Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


Қордай аудандық Қоғамдық кеңесінің 2017 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі.

Қордай аудандық  Қоғамдық кеңесінің

2017 жылы атқарған жұмыстары туралы

 Есебі

 

Аудандық Қоғамдық Кеңесте 5 тұрақты комиссия:

–        Бюджет, қаржы және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия;

–        Қоғамдық құқықтық тәртіпті сақтау, азаматтардың құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа  қарсы іс-әрекеттер жөніндегі комиссия;

–        Аграрлық саясат, ауылдық аумақтарды дамыту, табиғатты және жер ресурстарын пайдалану, техногендік үрдістер мәселелері жөніндегі комиссия;

–        Кәсіпкерлікті қолдау, құрылыс және коммуналдық шаруашылық салаларын дамыту мәселелері жөніндегі комиссия

–        Әлеуметтік-мәдени салалар  және қоғамдық , үкіметтік емес ұйымдармен байланыс мәселелері жөніндегі комиссия құрылып, бекітілген Ережеге сәйкес жұмыс атқарды.

Өткен жылы  Қоғамдық кеңестің 8 отырысы өткізіліп, 25 мәселе талқыланды.

Қоғамдық кеңестің нормативтік-құқықтық актілерге ұсыным беруі туралы ақпараттары:

  1. «2017 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру үйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» жобасы қаралып оң қорытынды берілді. 2. «Аудан, ауылдық округтер әкімдері аппараттары мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» жобасы қаралып оң қорытынды берілді.
  2. «Қордай ауданының елді мекендерінің аумағында жануарларды асырау Қағидасын бекіту

туралы» жобасы қаралып оң қорытынды берілді.

  1. «2017 жылға арналған аудандық бюджетіне енгізілген өзгерістер туралы» жобасы қаралып оң қорытынды берілді
  2. «Қордай ауданы бойынша әлуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Қордай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 31 наурыздағы № 39-7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  3. Қордай аудандық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалаудың әдістемесін бекіту туралы.
  4. Жамбыл ауылдық округінің Жамбыл ауылы көшелерінің атауларын өзгерту туралы.
  5. Ноғайбай ауылдық округінің Ноғайбай ауылы көшелерінің атауларын өзгерту туралы.
  6. Қақпатас ауылдық округінің Қақпатас ауылы көшелерінің атауларын өзгерту.
  7. Степной ауылдық округінің Степной ауылы көшелерінің атауларын өзгерту.
  8. Сарыбұлақ ауылдық округінің Сарыбұлақ ауылы көшелерінің атауларын өзгерту.
  9. Бетқайнар ауылдық округінің Бетқайнар ауылы көшелерінің атауларын өзгерту.
  10. Отар ауылдық округінің Отар ауылы көшелерінің атауларын өзгерту.
  11. Сортөбе ауылдық округінің Сортөбе ауылы көшелерінің атауларын өзгерту.
  12. Масаншы ауылдық округінің Масншы ауылы көшелерінің атауларын өзгерту.
  13. Ауқатты ауылдық округінің Ауқатты ауылы көшелерінің атауларын өзгерту.
  14. Қордай ауданындағы Сот шешімімен коммуналдық меншікке түсті деп танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидаларын бекіту туралы.
  15. Сұлутөр ауылдық округінің Көктөбе ауылы көшелерінің атауларын өзгерту.
  16. Қордай аудандық қоғамдық кеңесі 2017 жылға арналған аудандық бюджетіне енгізілген өзгерістердің жобасын мақұлдап, бекітуге ұсыным берілді.
  17. 2017 жылға арналған аудандық бюджетіне енгізілген өзгерістердің жобасын мақұлдап, бекіту туралы ұсыным берілді.
  18. Қарасу ауылдық округінің Қарасу ауылы көшелерінің атауларын өзгерту.
  19. 2017- 2020 жылға арналған аудандық бюджетіне енгізілген өзгерістердің жобасын мақұлдап, бекіту туралы ұсыным берілді.

 

Қордай аудандық қоғамдық кеңесі қызметтік әдеп нормаларының сақталуын қоса алғанда, мемлекеттік басқаруды жетілдіру және мемлекеттік аппараттың ашық жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың 14 өтініштері қаралып, барлығына толық  қанағаттандырарлықтай  жауап берілді.

Қазіргі уақытта өз өтініштері бойынша кеңес мүшелігінен шыққан азаматтардың орнына жаңа мүшелерді қалыптастыру үшін конкурстық комиссия құру туралы кеңестің  кеңестен тыс отырысын өткізу жоспарлануда, ағымдығы жылға жоспар бекітіліп, тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.

 

Қоғамдық кеңес төрайымы:                                   Б.Қарамолдаева


Egov