Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


Дене шынықтыру және спорт бөлімі

Қордай ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің

2017 жылдың 9 айдың атқарылған жұмысы туралы мәлімет

 

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауының дені сау ұлт бәсекелестікке қабілетті, халық денсаулығын жақсартудың кілті – саламатты өмір салтын ұстану, азаматтарды дене шынықтырумен шұғылдануға шақыру деген болатын.

Ауданымызда  1 орталық стадион, 1 спорт кешені (жеке меншік),             49 спорт алаңшалары,  2 бассейн, 52 спорт зал, оның 49-і мектепте,           9 ауылдық округте (Қордай ауылында-4, Масаншы ауылында – 2, Сортөбе ауылында – 2, Ноғайбай ауылында – 1, Сарыбұлақ ауылында – 1, Бетқайнар ауылында – 1, Отар ауылында – 1, Аухатты ауылында – 2, Қаракемер ауылында – 1)15 кіші футбол алаңдары бар

Аудан әкімдігінің  дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты     №1 және №2 – ші  балалар-жасөспірімдер спорт мектебі бар.

№1 спорт мектебінде спорттың 9 түрінен  56  топта 642 оқушы спортпен шұғылданады. Жаттықтырушылар саны – 20.

№2 спорт мектебінде спорттың 6 түрінен 42 топта 669 оқушы спортпен шұғылданады. Жаттықтырушылар саны – 16.

Аудан бойынша білім беретін мектептерде жалпы дене шынықтыру мұғалімдер саны – 167.

Білім бөліміне қарасты 4 балалар жасөспірімдер шығармашылық орталықтары бар. Спорт түрлері бойынша 829 оқушы спортпен шұғылданады.

2017 жылы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ауданнан                  1 дәрежелі разряд – 103, 2 дәрежелі – 142, 3 дәрежелі – 124 және спорт шеберіне үміткер – 32 спортшыға берілді. . Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда  38  спортшыға арттып отыр.

Қазақстан Республикасы дамуының Стратегиялық жоспарында Елбасы 2020 жылға дейін республикамызда дене шнықтырумен шұғылданатын халықтың пайыздық көрсеткіші 30% жеткізуді нақты тапсырма берілген болатын.

Ауданда бұқаралық спорт түрлерін дамыту және дене тәрбиесімен шұғылданатын тұрғындар санын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында, 9 айдың қорытындысы бойынша ауданда  223  спорттық іс-шара өткізіліп, жүйелі түрде шұғылданушылар саны40728 адам немесе 28,6 пайызды құрайды. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 3261 адамға артып отыр.

Мектеп жасындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде және клубында дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын жасөспірімдерді саны 3317 бала немесе 11,5 пайызды құрайды.

Сонымен қатар, Жастар ресурстық орталығына қарасты 6 ауылдық округте  спорттың 3 түрінен (шахмат, дойбы, үстел теннисі) 6 аула клубтары жұмыс істейді.

Ауданда тұрғындарды бұқаралық спортқа тарту мақсатында              19 ауылдық округ бойынша спорт нұсқаушы әдіскер штатты ашылып, спорт нұсқаушы әдіскерлері штатты «Жастар ресрустық орталығына» КММ берілді. Негізгі спорт нұсқаушы әдіскерлердің атқаратын жұмыстары мен бағыты спорттық іс-шаралар өткізу арқылы ауылдық жерлерде ұлттық және бұқаралық спорт түрлеріне деген қызығушылықты арттырып, насихаттау болып табылады. Жоспарға сай ауылдық жерлерде 171 спорттық іс-шара өткізіліп, 20520 адам қамтылды.

2017 жылы мамыр айында демеушінің көмегімен 9 түрінен көше жаттықтырғыштары  Қордай ауылы орталық саябағында орнатылып, қазіргі таңда аудан тұрғындары жүйелі түрде шұғылдануда.

Қордай ауылында 320 көрерменге арналған  дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне облыстық бюджетен 438 101,0 мың теңге қаржы бөлініп, 2017 жылдың наурыз айынан бастап құрылыс жұмыстары жүргізілуде Құрылыстын аяқталу мерзімі – 2018 жылдың наурыз айы. (бас мердігер: «ПСК Алибек» ЖШС).

Аудан тұрғындарының бос уақыттарын тиімді өткізу және бұқаралық спортпен шұғылданушыларға жалпы білім беретін мектептердің спорт залдары кешкі мезгілде қолжетімді, спортпен шұғылданушыларға мүмкіндік жасалып, аудандық «Қордай шамшырағы» газетінің бетіне қолжетімділік бойынша кестелері жарияланды.

2017 жылы жергілікті бюджет есебінен ауданда бұқаралық спортты дамытуға  бөлінген қаржы 16677,0 мың тенгені құрайды.

Аудан тұрғындарын бұқаралық спортқа тарту және бұқаралық  спортты дамыту мақсатында бөлім жоспарға сай жұмыстар атқарып келеді.

2017 жылдың 6 қаңтарынан бастап білім бөлімімен бірлесіп, баскетбол, волейбол және кіші футболдан «Мектеп лигасы» ойындары ұйымдастырылды. І кезең ауылдық іріктеуден аудан бойынша 4136 оқушы қатысып, аудандық ІІ кезеңге           939 оқушы жолдама алып облыстық жарысқа іріктеу жүргізілді. Нәтижесінде 156 оқушы облыстық іріктеуге жолдама алып, 8-9 наурыз аралығында облыстық ІІІ кезең іріктеу жарысына қатысты. (Жүлделі болған командалар – №26 орта мектеп баскетболдан қыздар арасында 1 орынға иеленді, №16 орта мектеп ұлдар арасында 2 орынды иеленді, волейболдан №31 орта мектептен ұлдар мен қыздар командасы 3 орынды иеленді. Кіші футболдан №9 орта мектеп ұлдар арасында 2 орынға иеленді)

Қаңтар айының 29 күні Ноғайбай ауылында  «Діни экстремизмге және терроризмге қарсы!» ұранымен кіші футболдан аудандық турнир өтті.

28-29 қаңтар күндері аралығында Алматы қаласында өтетін қысқы Универсиада 2017 ашылуына байланысты 19 ауылдық округте волейболдан жарыстар ұйымдастырылып өтті.

Ақпан айында Қордай ауылы №4 орта мектебінің спорт залында аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бірлесіп мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында шахмат және дойбыдан турнир өткізілді

11 ақпан күні Кеңес Одағы Әскерлерінің Ауған жерінен шығарылуының 28 жылдығына орай ұлттық спорт түрі тоғызқұмалақтан және волейболдан  аудандық турнир өткізілді.

7 – 10 наурыз күндері аралығында 19 ауылдық округтерде  8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай үстел теннисі және ләңгі тебуден турнирлер өтті.

18 наурыз күні Ардагерлер ұйымының құрылғанына 30 жыл толуына байланысты және ҰОС жеңісінің 72 жылдығына орай арадагерлер арасында спорттың 6 түрінен (тоғызқұмалақ, бильярд, үстел теннисі, дойбы, шахмат және асық атудан) аудандық спартакиада өткізілді.

22 наурыз күні Қордай ауылында Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай орталық алаңда тоғызқұмалақ, қазақ күресі, шахмат, дойбы, гір көтеру, арқан тарту, асық ату ойындарынан жарыс өткізілді.

2 сәуір күні №4 орта мектепте «Кекушинкай» каратэ-до-дан жасөспірімдер арасында «Барыс» Клубының Кубогына арналған Қордай ауданының ашық турнирі өтті. Турнирге Қырғызстан, Қарағанды, Алматы, Жезқазған, Тараз қалаларынан және Мерке, Қордай аудандарынан қатысты. Жалпы командалық есепте Қордай ауданы командасы 1 орынды иеленді.

5 сәуір күні Гвардейск қалашығында самбо күресінен «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесінің өтуіне орай, жасөспірімдер арасында Қордай аудандық турнирі өтті.

7 сәуір Дүниежүзлік денсаулық күніне орай, аудандық орталық ауруханасымен бірлесіп орталық стадионда спортты 7 түрінен             (таңғы жаттығу, жүгіру, кіші футбол, дартс ату, орта доп, ұзындыққа секіру және секіртпеденсекіруден) жарыстар өткізілді.

14 сәуір «Жастар – терроризм мен экстремизмге қарсы» ұранымен Қордай ауданыңдағы техикалық және кәсіптік білім мекемелерінің студенттері арасында спорттың 6 түрінен (кіші футбол, волейбол, үстел теннисі, қол күресі, асық ату, жеңіл атлетика) 1 кезең аудандық спартакиадасы өтті.

15 сәуір «Қазақстан болашағы – Ұлт денсаулығы» атты ұранымен аула ойындарының спорттың 5 түрінен (қалашық, лянга тебу, асық ату, орта доп, секіртпеден секіру) ІІ кезең аудандық спорттық фестивалі өтті

15 сәуір «Салауатты өмір салты» ұранымен көше ойындарынан спорттың 8 түрінен (стритворкаут, қол күресі, мас-рестлинг, армлифтинг, народный жим, гир көтеру, арқан тарту, стритбол) ІІ кезең Қордай ауданының чемпионаты өтті.

19 сәуір Қазақстан Республикасы Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне Қордай ауданының ІІ кезең іріктеу кезеңі өтті. Жарысқа абсолюттік салмақ дәрежеі бойынша арасында  26 балуан  қатысты.

Жүлделі орынға ие болған балуандар медаль, кубок, диплом және аудандық қазақ күресі федерациясынан қаржылай сертификатпен марапатталды.

1 мамыр –Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған дойбы, асық ату және қол күресінен спорттық ойындар өтті.

7 мамыр –Отан қорғаушылар күніне арналған кіші футболдан аудандық турнир өтті

7 мамыр Жеңіс күніне арналған еркін күрестен (2002-2003, 2004-2006 ж.т) жасөспірімдер арасында Қордай ауданының ашық турнирі өтті.

9 мамыр –Жеңіс күніне орай шахмат және тоғызқұмалақ спорттық ойындар өтті.

9-11 мамыр аралығында Самбо күресінен (2005-2006, 2007-2008 ж.т) жасөспірімдер арасында «ЭКСПО 2017» халықарлық көрмесіне арналған Қордай ауданының ашық турнирі өтті.

12-16 мамыр аралығында бокстан 2001-2002 ж.т жасөспірімдер арасында  С.Қонақбаев және Ю.Цхайдың жүлдесі үшін ХІІ дәстүрлі халықаралық турнирі өтті. Шет елден келген командалар: Қырғызстан , Таджикистан, Өзбекстан  және Ресей. Қатысушылар саны: 171 спортшы.

17-20 мамыр аралығында Қ. Молдасейітовы еске алуға арналған бокстан (2003-2004, 2005-2006 ж.т) жасөспірімдер арасында Қордай ауданының ашық турнирі өтті.

23-26 мамыр аралығында мекемелер және мемлекеттік қызметкерлер арасында  Қазақстан Республикасы Президенті – Елбасының президенттік көпсайыс тесті өтті.

1 маусым күні Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай асық ату және дойбыдан спорттық ойындар өтті.

4 маусым күні Қазақстан Респубикасы Мемлекеттік Рәміздерінің        25 жылдығына орай, шахматтан аудандық турнир өтті.

10 маусым күні Профсоюз және Медицина қызметкерлері күні мерекесіне орай, медицина кызметкерлер арасында арқан тарту, асық ату, секіртпеден секіру және қол күресінен спорттық ойындар өтті.

25 маусым  күні «Олимпиада күні» және «Мемлекеттік қызметшілер күні» мерекесіне арналған кіші футболдан аудандық турнир өтті.

24 маусым және 6 шілде аралығында «Ақ бидай» республикалық         VI ауыл спорты ойындарына Жамбыл облысы Қордай ауданының іріктеу жарыстарының (ат спорты, тоғызқұмалақ, қазақ күресі, қол күресі, гір тасын көтеру, кіші футбол, волейбол, президенттік көпсайыс) ІІ кезеңі өткізілді.

6 шілде күні аудандық ат спорты федерациясымен бірлесіп, «Астана күні» мерекесіне арналған және «Ақ бидай» республикалық VI ауыл спорты ойындарына Жамбыл облысы Қордай ауданының ат спорт түрінен  бәйге және көкпардан ІІ кезең іріктеу турнирі өтті. Жалпы турнирге Еңбек, Шарбақты, Партизан, Сарыбұлақ және Қордай командалары қатысты.

19 тамыз күні орталық стадионда «Спорт күні» мерекесіне арналған асық ату, тоғызқұмалақ, шахмат,дойбы,үстел теннисі,қол күресі,волейбол және кіші футбодан аудандық жарыстар өткізіліп, спорт саласында жетістіктерге жеткен спортшылар мен жаттықтырушыларға аудан әкімі, мәслихат хатшысы және «Нұр Отан» партиясының алғыс хатымен марапатталды.

29 тамыз күні Қазақстан Республикасының Конституция мерекесіне орай кіші футболдан аудандық турнир және ауылдық округтерде дойбыдан турнир өткізілді.

9 қыркүйек күні «Денсаулық фестиальі» күніне арналған жүгірден жаппай марафон өткізілді.

13 қыркүйек күні Қордай аудандық прокуратурамен бірлесіп, «Жүректен жүреке» атты акция аясында мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында спорттық ойындар өткізіліді. Спорттық ойындарда жеңімпаз болған азаматтарға аудандық прокуротураның арнайы дайындалған ақшалай және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

21 қыркүйек күні 1 қазан – «Халықаралық қаттар күні» мерекесіне орай, ауылдық округтерде және аудан орталығында ардагерлер арасында спорттық ойындар өтті

24  қыркүйек күні Сарыбұлақ ауылы №31 орта мектебінде қазақ күресінен «Жас Барыс» республикалық турниріне Жамбыл облысы Қордай ауданының ІІ кезең іріктеу жарысы өтті. Қатысқан пауландар саны – 78.

8 қазан күні Қордай ауылы №3 орта мектебінің кіші футбол алаңында «Біз діни экстремизм мен терроризмге қарсымыз» атты ұранымен кіші футболдан аудандық күзгі турнирдің І кезеңі өтті. Командалар саны – 10.

Өткізілген жалпы жарыс қорытындылары бойынша жеңімпаз атанған спортшылармен командалар аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің  арнайы дипломдары, кубок, сыйлықтары және спорт түрлерінен аудандық федерациясы және  демеушілер тарапынан  қаржылай марапатталып отырды.

Қордай ауданының жетістіктері: .

20-24 қаңтар аралығында Тараз қаласында тоғызқұмалақтан ересектер арасында Жамбыл облысының ашық Кубогінде Қордай ауданы жалпы командалық есепте  ІІ-ші орынға ие болды.

5 сәуір күні Тараз қаласында өткен Ардагерлер ұйымының құрылғанына 30 жыл толуына байланысты және Ұлы Отан Соғысы жеңісінің 72 жылдығына орай арадагерлер арасында облыстық спартакиадасынан (асық атудан Мадышев Тынышбек 1 орынды иеленсе, дойбыдан – Биғазиева Айсұлу 1 орынды иеленіп) Қордай ауданы  жалпы командалық есепте ІІ-ші орынға қол жеткізді.

3-4 мамыр аралығында Тараз қаласында өткен ІІІ кезең облыстық фестивальға аула ойындарынан Қордай ауданы жалпы командалық есепте  ІІ-ші орынға ие болды.

7-9 мамыр аралығында Жамбыл ауданында өткен Жамбыл облысының чемпионатында  ұлттық ат спортынан көкпардан, теңге алудан Қордай ауданы командалық есепте ІІ-ші орынға ие болды.

10-11 мамыр аралығында  Тараз қаласында өткен ІІІ кезең облыстық чемпионатына көше ойындарынан Қордай ауданы 16-21 жас аралығында командалық есепте І-ші орын алды.

3-5 маусым аралығында Тараз қаласында өткен тірек-қимыл аппараты зақымданған және көру қабілеті төмен мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында Қазақстан Республикасының 5–ші Спартакиадасына Жамбыл облысының іріктеу жарысында тоғызқұмалақтан Ноғайбай ауылынан  азаматты Шамил Ришат І-ші орын алды.

5-11 маусым аралығында Қырғызстан Републикасы Иссык көл облысы Чолпон ата қаласында өткен Азия чемпионатында қол күресінен Наджапкулов Магамедали ІІ-ші орын алды.

6-9 шілде аралығында Үндістанның Бхубанешвар қаласында өткен жеңіл атлетикадан XXII Азия чемпионатында Голендова Светлана         4х100 метр эстафеталық жүгіруден  І-ші орын алды

7-9 қыркүйек аралығына Тараз қаласында өткен «Біз нашақорлыққа қарсымыз, біз салауатты өмір салтын қолдаймыз»  атты ұранымен Президенттік көпсайыс тестіне Жамбыл облысының чемпионатында Қордай ауданы жалпы командалық есепте ІІ-ші орын алды.

4-5 қазан аралығында Тараз қаласында өткен «Біз нашақорлыққа қарсымыз, біз салауатты өмір салтын таңдаймыз» атты ұранымен жастар арасында роликті конькимен Жамбыл облысының фестивальінде Қордай ауданы командалық есепте ІІ-ші орынға ие болды.

Бөлімнің жылдық жоспарына сай атаулы және мереке күндеріне арналған спорттық іс-шаралар жоспарға сай ұйымдастырылып өтетін болады.