Жамбыл облысыҚордай ауданыАуданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы


Ереже

Жамбыл облысы

Қордай ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 27 ақпандағы
№ 45 қаулысымен бекітілген

 

«Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ

  1. Жалпы ережелер
  2. «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бұқаралық дене шынықтыру мен спортты, сондай-ақ бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу, спорт жетістіктерін дамыту саласында (салаларында) басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  3. «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
  4. «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  5. «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
    5. «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  6. «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық – құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  7. «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада берілген тәртіппен «Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  8. «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі: 080400, Қазақстан Республиасы, Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы, Төле би көшесі, №106.
    10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
    11. Осы Ереже «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
  10. «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
  11. «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйымсалынады.

Егер «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

  1. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
    Бұқаралық дене шынықтыру мен спортты, сондай-ақ осы салада  нәтижелерге жетуді дамыту бойынша бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу,  спорт жетістіктерін дамыту болып табылады.
  2. Міндеттері:

1) дене шынықтыру және спорт саласында біріңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

2) дене шынықтыру және спортты дамыту жөнінде мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша ведомствоға қарасты ұйымдардың қызметін үйлестіру, саладағы мәселелерді шешуге қатысты мәселелер бойынша өзара әрекет жасау болып табылады.

  1. Функциялары:

1) дене шынықтыру және спортты дамыту бойынша мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асырады;

2) спорттың әр түрi бойынша аудандық жарыстар өткiзедi;

3) спорттың әр түрi бойынша аудандық құрама командаларды дайындау мен олардың республикалық және халықаралық спорт жарыстарында өнер көрсетуiн қамтамасыз етедi;

4) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қолдайды;

5) мынадай спорттық разрядтар мен санаттарды бередi: екiншi және үшiншi разрядтар, бірiншi, екiншi және үшiнші жасөспiрiмдік разрядтар, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi спорттық разрядтары мен санаттары;

6) аудандық спорттық-бұқаралық iс-шаралардың күнтiзбелiк жоспарын әзiрлейдi, бекiтедi және iскеасырады;

7) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;

8) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында спорт шараларын ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi;

9) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк бойынша дене шынықтыру мен спортты дамыту туралы мәлiметтердi талдап, дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi органға табыс етедi;

10) Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының, аймақты дамыту бағдарламасы бөлімдерінің негізінде Жамбыл облысында Қордай ауданында дене шынықтыру мен спортты дамыту бойынша стратегиялық құжаттарды әзірлейді, сондай-ақ олардың мониторингін қамтамасыз етеді;
11) «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзырына енетін мәселелер бойынша аудан әкімінің, әкімдіктің және жетекшілік жасайтын лауазымды тұлғаның тапсырмаларын іске асыру бойынша іс-шараларды жүзеге асырады;

12) дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органмен және мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады;

13) қолданыстағы заңнамаға сәйкес дене шынықтыру және спорт саласында халықаралық, аймақаралық байланыстарды жүзеге асырады;

14) ауданның бұқаралық-спорттық іс-шараларын өткізуді қамтамасыз етеді және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұрғындардың басым бөлігін дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тарту бойынша ақпараттық-насихаттау жұмыстарын жүргізеді;

15) ішкі бақылау қызметінің жұмысын ұйымдастырады;

16) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзгеде өкілеттіктерді жүзегеасырады.

  1. Құқықтарыменміндеттері:

құқықтары:
1) өзінің функцияларын орындау үшін мемлекеттік органдардан, басқа ұйымдардан қажетті ақпараттар алу және сұрау;

2) «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомствосына қарасты мекемелерді құру, қайта құру және тарату жөніндегі ұсынысты енгізу;

3) өзінің құзыры шегінде ведомствоға қарасты мекемелердің барлық басшыларының орындауы үшін міндетті бұйрықтарды және басқа да актілерді шығару;
4) Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігіне (әкіміне) Жамбыл облысы Қордай ауданындағы дене шынықтыру және спортты дамытудың негізгі бағыттары жөнінде және оны жетілдіру туралы ұсыныстар енгізу;

5) өз құзыры шегінде дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша Республиканың заңдарын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды дайындауға қатысу;

6) «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарауындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар мен коммерциялық емес ұйымдарға мемлекеттік басқару органы ретінде шығу;

7) өз құзыры шегінде конкурстар өткізудің бірегей ұйымдастырушысы анықталған жағдайда жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мекемелерден ашық конкурстарды өткізу үшін ақпараттар мен құжаттарға (тапсырысқа, сатыпалу жоспарына және т.б.) ресми сұрау салу.

міндеттері:
1) «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі дене шынықтыру және спортты дамыту саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізуге, сондай-ақ жоғары тұрған мемлекеттік органдардың және лауазымды тұлғалардың тапсырмаларын орындауға міндетті;

2) «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де міндеттер жүктелуі мүмкін.

  1. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
  2. «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде басшылықты «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
  3. «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
    20. «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары жоқ.
  4. «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
    1) «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
    2) барлық органдарда «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүддесін қорғайды;
    3) басшы лауазымдардағы қызметкерлердің құзыретін белгілейді;

4) келісім-шарттар жасайды;

5) сенімхаттар береді;

6)банкіде есепшоттар ашады, іс бойынша келісім жасайды;

7) барлық қызметкерлерге міндетті болып табылатын бұйрықтар шығарады және тапсырмалар береді;

8) «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан шығарады;

9) қызметкерлерді және жазалау шараларын қолдайды;

10) «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді;

11) заңда белгіленген тәртіппен бағынысындағы мекемелердің (кәсіпорындардың) кұрылымы меншекті штаттық санын бекітеді;

12) заңда белгіленген тәртіппен бағынысындағы мемлекеттік мекемелердің басшыларын, мемлекеттік кәсіпорындар басшысының орынбасарларын мемлекеттік кәсіпорын басшысының ұсынуы бойынша қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

13) спорт түрлерінен облыстық федерация съездеріне (конференцияларына, жиналыстарына) қатысады.

«Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

14) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзгеде өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  1. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

 

  1. Мемлекеттік органның мүлкі

 

  1. «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

«Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзгеде көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

  1. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

  1. «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі

 

  1. «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің «№1 Балалар –жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  2. «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің « №2 Балалар –жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.