Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


Күзербаев Мырзағали Ыстыбайұлы

 

 

         Кузербаев Мырзағали Ыстыбайұлы –1960 жылы 05 қазанда Жамбыл облысы Шу ауданыЕспе станциясында дүниеге келген, ұлты-қазақ, білімі – жоғары, 1982 жылы Қазақтың Қызыл Ту Орденді ауылшаруашылық институтын ғалым агроном мамандығы бойынша, 2005жылы М.Тынышпаев атынағы транспорт және коммуникация академиясын инженер –экономист мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 1982 жылы Жамбыл облыстық өсімдік қорғау станциясында агрономболып бастаған.

1984 жылдың сәуір айынан қыркүйек айы аралығында Красногор аудандық ауылшаруашылық басқармасында аға агроном, 1984-1985 жылдары Красногор аудандық комсомол комитетінде нұсқаушы, 1985-1987 жылдары Жамбыл облыстық комсомол комитетінде нұсқаушы, 1987-1991 жылдары Меркі аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, 1991 жылы Меркі аудандық коммунистік партия комитетінің ұйымдастыру бөлімі меңгерушісінің міндетін атқарушысы, 1991 жылдың тамыз айынан қараша айы аралығында Меркі аудандық социалистік партиясының ұйымдастыру комитетінің хатшысы, 1991-1992 жылдары Меркі аудандық социалистік партиясының хатшысы, 1992-1994 Меркі аудандық ауылшаруашылық кешені кәсіподақ ұйымы төрағасының орынбасары, 1994-1995 жылдары Меркі аудандық мәслихатының кеңесшісі, 1996 жылдары Алматы қаласы «Зенека» фирмасында кеңесші, 1996-1997 жылдары Қордай ауданы әкімі аппаратының басшысы, 1997-1998 жылдары Қордай аудандық өндірістік пайдалану басқармасының бастығы, 1998-2002 жылдары «Қызылғұр» шаруа қожалығында механик инженер, менеджер, 2002-2011 жылдары жеке кәсіпкер, 2011-2012 жылдары Қордай ауданы  әкімі аппаратының кадрлық және мемлекеттік-құқықтық жұмысы бөлімшесінің бас маманы, 2012 жылдары Қордай ауданы әкімі   аппаратының бас инспекторы, 2012 – 2013 жылдары Қордай ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бастығы, 2013 – 2017 жылдары аралығында Қордай ауданы Қарасу ауылдық округінің әкімі, 2017 жылдың шілде айынан қазан айы аралығында Қордай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы бөлімшесі басшысының міндетін атқарушы қызметін атқарған.

2017 жылдың 13 қазанынан Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімі аппараты  басшысының м.а. қызметіне қабылданды.

 

Үйленген, бір қыз, екі ұл тәрбиелеуде.