жұмыстарына бөлінген сомасы – 15000,0 мың теңге.

Жобалау жұмыстары бойынша:  Мемлекеттік сатып алу конкурсының ұйымдастырушысы «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» КММ-сі. Ашық конкурс өткізілді. Хабарлама 12.01.2017 ж. жарияланды. Өтініштерді қабылдау жұмыстары 03.02.2017 ж. аяқталды. Жобалаушы мекеме «Табыс-жоба» ЖШС, келісім шарт №42 11.03.2017 жылы жасалынды, сомасы 8750,0 мың теңге.  Жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Жер учаскесі жаңадан қарастырылған себебінен жобалау жұмыстарының аяқталуы 2017 жылдың 30 қазанына дейін ұзартылды.

  1. «Қордай ауылының «Шығыс» және «Солтүстік» ықшам ауданының жеке тұрғын құрылысы алқабының инженерлік инфрақұрылымы сумен қамтамасыз ету» нысанына жобалық-сметалық құжаттаманы даярлау. 2017 жылы аудандық бюджеттен жобалау және сараптама жұмыстарына бөлінген сомасы 14000,0 мың теңге.

Жобалау жұмыстары бойынша: Жобалаушы «ПСК Градцентр» ЖШС. Келісім шарт  №55,  27.03.2017 жылы жасалынды, сомасы 11200,0 мың теңге. Қазіргі танда ЖСҚ әзірленді.

Сараптама 2 бөлімнен тұрады: сыртқы су жүйелері және су жинау жүйесі.

  1. Сыртқы су жүйелері бөлімі бойынша сараптамадан өткізуге конкурс 11.09.2017 ж. жарияланды. Аяқталу мерзімі құжаттамаларды жинақтау өткеннен бастап 30 күн.(20.11.2017 ж.)
  2. Су жинау жүйесі бөлімі мемлекеттік сараптамага тапсыруга құжаттары жинақталуда.
  3. «Сарыбулак ауылындағы сумен жабдықтау желісі және су жинау құрылысын салу» нысанына жобалық-сметалық құжаттаманы даярлау. 2017 жылы жобалау жұмыстарына бөлінген сомасы – 500,0 мың теңге.

Жобалау жұмыстары бойынша: Жобалау жұмыстарының жалпы құны 17000,0 мың теңге. Мемлекеттік сатып алу конкурсының ұйымдастырушысы «Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» КММ-сі. Ашық конкурс өткізілуде. Хабарлама 15.09.2017 ж. жарияланды. Өтініштерді қабылдау жұмыстары 10.10.2017 ж. аяқталады.

  1. «Қайнар ауылындағы сумен жабдықтау желісі және су жинау құрылысын салу» нысанына жобалық-сметалық құжаттаманы даярлау. 2017 жылы жобалау жұмыстарына бөлінген сомасы – 500,0 мың теңге.

Жобалау жұмыстары бойынша: Жобалау жұмыстарының жалпы құны 17000,0 мың теңге. Мемлекеттік сатып алу конкурсының ұйымдастырушысы «Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» КММ-сі. Ашық конкурс өткізілуде. Хабарлама 15.09.2017 ж. жарияланды. Өтініштерді қабылдау жұмыстары 10.10.2017 ж. аяқталады.

  1. «Қордай ауылы «Батыс» тұрғын алқабындағы сумен жабдықтау желісі және су жинау құрылысын салу» нысанына жобалық-сметалық құжаттаманы даярлау. 2017 жылы жобалау жұмыстарына бөлінген сомасы – 500,0 мың теңге.

Жобалау жұмыстары бойынша: Жобалау жұмыстарының жалпы құны 17000,0 мың теңге.  Мемлекеттік сатып алу конкурсының ұйымдастырушысы «Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» КММ-сі. Ашық конкурс өткізілуде. Хабарлама 15.09.2017 ж. жарияланды. Өтініштерді қабылдау жұмыстары 10.10.2017 ж. аяқталады.

  1. «Қордай ауылы «Қордай» өткізу бекетінің жол бойындағы қызмет көрсету сервисінің инфрақұрылым құрылысын салу» нысанына жобалық-сметалық құжаттаманы даярлау. 2017 жылы жобалау жұмыстарына бөлінген сомасы – 1000,0 мың теңге.

Жобалау жұмыстары бойынша: Жобалау жұмыстарының жалпы құны 6000,0 мың теңге.  Мемлекеттік сатып алу конкурсының ұйымдастырушысы «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» КММ-сі. Хабарлама 04.09.2017 ж. жарияланды. Өтініштерді қабылдау жұмыстары 26.09.2017 ж. аяқталды. Қазіргі таңда конкурска қатысқан жобалаушылардың құжаттары қаралуда.

 

Дайын жобалар:

 

  1. «Күнбатыс – 2 ауылындағы 150 орындық мектеп құрылысы» нысанына жобалық-сметалық құжаттаманы даярлау.

Жобалау жұмыстары бойынша: 2017 жылы бөлінген сомасы – 2000,0 мың теңге, толық игерілді. Жобалаушы «Тараз Технопроект» ЖШС. Келісім шарт  №40 13.10.2016 ж. жасалынған, сомасы 4800,0 мың теңге, 100% игерілді. Сараптама жұмыстары бойынша: Сараптама қорытындысы №19-0106/17, 26.04.2017 ж. алынды. Қазіргі таңда бюджеттік өтінімдер облыстық экономика басқармасына тапсырылды.

  1. «Степное ауылындағы мәдениет үйіне қазандық құрылысы» нысанына жобалық-сметалық құжаттаманы даярлау.

Жобалау жұмыстары бойынша: 2016 жылы жобалау жұмыстарына бөлінген сомасы – 2750,0 мың теңге, 100% игерілді. 2017 жылы жобалау жұмыстарына бөлінген сомасы – 1116,0 мың теңге. Жобалаушы – «Тараз-Технопроект» ЖШС, келісім шарт №39 09.08.2016 жылы жасалынған, сомасы 2755,0 мың теңге, 100% игерілді.

Сараптама жұмыстары бойынша: Сараптама қорытындысы №19-0165/17, 14.06.2017 ж. алынды. Қазіргі таңда бюджеттік өтінімдер облыстық экономика басқармасына тапсырылды.

  1. «Шарбақты ауылындағы №36 орта мектебінің жылу қазандығының құрылысын салу» нысанына жобалық-сметалық құжаттаманы даярлау. Жобалау жұмыстары бойынша: 2017 жылы жобалау жұмыстарына бөлінген сомасы – 1197,0 мың теңге, толық игерілді. Жобалаушы «Табыс-Жоба» ЖШС. Келісім шарт №64 27.12.2016 ж. жасалынған, сомасы 2300,0 млн. теңге. Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттамасы әзірлді.

Сараптама жұмыстары бойынша:  Сараптама қорытындысы №19-0231/17, 25.07.2017 ж. алынды. Қазіргі танда бюджеттік өтінімдер облыстық экономика басқармасына тапсырылды.

  1. «Отар ауылындағы №41 орта мектебінің жылу қазандығының құрылысын салу» нысанына жобалық-сметалық құжаттаманы даярлау. Жобалау жұмыстары бойынша: 2017 жылы жобалау жұмыстарына бөлінген сомасы – 2348,0 мың теңге толық игерілді. Жобалаушы «Табыс-Жоба» ЖШС. Келісім шарт №4 18.01.2017 ж. жасалынған, сомасы 2348,0 мың теңге. 2017 жылдың 1 маусымына 2348,0 мың теңге игерілді. Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттамасы  әзірленді.

Сараптама жұмыстары бойынша: Сараптама қорытындысы №19-0272/17, 14.08.2017 ж. алынды. Қазіргі танда бюджеттік өтінімдер облыстық экономика басқармасына тапсырылды.

 

Дайын бас жоспарлар:

 

  1. «Масаншы ауылының бас жоспарын және егжей-тегжейлі жоспарының сызбаларын түзету». 2017 жылы аудандық бюджеттен бөлінген сомасы 6500,0 мың теңге толық игерілді. Жобалаушы «Нұр-құрылыс-80» ЖШС. Келісім шарт №50 27.03.2017 жылы жасалынды, сомасы 6500,0 мың теңге. Бас жоспар әзірленіп, аудандық мәслихаттын №18-11 шешімімен 2017 жылдың 15 тамызында бекітілді.
  2. «Отар ауылының бас жоспарын және егжей-тегжейлі жоспарының сызбаларын түзету». 2017 жылы аудандық бюджеттен бөлінген сомасы 5500,0 мың теңге толық игерілді. Жобалаушы «Нұр-құрылыс-80» ЖШС. Келісім шарт №51 27.03.2017 жылы жасалынды, сомасы 5500,0 мың теңге. Бас жоспар әзірленіп, аудандық мәслихаттын №18-10 шешімімен 2017 жылдың 15 тамызында бекітілді.
  3. «Аухатты ауылының бас жоспарын және егжей-тегжейлі жоспарының сызбаларын түзету» 2017 жылы аудандық бюджеттен бөлінген сомасы 5500,0 мың теңге толық игерілді. Жобалаушы «Нұр-құрылыс-80» ЖШС. Келісім шарт №52 27.03.2017 жылы жасалынды, сомасы 5500,0 мың теңге, 100% игерілді. Бас жоспар әзірленіп, аудандық мәслихаттын №18-9 шешімімен 2017 жылдың 15 тамызында бекітілді.

 

Аудан бойынша 2017 жылдың 1 қазан айына 263 жеке тұрғын үй  пайдалануға берілді, жалпы алаңы 23302 м2. Бөлім 59 дана сәулет-жоспарлау тапсырмасын әзірледі және 19 жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастырып, оңды шешім қабылдады.