home
home home

АУДАН ОРТАЛЫҒЫ АЖАРЛАНЫП КЕЛЕДІ

 

Аудан әкімі Рүстем Дәулеттің аудан тұрғындары алдындағы кезекті есеп беру кездесуі Қордай ауылдық округінде жалғасты. №6 негізгі мектеп ғимаратында өткен жиында қордайлықтар межелі мерзімде атқарылған ауқымды жұмыстардың барысын тыңдап, биылғы жылға жоспарланған ілкімді істермен танысты.

Жалпы, өткен жылдың Қордай ауданы үшін жемісті болғаны рас. Аудан тұрғындарының тұрмыс жағдайын жақсартуға қыруар қаржы бөлініп, бұрын-соңды болмаған құрылыс жұмыстары қарқын алды. «Жұмыспен қамтудың жол картасы», «Ауыл – ел бесігі», «Өңірлерді дамыту», «Нұрлы жер» сынды мемлекеттік бағдарламалардың арқасында жүздеген жоба жүзеге асырылып, бірнеше мектеп пен көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы қолға алынды. Сондай-ақ, ауданда жаңа спорт кешендері бой көтеріп, бірқатар ауылдардағы ауыз су жүйесі жөнге келтірілді. Ең бастысы шалғай ауылдарды газдандыру жұмыстары бастау алып, жолдар жөнделіп, жарық шамдары орнатылып, білім және денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер шешімін тапты. Иә, мұның барлығы ауыл жұртшылығының игілігі үшін жүзеге асырылып жатқан дүние.

Осы орайда Қордай ауылында атқарылған нақты жұмыстарға кезек берсек. Ауылдық округ әкімі Б.Сахатовтың айтуынша, былтыр Қордай ауылында «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында 21 жоба жүзеге асыпты. Яғни, 18 көше жөнделіп, 3 жаяу жүргіншілер жолы салынған. Ал, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында тағы 119 нысан қолданысқа беріліп, 88 көше асфальт-талса, 8 көшеге тротуар төселіп, 9 көшеге жарық шамдары орнатылып, оншақты аулаға асфальт төселіп, балаларға арналған ойын алаңшалары орнатылған. Сонымен қатар, Жібек жолы, Домалақ ана көшелерінің бойынан замануи аялдамалар бой көтеріп, жарықтандыру мәселесі бірсыпыра шешілді. Айта кетсек, аудан орталығындағы барлық шамдар заманауи, энергия үнемдейтін шамдарға ауыстырылған. Сонымен қатар, қараңғы көшелерді жарықтандыру жұмыстары да қарқынды жүргізіліп келеді. Мәселен, Өтеген көшесі соңына дейін, Болашақ ықшам ауданына қатынайтын жол мен ондаған өзге көшелер жарықтандырылды. Ал, Жібек жолы көшесінің бойына 300-ден астам екі жақты заманауи жарық шамдары мен бағаналары орнатылды. Бұл әрине, тұрғындардың қамы үшін жасалған тағы бір оң қадам. Алайда, жұмыс мұнымен бітпек емес. Аудан басшысының айтуынша ауылда биыл да дәл осындай қарқынды жұмыстар жүргізіледі. Осы тұста аудан әкімі мен ауыл әкімінің баяндамасына қанық болған қордайлықтар атқарылған іске алғысын жау-дырып, округ әкіміне өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Мысалы, жиын барысында жергілікті тұрғындар ауылдың тазалығына шағым айтып, Цемзауыт ықшам ауданы мен орталықтан өтіп жатқан каналдың ішіндегі күл-қоқыс мәселесін көтерді. Осы ретте аудан басшысы Р.Дәулет ауыл әкімі Б.Сахатовқа тиісті тапсырма беріп, алдағы күндері сенбіліктер ұйымдастырып, ел арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, олқылықтың алдын алуды міндеттеді.

 

Әлібек ОСПАНОВ


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.