Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


Есполов Азамат Дабырұлы

     

Есполов Азамат Дабырұлы 1973 жылы 5 шілдеде Жамбыл облысы Қордай ауданы Қайнар ауылында дүниеге келген. Ұлты-қазақ. Білімі – жоғары. 1994 жылы Алматы халық шаруашылығы университетін экономист мамандығы бойынша аяқтаған. Еңбек жолын 1994 жылы Қордай ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінде бас экономист қызметінен бастаған. 1995-1998 жылдары Қордай аудандық қаржы бөлімінде жоспарлау бөлімінің бастығы, бастықтың орынбасары, 1998-1999 жылдары Қордай ауданының бюджеттік мекемелерінің орталықтандырылған бухгалтериясының бастығы, 1999-2000 жылдары Қордай ауданы әкімінің қаржы бөлімінде бастықтың орынбасары, 2001-2005 жылдары Қордай аудандық экономика басқармасының бастығы, 2005-2010 жылдары Қордай аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің меңгерушісі, бастығы. 2010 жылдың тамыз айынан қазан айлары аралығында Алматы қалалық салық басқармасының бас маманы, 2010-2011 жылдары Жамбыл облысы білім басқармасы бастығының орынбасары, 2011 жылдың шілде-тамыз айларында «Жамбыл облысының тауарлы биржа» АҚ вице-президенті, 2011-2012 жылдары Қордай ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі бастығының орынбасары қызметтерін атқарған.

2012 жылдың мамыр айынан 2017 жылдың тамыз айына  дейін Қордай ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы қызметін атқарған.

2017 жылдың тамыз айынан бастап аудан әкімінің орынбасарының қызметін атқаруда.

Үйленген, 4 бала тәрбиелеуде.