Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


Аудан әкімі Болатбек Байтөленің аудан тұрғындарын Конституция күнімен құттықауы.

Егемендігіміздің киелі Кітабы

Сәрсенбі күні ауданымызда егеменді еліміздің төл мейрамы – Конституция күні кең көлемде аталып өтіп, аудан әкімі Болатбек Байтөле Қордай жұртшылығын ел тарихында елеулі орын алған мерейлі мерекемен құттықтады.

Кіріспе сөзінде аудан басшысы ең әуелі мемлекетіміздің бірлігін нығайтып, болашаққа нық қадам жасауға, сондай-ақ толағай табыстарға жетуге жол ашқан Ата Заңның мән-маңызына тоқталып, Бас құжаттың Қазақстанның өркендеуіне қосқан зор үлесін тілге тиек етті.

«Егемендігімізді айшықтайтын Ата заң дамуымыздың берік негізі, әрбір Қазақстан азаматының құқығы мен еркіндігінің кепілі. Дамудың даңғыл жолына түсіп, іргелі мемлекетке айналған еліміздің басты байлығы – бұл ұлтаралық келісім мен татулық. Осы ретте Конституциямыздың  алар орны ерекше. Бүгінде ауданымызда әлеуметтік нысандар қайта жаңғыртылып, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңа ғимараттар мен сәулет нысандары бой  көтеруде. Сонымен қатар, үдеме-лі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде де бірқатар инвестициялық жобалар жүзеге асырылып келеді. Осының барлығы еліміздегі тұрақтылық пен бейбітшіліктің арқасы», – деді құттықтау сөзінде Болатбек Байтөле.

Аудан басшысы сонымен қатар, береке-бірлігі жарасқан қордайлықтардың өзіне жүктелген міндеттерді адал атқарып, ауданымыздың дамуына, тұрғындардың әл-ауқатының артуына, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында жүзеге асырылған игі бастамаларды орындауға атсалысып, зор үлес қосып келе жатқанын атап өтті. Жиын барысында аудандық мәслихат хатшысы Руслан Нурсипатов та жерлестеріне игі тілегін жеткізіп, Ата Заңның құндылықтарын тілге тиек ете келе, барша аудан тұрғындарына отбасыларына амандық пен бақ-береке тіледі.

Осылайша елдігіміздің киелі кітабына айналған қастерлі Құжатты ұлықтау салтанатында ауданның дамуына елеулі үлес қосқан бір топ азаматтар марапатталды. Атап айтсақ, «Қазақстан Республикасының Конституциясы күні» мемлекеттік мерекесіне орай Жамбыл облысы әкімінің Алғыс хаты №1 балалар жасөспірімдер спорт мектебінің тоғыз құмалақтан жаттықтырушысы М.Шарапқа тапсырылды. Сондай-ақ, жас ұрпақты отансүйгіштікке, бірегейлік пен ауызбіршілікке тәрбиелеу жолында қосқан үлесі, ауданның қоғамдық өміріне белсене араласқаны үшін «Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қордай аудандық филиалы аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталып, дәл осындай марапат өзіне жүктелген қызметтік міндеттерін адал атқарған С.Чарипбекова, А.Иенберген, Б.Бекқасымға табыс етілді. «Нұр Отан» партиясы Қордай аудандық филиалының Алғыс хатымен Г.Тургумбаева, Э.Дюсенбаева марапатталса, Е.Әден, Б.Абдраимов, Р.Рысқұлова, Д.Жұмабаев, М.Әшіров, Ж.Жармаева, Е.Ақпаев, А.Ганиевтер аудандық мәслихаттың Құрмет грамотасы және Алғыс хаттарымен марапатталды.

Қазақстанның қарышты дамуының негізі – Конституция құрметіне орайластырылған салтанатты мереке Мәдениет үйі өнерпаздарының мерекелік концертіне ұласып, көпшілікке тамаша көңіл-күй сыйлады.


Egov