Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


Ауыл шаруашылығы бөлімі

Қордай ауданы бойынша ауылшаруашылығы саласындағы      2016 жылы атқарылған жұмыстары туралы

АҚПАРАТ

2016 жылдың  қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы бөлімі келесі  экономикалық даму көрсеткіштеріне қол жеткізді.

Ауыл шаруашылығында өндірілген жалпы өнім 40,6 млрд. теңге,  110,0 %, ол 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда  9,6  пайызға артып отыр. (2015 ж.- 28,5  млрд. теңге, 100,4 %)

Оның ішінде, егін шаруашылығы өнімінің көлемі – 23,1 млрд. теңге, нақты индекс көлемі -111,5 ол 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда         3,4 пайызға артып отыр (2015 ж.-13,9 млрд. теңге, нақты индекс көлемі -108,1), мал шаруашылығы өнімінің көлемі 17,5 млрд. теңге, нақты индекс көлемі – 107,9  құрады. (2015 ж.-14,6 млрд. теңге, нақты индекс көлемі -102,0) ол 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда  5,9  пайызға артып отыр.

2016 жылы ауыл шаруашылығы дақылдары себілген алқап көлемі 110,0 мың гектарды құрап, 2015 жылмен салыстырғанда 0,9 мың гектарға артты. (2015 ж.-109,1мың гектар)

Агроқұрылымдар бойынша себілген  масақты дақылдар көлемі 45755 гектарға жетті, оның ішінде 17188 га күздік бидай, 28567 га жаздық арпа. Масақты дақылдар жоспары  3255  гектарға артық орындалды.  (2015 ж.-42310 гектар)  Бүгінгі күнге агроқұрылымдар бойынша 1 гектардың орташа өнімділігі 23,0 ц/га-дан айналды.(2015 ж.- 17,0 ц/га)

Күзгі дала жұмыстары. Жоспардағы 5730 гектар майлы дақылдар орылып, орташа өнімділігі 6,6 ц/га айналды. Жалпы өнімі 3538 тоннаны құрады. Жоспардағы 2550 га картоптан 62220 тонна өнім жиналып, орташа өнімділігі 244 ц/ға-дан, 3967 га көкөністен 100365 тонна өнім жиналып, орташа өніміділігі 253 ц/га-дан, 427 га бақша өнімдерінен 11016 тонна өнім жиналып, өнімділігі 258 ц/га-дан айналды, 7112 га дәндік жүгеріні орылып 46939 тн өнім алынды, орташа өнімі 66,0 ц/га-н айналды.

Күздік бидай себілетін 17000 га жер өңделіп, 17000 га жерге тұқым себілді. Кажетті 3400 тонна тұқым дайындалып, тұқым зертханасынан тексеруден өткізілді. Элита- 850 тн, 1 репродукция-1870 тн, 3 репродукция -680 тн. Жоспардағы 63160 га сүдігер жердің 53686 га көтерілді.

Масақты және дәнді  дақылдардан  52,7 мың гектар алқапты жинап,2015 жылмен салыстырғанда 9,8 мың гектарға артық,  әр гектардың орташа түсімділігі 23,2 центнерден айналып, барлығы 122,0 мың тонна астық бастырылды. (2015 ж.-  42,9 мың гектар)

Аудан бойынша 44,3  мың  гектар жер шабылып, 2015 жылмен салыстырғанда 1,5 мың гектар жер артық  шабылды. (2015 ж.-42,7 мың га)   253,9 мың  тонна шөп дайындалып жоспар 155,0 % орындалды. Пішендеме (сенаж) – 8700 тонна- (198%), сүрлем  – 5300 тонна (161%), сабан-22000 тонна -129% дайындалды.

Құнарлы жем – 55,3 мың тонна дайындалды, қысқа түскен шартты бірлік мал басына есептегенде 14,9 центнер құнарлы азық құрады.

Су үнемдеу технологиясы: Тамшылатып суғару: Ауданда ағын суды үнемдеу және өнім көлемін арттыруға қол жеткізу мақсатында тамшылатып суғару технологияларының көлемі жылдан жылға артып келеді. 2013 жылы -630,7 гектар, 2014 жылы -1070 гектар,  2015 жылы 1175 гектар болса,  2016 жылы жаңа жоба 1458 гектар тамшылатып суғарылды.

Жаңбырлатып суғару. Суды үнемдеу үшін шаруашылықтар жаңбырлатқыш қондырғыларды 2013 жылдан орнатып,  2016 жылы  барлығы  1243 гектар жер жаңбырлатып суғарылуда.

Аудан бойынша су үнемдеу технологиясымен суғарылған жер көлемі 2701 гектарға жеткізілді.

Қант қызылшасы. Бүгінгі күнде аудандағы 675 гектар қант қызылшасынан 23352 тонна өнім алынып, орташа өнімділігі 333 ц/га айналды. Меркі қант зауытына 23352 тонна қант қызылшасы өткізілді.

Минералды тыңайтқыштар. 2016 жылы ауданның 90 шаруашылығы 2690,4 тонна минералдық тынайтқыштарға  (аммиак селитрасы) – 34000 теңгеден тоннасы келісім шартқа отырып, толығы мен алынды, жалпы сомасы 91,5 млн теңгені құрады және 6 шаруашылық 194,6 тонна аммафос  минералды тыңайтқышын жалпы сомасы 11,5 млн теңгеге алды.

2015 жылы ауданның ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері арзандатылған бағамен 5546 тонна минералдық тыңайтқыштарға тапсырыс беріп,  алынғаны  3948 тоннасы  (70,4%).

Техника бойынша: 2016 жылы ауыл шаруашылығын жаңа техникалармен жарақтау мақсатында аудан бойынша барлығы 314,0 млн. теңгеге 44 дана жаңа техникалар алынды. Оның ішінде 4 дана техника жалпы құны 43,3 млн теңге «ҚазАгроқаржы» АҚ арқылы лизинг бойынша.

2015 жылы шаруашылықтар 615,2 млн. теңгеге 95 дана жаңа ауыл шаруашылығы техникаларын алды. Оның 38 данасы 416,3 млн.теңгеге  «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы лизингке алынды.

Жанар-жағар май: 2016 жылы 3600 тонна дизель отыны бөлінді. Агроқұрылымдарға 2360,4 тоннасы «Элемир» ЖШС арқылы берілді. Дизель отынының бағасы 1 литрі – 90 теңгеден. Жалпы сомасы –212,4 млн. теңгені құрап отыр.

2015 жылдың  көктемгі дала жұмыстарына жеңілдетілген бағамен 1340 тонна жанармай  бөлінсе, күзгі дала жұмыстарына 2210 тонна  жанармайбөлініп, оны оператор «Элемир» ЖШС арқылы шаруашылықтардың  тапсырыстарына сәйкес  1 литрі 81 теңгеден  берілді. Барлық бөлінгені 3550 тонна, алынғаны 544 тонна (-3006 тонна) 15,3 %-ы алынған.

Агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау туралы:2016  жылы  ауыл шаруашылығы саласы бойынша – 2615,0млн теңге субсидия төленді.                                                                                                                                      Егін шаруашылығында – 350,5 млн.теңге,оның ішінде: дақылдар еккені үшін – 205,4 млн теңге,  2885 тонна минералды тыңайтқыштарға – 103,0 млн теңге, дәндік жүгері мен қант қызылшасының тұқымын сатып алғаны үшін  29,8 млн. теңге, гербицид алғаны үшін  – 12,3 млн теңге.

Мал шаруашылығында2264,5 млн.теңге субсидия төленді, оның ішінде: асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға – 879,7 млн теңге және мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруға – 1384,8 млн теңге.

Мал шаруашылығы бойынша: 2017 жылдың 1 қаңтарына төрт түлік мал басы орындалып өткен жылмен салыстырғанда  артып отыр, мүйізді ірі қара – 53,6 мың бас,  2016 жылдың осы кезеңімен (51,8 мың бас) салыстырғанда 1,8 мың басқа артты немесе 3,5 %; Жылқы –  15,6 мың бас, немесе 0,5 % артты;  Қой мен ешкі-372,1 мың бас,1,0 % артты;  Шошқа-2,0 мың бас немесе 91,5%.

Ауданда негізгі ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі артып келеді. 2017 жылдың 1қаңтар айына 16,9 мың тонна ет (тірідей салмақта) өндіріліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,9 мың тоннаға, немесе 13,1 % артса, 58,3 мың тонна сүт  100 %, 0,8 мың тонна жүн өндіріліп, 2,1%-ға артты.

«Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» бағдарламасы аясында 2016 жылы 256,8 тонна сиыр еті Қырғызстан мемлекетіне экспортқа шығарылды. Етті экспорттаушылар «Kaz Meat Kordai» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – 126,8 тонна, «Медет» шаруа қожалығы – 130 тонна.

Ауыл тұрғындарының жеке қосалқы шаруашылықтарындағы мал бордақылау алаңдарынан басқа ірі шаруашылықтарда 9 мал бордақылау алаңы жұмыс істейді: сиымдылығы 11,4 мың бас ірі қара мал бордақылануға арналған және Ноғайбай ауылдық округінде «Баур Бек» шаруа қожалығы – 2000 бас  және Қордай ауылдық округінде «Бай Нур» шаруа қожалығы – 2000 бас қой бордақылау алаңдары жұмыс істейді.

Асыл тұқымды ірі қара малын сату бағытында «Бай-Нұр» шаруа қожалығы және «Қақпатас-Қордай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі  репродукторлы шаруашылық ретінде шет елден әкелген және отандық асыл тұқымды мал тұқымдарын Республикалық палатаға тіркеп, оларды көбейту және сатумен айналысады. Ағымдағы жылы «Али» және «Медет» шаруа қожалықтары асыл тұқымды малдарын Республикалық палатаға тіркеп,  репродуктор шаруашылық ретінде құрылды. Барлығы аудан бойынша                 4 репродуктор шаруашылық бар.

«Агробизнес–2020» бағдарламасын жүзеге асыруға және агроөнеркәсіп кешені өнімінің экспорттық әлеуетін дамытуға белсенді түрде жүзеге асуда.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша: Ағымдағы жылы жоспар 90 бас аналық сиыр болса, осы бағдарлама бойынша аналық сиыр  алуға  1 шаруашылық 93 бас сатып алды. Жоспардың орындалуы – 103,3%.                          (2015 ж.- 84,3%)

«Алтын асық» бағдарламасы бойынша жоспар: қой – 2500 бас болса  9 жоба бойынша 62,9 млн.теңгеге 2668 бас қой сатып алынды, немесе жоспардың орындалуы – 106,7%. (2015 ж.-143,6 %)

«Құлан» бағдарламасы бойынша жоспар: жылқы – 220 бас. Барлығы: (5 жоба бойынша) 66,1 млн.теңгеге 262 бас жылқы сатып алынды, немесе жоспардың орындалуы –119,1%.(2015 ж.- 100%)

  Жайылымдарды суландыру бағдарламасы бойынша жоспар:4 құдық қазу, жоспардың орындалуы – 100%.

Инвестиция:2017 жылы аудан бойынша 2,7 млрд. теңгеге   инвестициялық жобалар іске асырылды. Оның ішінде ірі жобалар: Масаншы ауылдық округінде «Грин Вилл» ЖШС-і «Банк Центр Кредит» арқылы. Биылғы жылы қосымша 2 типтік үлгідегі көлемі 2 га өндірістік жылыжайды іске қосып, әр қайсысының жобаның құны-1018,5 млн. тенгені құрады.

Қақпатас ауылдық округінде «Қақпатас-Қордай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 799 млн. теңгеге сүт-тауарлы фермасын қайта жарақтандыру арқылы 600 бас  сауын сиырларға арналған Швеция мемлекетінің «Деловал» фирмасымен келісімге отырып, заманауи жаңа қуатты сауын қондырғыларын өндіріске енгізді. Алдағы уақытта, шаруашылықтағы асыл тұқымды сауын сиырлар санын 600 басқа жеткізу жоспарлануда.

Ноғайбай ауылдық округінде «Медет» шаруа қожалығы әрқайсысы        500 бас асыл тұқымды аналық мүйізді ірі қара малына арналған 2 репродуктор шаруашылықтың құрылысын ағымдағы жыл басында басталып (2016 жылы),  іске қосылды.  Жоба құны – 718,8 млн. теңге.

Кооперация туралы: Ауданда пилоттық жобаменҚаракемер ауылдық округінде  «Бозбесік» кооперативі құрылып, мүшелікке 31 адам қабылданды. БасшысыА. Үсенқұлов,  Әділет басқармасынан тіркеуден өткеннен кейін, 80 млн.тг көлемінде несие алып, жұмыстарын жандандыруда.

Қарасу ауылдық округінен Б.Мамытбековтың басшылығымен «Қарасу-Өтеген» кооперативі құрылып, мүшелікке 24 адам қабылданды.БасшысыБ.Мамытбеков, Әділет басқармасынан тіркеуден өткеннен кейін 98 млн.тг. көлемінде несие алды.

  «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша:

2016 жылы аудан әкімдігінің қаулысымен республикалық трансферттен 187 маманға әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілді, бөлінген қаржы              73 260,0 мың теңге толығымен игерілді.

172 маманға әрқайсысына 70-төменгі есептік көрсеткіш көлемінде 25 537,0 мың теңге (бір маманға 148,47 мың тенге) көтерме жәрдем ақы (білім саласы-121 маманға; денсаулық – 42 маманға; мәдениет – 1 маманға; спорт – 4 маманға; АПК -4 маманға) берілді;

15 маманға 1500-төменгі есептік көрсеткіш көлемінде несиеге тұрғын үй сатып алуға 47 723,0 мың теңге қаражат бөлініп (бір мамаға 3 181,5 мың теңге) мамандар тұрғын үй сатып алды (білім саласы-10 маман; денсаулық саласы-3 маман; АПК-2 маман).

2015 жылы аудан әкімдігінің қаулысымен республикалық трансферттен 179 маманға әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілді, бөлінген қаржы көлемі 65281,0 мың теңгені құрады. Оның ішінде: бір жолғы көтерме төлемақы беруге республикалық бюджеттен 165 маманға 23659,0 мың теңге (бір мамаға 138,74 мың теңге), тұрғын үй сатып алуға 14 маманға 41622,0 мың теңге (бір мамаға 2973,0 мың теңге) бтөленді.