Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


Жамбыл облысы әкімімен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының Қордай ауданында орындалуы бойынша ақпарат

Жамбыл облысы әкімімен бекітілген Қазақстан Республикасының             2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы                 іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының Қордай ауданында орындалуы бойынша ақпарат

1 тармақ бойынша:

Қордай ауданы әкімінің ресми сайтында 2015 жылдың                         4 тоқсанында  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл атты арнайы тарау ашылып жұмыс істеуде /http://korday.zhambyl.kz/.

4 тармақ бойынша:

Қордай ауданы әкімі аппаратымен 4 рет «Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы сот органдарына жүгінулер бойынша» мониторинг жүргізілген /2015 жылы 13 шілде; 2016 жылы 15 қаңтар; 2016 жылы 8 шілде; 2017 жылы 10 қаңтар/.

5 тармақ бойынша:

Аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімімен 4 рет жер учаскелерін бекіту кезінде ҚР Жер кодексі талаптарын бұзудың алдын алу мен Заң бұзушылықты анықтауға бағытталған шараларды жүргізу қамтамасыз етілген /2015 жылы 10 маусым; 2015 жылы 23 қазан; 2016 жылы 23 маусым;                2016 жылы 26 желтоқсан/.

6 тармақ бойынша:

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру ісіне қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету мақсатында, комиссия құрамына кәсіподақ ұйымының өкілі енгізілген. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйлер туралы мәлімет «Қордай шамшырағы» газетінде жарияланған /2015 жыл 12 қыркүйек №141-142/.

7 тармақ бойынша:

Қордай ауданындағы мемлекеттік қызметшілерді қолданыстағы заңнама талаптарын оқытуды жүзеге асыру мақсатында 2015 жылдың 1-ші жарты жылдығында – 25, 2015 жылдың 2-ші жарты жылдығында – 15, 2016 жылдың   1-ші жарты жылдығында – 34, 2016 жылдың 2-ші жартыжылдығында-28 мемлекеттік қызметшілер қайта даярлау курстарынан өтті.

9 тармақ бойынша:

Қордай ауданы әкімдігінің аппаратымен және аудан ауылдық округтермен қабылдаған нормативтік-құқықтық актілеріндегі сыбайлас саңылауларын анықтау және жою жөнінде 6 рет мониторинг жүргізілген           /2015 жылы 6 шілде, 2015 жылы 5 қазан, 2016 жылы 6 қаңтар, 2016 жылы 4 сәуір, 2016 жылы 29 маусым, 2016 жылы 5 қазан, 2016 жылы 26 желтоқсан/.

10 тармақ бойынша:

 Қордай ауданы әкімінің ресми сайтында 2015 жылдың қорытындысы және 2016 жылдың қорытындысы сыбайлас жемқорлық сипатта құқық бұзғаны және жемқорлық көріністерінің барлық фактілері жарияланған.

11 тармақ бойынша:

Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азамат ретінде кезекте тұрған азаматтардың тізімі Қордай ауданы әкімінің ресми сайтында «Мемлекеттік қызметтер» тарауында жарияланған.

15 тармақ бойынша:

Ауданда кондоминиум объектілерін басқару органдары тіркелмегендіктен және ауданында кондоминиум объектілері болмағандықтан халық қаражатын жұмсау тәртібі регламенттелмеген.

16 тармақ бойынша:

Жергілікті атқарушы органдардың жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің жұмыс жоспарына енгізілген.

17 тармақ бойынша:

Жастар ұйымдарын тарта отырып және оқу бағдарламаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие мәселелері енгізе отырып, білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру жөніндегі Қордай ауданының ішкі саясат бөлімімен                 іс-шаралар жоспары бекітілген /2016 жылы 26 желтоқсан, 2015 жылы                     28 желтоқсан, 2015 жылы 25 маусым/.

19 тармақ бойынша:

Қордай ауданының әкімдігіне сыбайлас жемқорлық деңгейін бағалауды және рейтингтер беруді жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдар ақпарат сұратылмағандықтан тиісті мәлімет берілмеді.

20 тармақ бойынша:

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның іске асырылуына сыртқы талдау мен бағалауды жүргізу үшін, Қордай аудандық қоғамдық кеңесінің отырысының 2016 жылғы 17 ақпандағы №1 хаттамасына сәйкес, қоғамдық құқықтық тәртіпті сақтау, азаматтардың құқықтарын қоғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жөніндегі комиссиясы құрылған.

21 тармақ бойынша:

Қордай аудандық қоғамдық кеңесінің кезекті отырысында азаматтардың құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер жөніндегі комиссияның баяндамасы мен жергілікті полиция қызметі басшысының баяндамасы тыңдалды.

22 тармақ бойынша:

Қордай ауданы әкімінің ресми сайтында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының жоспары жарияланған.

23 тармақ бойынша:

Қордай ауданы әкімінің ресми сайтында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру жөніндегі жоспарының ауданда орындалуы туралы 2015-2016 жылдардың қорытынды мәліметі жарияланған.

26 тармақ бойынша:

Еуразиялық экономикалық одаққа Қырғыстанның мүше ретінде қосылуына байланысты, жергілікті халықтың кеден маңы қылмыстарына тартылу белсенділігінің себебін анықтауға ұсыныстар енгізілмеген.

27 тармақ бойынша:

Жамбыл облысы Кәсіпкерлік палатасының директорымен бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес, ауданда кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға арналған жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.

28 тармақ бойынша:

Тауаларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді стандарттау аудандық атқарушы органдарының құзыреті қарастырылмаған.

30 тармақ бойынша:

Сауда базарларын заманауи форматқа кезең-кезеңмен көшіру жөнінде ауданда «Усен-Улы», «Бауырхан», «Барыс 2», «Дастай-ата» базарларына паспорттаудан өткізу жұмыстары жүргізілген. Қордай ауданы әкімдігінің 2014 жылдың 30-ші қыркүйекте Қордай ауданында жұмыс істеп тұрған базарларды паспорттаудан өткізу» №494 қаулысымен бекітілді. Аталған базарлар паспорттаудан өту үшін санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысын алды.

31 тармақ бойынша:

2015 жылдың 2-ші тоқсанында ауданда 1250 шаршы метр көлемінде «Флагман» сауда кешені ашылды. Жаңа 50 жұмыс орындар ашылды. Сонымен қатар 350 шаршы метр көлемінде «Шұғыла» сауда кешені ашылды. Жаңа 10 жұмыс орындар ашылды.

33 тармақ бойынша:

Ауданда сауда алаңдарын ұлғайту мақсатында 2015 жылдың 19-ші қаңтарында қол қойылған Меморандумға сәйкес «Усен-Улы» базарында коммуналдық қатарлар ашылып,  арендалық төлемақысы 40 пайызға төмен болды. Сонымен қатар, «Семейный», «Қордай-Сити», «Семейный 2» дүкендерде «Әлеуметтік» бөлімшелер ашылды. «Әлеуметтік» бөлімшелерінде азық-түлік тауарлары көтерме бағасынан 5 пайызғана қосылып сатылады.

34 тармақ бойынша:

Сауда объектілері әкімшіліктерінің мемлекеттік кірістер органдарында дара кәсіпкер ретінде тіркелмеген ресми еңбек қатынатарын рәсімдемеген жалға алушы жеке тұлғаларға алаңдарды беруі бойынша бақылауы атқарушы органдардың құзыретінде қарастырылмаған.

39 тармақ бойынша:

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар бөлінісінде түсетін өтініштерге талдау жүргізу мүмкіндігімен мемлекеттік сатып алу процесіне қатысушылардың шағымдарын қабылдау процесін автоматтандыру және оларды қарау қорытындыларын Қаржыминінің интернет-ресурсында жариялау үшін «электрондық үкімет» және «электрондық мемлекеттік сатып алу» порталдарымен ықпалдастыру бөлігінде ЭҚАБЖ-ны пысықтау жұмысы бойынша өз құзыретіміз шегінде ұсыныстар енгізілмеген.