home
home home

Ауқымды жұмыс жасалған

 

Осы аптада Отар ауылдық округінің әкімі Сағатбек Тәттібеков округке қарасты елді мекендерге барып, халықпен кездесу өткізді. Жиында ол өткен жылды қорытындылап, атқарылған жұмыстары бойынша Аңырақай және Бел ауылдарының тұрғындары алдында есеп берді.

 

Отар аудандағы ең үлкен округтердің бірі болып табылады. Құрамына Гвардейский қалашығы, Отар, Аңырақай және Бел ауылдары кіреді. Өткен жыл аталмыш округ үшін табысты болды десек қателеспеспіз. Мысалы, былтыр Отар ауылында көптен күткен спорт кешені салынды. Бұл нысан округ жастары үшін үлкен сый болды. Осы уақытқа дейін мұндай мүмкіндіктерге қол жеткізбеген отарлықтардың қуанышында шек жоқ. Сонымен қатар, жер кезегінде тұрған тұрғындар үшінде жыл жемісті бола білді.

Есепті кездесулерді тарқата айтсақ, округ әкімінің алғашқы кездесуі Гвардейский қалашығында болып өтті. Әскери бөлімдерімен аты танылған бұл қалашықта біршама жұмыстар атқарылып, тұрғындарды толғандырған өзекті мәселелер шешімін тапқан сыңайлы. Баяндаманы бастан аяқ мұқият тыңдаған тұрғындар әкімнің бір жыл бойы атқарған жұмысына қанағаттанарлық деген бағасын беріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. Содан кейін темір жолдың бойынан орын тепкен Аңырақай ауылының тұрғындары әкімнің өткен жылы атқарған жұмыстарын тыңдады. Округ әкімі өткен жылда атқарылған ауқымды жұмыстарды баяндап, алдағы уақытқа жоспарланған жұмыстарға тоқталып өтті. Округке қатысты жағымды жаңалықтарды естіген ауыл тұрғындары өздерін мазалап жүрген сауалдарын қойып, жауаптарын ала алды. Сондай-ақ, көгілдір отынның Аңырақай ауылына жететіне қуанған тұрғындар Президентке, облыс және аудан әкімдеріне деген алғыстарын білдірді. Осыдан кейін округ әкімі Сағатбек Тәттібеков Бел ауылына жол тартып, ондағы тұрғындармен де кездесу өткізді. Әкімнің есепті мерзімде атқарған жұмысына Бел ауылының тұрғындары да қанағаттанарлық деген бағасын беріп, алдағы уақытта белгіленген жағымды жоспарлардың орындалуына сәттілік тіледі. Осылайша, биылғы жылдан да көп үміт күтетін отарлықтар әкімнің есебіне қанағаттанарлық деген бағасын берді.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.