Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


Ноғайбай ауылдық округ әкімінің халық алдындағы есебінен ТЕЗИСТЕР

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 Жарлығына сәйкес Ноғайбай ауылдық округінің әкімі Е.Жапарбековтің халық алдындағы есебінен ТЕЗИСТЕР

Ноғайбай ауылдық округінің аумағы 42353 га.

Ноғайбай ауылдық округі бойынша халық саны 2407 адамды құрайды, оның ішінде 1680 адам Ноғайбай ауылында, 502 адам Шарбақты ауылында және 225 адам Сарыбастау ауылында тұрады. Тіркелген кәсіпкерлер саны – 99, оның ішінде шаруа қожалықтар – 77. Экономикалық белсенді тұрғындар саны – 1186, оның ішінде жұмыспен қамтылғаны – 1180, жұмыссыздар – 6. Зейнеткерлер саны – 411.

Жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштер

Жеке және заңды тұлғалардан түскен ауызша және жазбаша өтініштер барлығы – 32, жеке тұлғалардан – 32, заңды тұлғалардан – жоқ, оның ішінде ауызша өтініштер – 5, жазбаша өтініштер – 27. Көтерілген сұрақтардың 29-ы қанағаттандырылып, 3-еуіне түсініктеме берілді.

Жыл бойы ауыл тұрғындарымен 10 жалпы жиын өткізілді.

2016 жылы бюджетке түсетін салықтар мен түсімдер бойынша

2016 жылы ауылдық округ бойынша көлік салығының жоспары –                     2 631 000 теңге, орындалғаны – 2 991 769 теңге немесе 114,4%, жер салығының жоспары – 268 000 теңге, орындалғаны – 290 050 теңге немесе 108%, мүлік салығының жоспары – 123 000, орындалғаны – 187 064 теңге яғни 152%. Елді мекен жерлеріне жеке тұлғалардан – 115 000 теңге, орындалуы – 119240 теңге немесе 103,6%. Жеке кәсіпкерлер салығының жоспары – 1191,0 теңге, орындалуы – 1 131,716 теңгеге немесе 95% орындалды.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасымен Ноғайбай ауылдық округі бойынша 2016 жылы Ноғайбай ауылының Төле би көшесіне 2,044 мың теңгеге жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп, толығымен аяқталды.

Қолма-қол бақылау шоты бойынша

Қолма-қол бақылау шотындағы қаражатты мақсатты пайдалану бағытында жергілікті қауымдастық мүшелерімен бірлесе жұмыс атқарылуда. Қолма-қол бақылау шоты  бойынша 2016 жылы 4,244 мың теңге қаражат түрлі мақсаттарға жұмсалған, оның ішінде:

– 789,0 мың теңге Ноғайбай  ауылы көшелерінің жарықтандыруына;

– 1325,0 мың теңге жобалық-сметалық құжаттар дайындауға жұмсалды.

Көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарына:

– 125,0 мың теңге құрал-саймандар, әк, бояу сатып алуға;

–  80,0 мың теңге күл-қоқыс орындарының дератизациясына;

– 210,0 мың теңге теңге күл-қоқыс шығаруға;

– 420,0 мың теңге күл-қоқыс орындарын тазалауға;

– 590,0 мың теңге мерекелік іс-шараларға;

– 585,0 мың теңге техникалық қызмет көрсетуге;

–  120,0 мың теңге ағаш кесуге жұмсалды.

Абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша

Көктемгі және күзгі екі айлықтарындағы сенбіліктерге 1000 адам қатысты. Барлығы 550 ағаш оталып, 1050 ағаш әктелді, 1000 түп ағаш көшеттері отырғызылып, күтімге алынды. Ауыл көшелері, аулалар,  саябақтар, барлығы 12 мың шаршы метр жер тазаланып, жалпы ұзындығы 16 км арықтар тазаланды. Орталық алаңдағы ескерткіштердің қоршауы және ауылдық округ әкімдігі ғимаратының қоршауы сырланып, ағаш, гүлдер егіліп көгалдандырылды, 8 заңсыз төгілген қоқыс орындары тазаланды, барлығы 58 тонна қоқыс шығарылды.

Көшелерді жарықтандыру

Көшелерді жарықтандыру бойынша техникалық қызмет көрсету және электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін қолма-қол бақылау шотынан қаражат қарастырылып, толық игерілді.

Ноғайбай ауылындағы ауыз су құбыры «Қордай-су» мекемесінің балансында, бүгінгі күнге үш ауылдың тұрғындары ауыз сумен қамтамасыз етілген.

Ауыл шаруашылығы

Қазіргі уақытта ауыл тұрғындарының негізгі табыс көзі – мал шаруашылығы. Бүгінгі күнде жеке меншіктегі мал саны: ірі қара – 3700, ұсақ мал – 52057, жылқы – 1800, үй құстары 6000-ды құрайды.

Ноғайбай ауылдық округі бойынша барлық жер көлемі 42353 га, егістік – 8189 га, жайылым жерлер – 33898  гектар. 2016 жылы 1222 га бидай орылып, өнімділігі гектарынан 24 центнерден, 1293 га арпаның өнімділігі әр гектардан 23 центнерден айналды. Алматы, Тараз қалаларында және Қордай ауданы бойынша өткізілген ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелеріне белсенді түрде қатысты.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік көмектер

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының 2-ші бағыты – кәсіпкерлікті  дамыту бойынша ағымдағы жылы 3 адам 9 млн. теңге несие алды.

Округтегі 3 елді мекенде 2016 жылы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы  14 жұмыссыз азамат ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды.

Есепті жылда 18 жасқа дейінгі балалары бар аз қамтылған 27 отбасындағы 92 балаға 1 649,717 теңгеге жәрдемақы төленді.

«Өрлеу» пилоттық жобасы бойынша 11 отбасы 56 адамға 1 341,5 теңге төленіп берілді. Сонымен қатар, денсаулығы нашар бір адамға 76 356 теңге төленді.

«Мектепке жол» акциясы

«Мектепке жол» акциясында округ бойынша аз қамтылған  және көпбалалы отбасылардағы 14 балаға 200 000 теңгеге қайырымдылық көмек көрсетілді.

Денсаулық сақтау саласы бойынша

Ноғайбай ауылдық округіндегі дәрігерлік амбулаторияда 11 қызметкер жұмыс атқарады. Амбулаторияда 2016 жылы күндізгі стационарда 201 ересек адам, 113 бала емделді. Ауылдық округте жыл бойы 41 нәресте дүниеге келіп, 11 адам қайтыс болды.

Жастар арасында саламатты өмір салтын насихаттау

Ауылдық округ тұрғындарының саны – 2407 адам, оқушылар саны – 378, 14-29 жас аралығындағы жастар саны – 722. Сонымен қатар, ауыл шаруашылық колледжінде оқитын 462 студент жастар бар. Округ  бойынша  жастарға  арналған  демалыс  орны  жоқ,  жасөспірімдер  және  жоғары  сынып  оқушыларына мектепте, студенттер үшін Қордай ауыл шаруашылық колледжінде спорттық іс-шаралары үнемі  ұйымдастырылады.

Округ бойынша әскери міндеттілер саны – 295, әскерге шақырылушылар саны – 38 бала, әскерге шақыру жұмыстарын атқару барысында 14 бала тексеру комиссиясына шақырылып, оның ішінен 10 бала әскер қатарына жіберілді.