Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі

2017 жылдың қорытындысы бойынша

Қордай ауданының әлеуметтік-экономикалық

көрсеткіштері туралы ақпарат

 

2017 жылдың қорытындысы бойынша Қордай ауданы келесі экономикалық даму көрсеткіштеріне қол жеткізді.

Өнеркәсіп кәсіпорындарымен 12303,5 (2016ж. 13078,9) млн. теңгенің өнімі өндіріліп, физикалық көлем индексі 102,8 пайызды құрады.

Негізгі капиталға салынған жалпы инвестиция көлемі 19234,8 млн. теңге немесе 110,6 пайызды құрады (17048,1 млн.тенге немесе 66,2%).

Оның ішінде: республикалық бюджет есебінен 8770,1 млн. теңге, жергілікті бюджет есебінен 1157,8 млн. теңге, меншікті қаражат есебінен 6040,5 млн. теңге, банктердің несиелері есебінен 3134,3 млн. теңге және басқа да қарыз қаражаттар есебінен 131,9 млн. теңге.

Бүгінгі күнге 2015-2019 жылдарға арналған ауданның өңірлік индустрияландыру картасына енгізілген жалпы жобалық құны 47 млрд. 528 млн. теңге құрайтын 4 жоба жүзеге асуда: 1) «Первомайские деликатесы» ЖШС-нің шұжық өндіретін цехын жаңарту жобасы жүзеге асырылды; 2) «Алатау Қордай» ЖШС-і Қарасай ауылдық округінде орналасқан «Қырғау» алтын кен орнында 75 пайыздық алтын-күміс концентратын шығару кіші-зауыт салу; 3)«Aurum Deutschland» (Аурум дойчланд) ЖШС-і – тау-кен металургиялық комбинатының құрылысы және құрамында алтыны бар кенді игеру; 4) «BioVet KZ» ЖШС-і ветеринарлық препараттарды өндіру биокомбинатының құрылысы.

Сауда. Бөлшек сауда айналымының көлемі 17076,9 млн. теңгені құрап, 2016 жылмен салыстырғанда 20,9%-ға өсті, көтерме сауда айналымы 6172,8 млн. теңгені құрап, 19,3%-ға төмендеді.

Ауыл шаруашылығы. Жалпы өнім көлемі  45134 млн. теңге немесе нақты көлем индексі 116,5% (2016ж. 44647,6 млн. теңге немесе 111,8%), оның ішінде: мал шаруашылығы 20034 млн.теңге немесе 107,4% (17551 млн.теңге немесе 108,1%), өсімдік шаруашылығында 25097,6 млн.теңгені немесе 123,1% құрайды (27094,1 млн.теңге немесе 114,7%).

2017 жылы орылған 45615 га масақты дақылдардың орташа өнімділігі 23,4 ц/га құрап, оның ішінде: күздік бидай  17972 га, орташа өнімділігі 23,4 ц/га-дан, арпа 27643 га, орташа түсім 23,0 ц/га.

Шаруашылықтың барлық санаттарында 19444,5 тонна ет (тірідей салмақта) өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 14,5% артты, 61439,9 тонна сүт өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 5,3% артты, жұмыртқа 18994,2 мың дана, өткен жылмен салыстырғанда 1,6% артты.

Есепті жылға мүйізді ірі-қара–64,3 мың бас немесе 111,1%, жылқы –16,3 мың бас немесе 100,7%;  қой мен ешкі 393,8 мың бас немесе 104,4%, шошқа-2,2 мың бас немесе 100% және құстар-109,4 мың бас немесе 100,1%.

Ветеринария саласы бойынша эпизоотияға қарсы іс-шаралары жылдық жоспар бойынша жүргізілді. Эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге жергілікті бюджеттен 203,0 млн.теңге бөлініп, жұмыстар толық аяқталып, игерілді.

Бруцеллез ауруына диагностикалық зерттеуге  73841 бас ірі қара, 488329  бас ұсақ  малынан, 2329 бас шошқа, 149 бас жылқы, 487 бас иттен қан сынамалары алынып, ветеринариялық зертханада тексерілді, нәтижесінде 65 бас ірі қара (2016 ж. 69 бас), 276 бас ұсақ малы (2016 ж. 384 бас) және 2 бас иттің қан сарысуы сынамаларынан оң нәтиже анықталды, 2 бас ит өлтіріліп биотермиялық шұңқырға тасталынды (2016 ж. 3 бас ит).

Бруцеллезге шалдыққан малдар оқшауланып, сойылып, шұжық цехтарына өткізілуде. Бүгінгі күнге 63 бас ірі қара малы сойылып, ал 2 бас өлім-жітімге ұшырап, залалсыздандырылды. Ұсақ малдан 223 басы сойылып, Тараз қаласындағы ЖК «Смагулов» ет өңдеу кәсіпорнына өткізілді. Қалған 53 бас ұсақ мал өлім-жітімге ұшырап, актілері түзілді.

Құрылыс жұмыстарының көлемі  19245,6  млн. теңге немесе 155,4 пайызды құрады (2016 жылға 14425,5 млн.теңге немесе 117,1%).

Құрылыс жұмыстарының ірі көлемдер жасаған: «Жол жөндеуші» ЖШС – 2899,1 млн.теңге (жол жөндеу), «Ла Ривьера» ЖШС – 1604,1 млн.теңге (шекарадағы кенттің  құрылысы), «Казахдорстрой» ЖШС – 5349,6 млн.теңге (Батыс Еуропа – Батыс Қытай жол құрылысы), «Сине Мидас Строй» ЖШС – 2333,4 млн.теңге (Батыс Еуропа – Батыс Қытай жол құрылысы), «Дживи Констракшн» ЖШС – 700,2 млн.теңге (мал сою қасапхананың құрылысы).

Білім беру саласы бойынша облыстық бюджет есебінен ауданда жалпы сомасы 707765 мың теңгеге Көктөбе және Соғанды ауылдарында 50 орынға 2 мектеп құрылысы жүргізілуде (аяқталу мерзімі 25.08.2018 жыл).

Сонымен қатар, 61753 мың теңгеге Шарбақты ауылының №36 негізгі мектепке спорт залы салынды.

Жалпы сомасы 593600,0 мың теңгеге «Шығыс» және «Солтүстік» тұрғын үй алқабына көше жолдарын салу жұмыстары басталды, аяқталу мерзімі 20.08.2018 жыл.

Пайдалануға енгізілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі 55,5 мың шаршы метрді құрады немесе нақты көлем индексі 148,1 пайыз (2016 жылға 37,5 мың шаршы метр немесе 137%).

Қазіргі таңда Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азамат ретінде 1206 азамат кезекте тұр.

Салық. Мемлекеттік бюджетке түсетін салықтық және басқа да міндетті төлемдердің түсімі бойынша нақты орындалғаны 5661,2 млн.теңге немесе 105,6 пайыз, артық орындалғаны 297,9 млн.теңге, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда түсімдер 638,6 млн.теңгеге артық немесе өсім қарқыны 112,7 пайызды құрады.

Бола тұра республикалық бюджет бойынша нақты орындалғаны 1830,8 млн.теңге немесе 103,5 пайыз, артық орындалғаны 61,5 млн.теңге, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда түсімдер 210,4 млн.теңгеге кем немесе өсім қарқыны 89,7 пайызды құрады.

Облыстық бюджет бойынша нақты орындалғаны 1597,9 млн.теңге немесе 101,5 пайыз, артық орындалғаны 24,2 млн.теңге, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда түсімдер 156,4 млн.теңгеге артық немесе өсім қарқыны 110,9 пайызды құрады.

Аудандық бюджет бойынша  нақты орындалғаны 2232,4 млн.теңге немесе 110,5 пайыз, артық орындалғаны 212,2 млн.теңге, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда түсімдер 692,6 млн.теңгеге артық немесе өсім қарқыны 145,0 пайызды құрады.

Әлеуметтік қорғау. 2017 жылы 22  отбасыға немесе 84 адамға 5198,0 мың теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмегі, 1624 отбасыға немесе 5971  балаға  116 906,0 мың теңге 18  жасқа  дейінгі  балаларға  жәрдемақы тағайындалды.

Өмірдің қиын жағдайында қалған азаматтарға  10403,0 мың.теңгенің материалдық көмегі, ауылды жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алуына 4966 маманға 56,4 млн. теңгенің әлеуметтік көмегі көрсетілді.

«Өрлеу»  пилоттық бағдарламасы аясында 2017 жылы 185 отбасыға немесе 1017 адамға 27998,0  мың теңге көлемінде шартты ақшалай көмек төленді.

Жәрдемақы тағайындалған отбасылардың еңбекке қабілетті 185 адамы жұмыспен қамтылды, атап айтқанда: 47 азамат әлеуметтік жұмыс орындарына, 47  азамат ақылы қоғамдық жұмыстарға, 65 азамат тұрақты жұмысқа жолданды және 26 азамат кәсіби оқу курстарымен қамтылды.

Білім беру. Білім беру жүйесіне 2017 жылы 8 864,1 млн. теңге бөлінді (2016 жылы -8 282,6 млн. теңге).

Бүгінгі күні 45 балабақша мен 19 шағын орталықта 6229 бала тәрбиеленіп, мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандар үлесі 1-6 жас аралығында – 57,7 %-ды (облыстық көрсеткіш 58,9%), 3-6 жасқа дейін 82,2% (облыстық көрсеткіш – 83,0 пайыз), 5-6 жасқа дейін 100%-ды құрап отыр.

2017 жылы «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыру» бағдарламасы аясында жаңадан 9 жекеменшік балабақша 520 орын, 3 жекеменшік балабақшаның филиалдары 320 орын және қосымша топтар 450 орын ашылды.

Денсаулық сақтау. Профилактикалық  қарауды  жүргізу  скринингі бойынша  Республикалық бюджеттен 16,5 млн. теңге, тегін медициналық көмектің кепілдікке 146,1 млн. теңге бөлініп, игерілді.

Нәрестелік өлім көрсеткіші 1000 тірі туған нәрестеге есептегенде 0,5%-ға төмендеп, 4,9-ді құрады (2016 жылы – 5,4).  Аналар өлімі жоқ.

Туберкулез бойынша белсенді туберкулезбен есепте тұрған- 76 адам (оның ішінде жасөспірімдер  – 1, балалар – 2), оның ішінен БК + 45.

Медициналық техниканы сатып алу үшін 236,4 млн.теңге бөлініп, игерілді.

«Самұрық-Тараз» ЖШС-нің «Бетқайнар» ауылына 20 келушіге арналған дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталды.

Мәдениет. Мемлекеттік мәдени-демалыс ұйымдарымен 41 елді мекеннің 26-ы немесе 63,4 пайызы қамтылған.

Мәдениет үйлердің материалдық-техникалық базаларын нығайтуға аудан бюджетінен 30672,0 мың теңге бөлінді, оның ішінде: 5101,0 мың теңгеге аудандық мәдениет үйінің көрермен залына заманауи жарық, 15098,0 мың теңгеге 11 мәдениет ошақтарына бейне бақылау камералары орнатылды. Степной ауылдық мәдениет үйіне 4179,0 мың теңгеге жұмсақ орындықтар орнатылды, 6294,0 мың тенгеге электр шөп шапқыштар, су насостары, электрогенератор, компьютер жиындары, жиһаздар, өрт сөндіргіштер, сахналық киімдер, мандайшалар сатып алынды.

Облыс бюджеті есебінен  18895,0 мың теңгеге Әльжан ана ауылдық мәдениет үйінің материалдық-техникалық базасы ұлғайды.

Аудан бойынша 41 ауылдық кітапханалар жұмыс істейді. Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің кітап қорының жалпы саны 339539  дана, оның 180811 данасы мемлекеттік тілде. 41 кітапхананың 30 интернет жүйесімен қамтылған.

Дене шынықтыру және спорт. Аудан бойынша 19 спорт түрі бойынша 284 спорттық іс-шараға 40738 адам қатысты немесе 28,6 пайыз.

Қордай ауылында 320 көрерменге арналған  дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне облыстық бюджетен 438,1 млн.теңге қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыстын аяқталу мерзімі – 2018 жылдың наурыз айы.

Қылмыстық құқық бұзушылықтарға қарсы күрес. Есепті кезең ішінде аудан бойынша 989  қылмыс тіркелді, көшелерде жасалған қылмыстардың үлес салмағы – 8 пайыз,  кәмелет жасына толмаған жастармен  жасалған қылмыстар үлес салмағы – 2,8 пайызды, бұрын қылмыс жасаған адамдармен жасалған қылмыстар үлес салмағы – 6,4  пайызды құрайды. Ашылуы 60,7 пайызды құрады.

100 зардап шеккен адамға шаққандағы  жол-көлік оқиғаларынан қайтыс болғандар санын төмендету 10,3 пайыз жоспарланып 17,4 пайызды құрады.


Egov