Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


Ауданда Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Жолдауын (30 қараша, 2015 ж.) насихаттау мен түсіндіру бойынша атқарылған жұмыстар туралы

2015 жылдың 30 қарашасында Қордай аудандық мәдениет үйінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Жолдаудыаудан әкімдігінің бөлім, мекеме басшылары, қызметкерлері, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, аудан тұрғындары, еңбек ұжымдары, БАҚ өкілдері тамашалады.

Сонымен қатар, ауданның барлық білім беру мекемелерінде, балабақша ұжымдарында, шаруақожалық ұжымдарында және жауапкершілігі шектеулі серіктестерінің ұжымдарында да жаңа Жолдаудың тікелей көрсетілімі  ұйымдастырылды.

Елбасының жаңа жолдауын түсіндіру мақсатында 2015 жылдың 4 желтоқсанында аудандық актив отырысы өткізілді.

Жолдауды аудан тұрғындарына насихаттау мен түсіндіру бойынша ауданда 19 адамнан тұратын аудандық ақпараттық насихаттық топ құрамы жасақталды.

Сонымен қатар, топтың елді мекендерге шығу кестесі мен 2015-2016 жылдарға арналған жұмыс жоспарына сәйкес 2015 жылдың 10-12 желтоқсан аралығында және 2016 жылдың ақпан айында топ мүшелері тиісті елді мекендерде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 36 кездесулерде 2 мыңға жуық қамтылды.

Аудандық «Қордай шамшырағы – Кордайский маяк» қоғамдық саяси газетінде 2015 жылдың 2 желтоқсанындағы санында Жолдаудың толық мәтіні жарық көрді.

Сондай ақ жолдауды аудан тұрғындарына түсіндіру мақсатында облыстық ақпараттық түсіндіру тобы 4 мәрте ауданда болып, 40 кездесу өткізді. Оған аудан тұрғындарының 2,5 мыңға жуық адамы қатысып, белсене атсалысты.

Жолдауды ақпараттық түсіндіру мақсатында ауданда бүгінгі күнге 20 билборд ілінген. Барлық 19 ауылдық окрутерде, 49 білім беру мекемелерінде, 18 мектепке дейінгі мекемелерде ақпараттық стендтер орнатылған.

Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты жүргізілуде.