Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


Бөлім басшысы

Ибраимов Мурат Османжанович 1972 жылы 1 қаңтарда Жамбыл облысы Қордай ауданы Сарыбұлақ ауылында  дүниеге келген.

Білімі жоғары. 1995 жылы Алматы зоотехникалық малдәрігерлік институтын зооинженер  мамандығы бойынша  бітірген.

Еңбек жолын 1995 жылы Сарыбұлақ совхозының мал шаруашылығы цехында жұмысшы болып бастаған.

1996-1998 жылдары Қақпатас акционерлік қоғамының ветеринарлық санитары, 1998-1999 жылдары Қордай ауданы әкімдігінің мәдениет бөлімінің бас маманы, 1999-2006 жылдары Қордай ауданы әкімдігінің ішкі саясат, ауылшаруашылығы бөлімдерінің бас маманы, 2006-2010 жылдары Қордай ауданы әкімі аппаратының бас инспекторы, 2010-2016 жылдары Сарыбұлақ ауылдық округінің әкімі  қызметтерін атқарған.    2016 жылғы 3 қазанынан  бастап Қордай ауданы әкімі аппаратының басшысы  болып жұмыс атқарды. 2017 жылдың 3 қазанфнан аудан әкімдігінің ауылшаруашылық бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды.

Үйленген, 3 қыз тәрбиелеуде.